Құрметті, жас түлектер!

Асыл сөз /
Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Бүгін, міне, сіздер үшін мектеп кезімен, балалықпен қоштасудың соңғы сәті. Енді сіздер елдің арқа сүйер азаматысыңдар. Алтын ұядан ұшқаныңды ойлағанда зор жауапкершілік жүгінің артылғанын сезетінің ақиқат. Ол таңдаған мамандығыңды меңгеру жолында талмай талпыну. Алда үлкен сын, күдігімен үміті сенімі мол, құштарлығы басым қызық та, қиын өмір жолының алғашқы соқпақтары жатыр.
Мен сіздерге: «Осы жолға аяқ басқан алғашқы қадамдарың қарымды, асуларың алымды, жүректерің жалынды болсын» деймін.
Өмір теңіз өтіп жатқан тоқтата алмас кемесің,
Оқушы кез қайта оралып келмесіне сенесің.
Қырдар асып шартарапқа кеткен кезде достарың,
Көз алдыңа келтіресін мектептегі елесін!
Сәт сапар, жас түлектер!

2 пікір

Manas
Рахмет балам, сенің де кезің келер қалам ұстар
Kan
Шамам + 3 дауыс беруге ғана келді екен. Асыл сөз богына жазғаныңы қарағанада өз сөзіңіді асыл деп есептейсің бе?
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.