Орыс мақал-мәтелдерінен

Асыл сөз /
Мұзафар Әлімбаев 1978 жылы «Маржан сөз» деген кітап шығарыпты.Ішінде түгелімен шет елдердің қазақша аударылған мақал- мәтелдері.Солардың ішінде орыс мақал-мәтелдерінен бір парасын ұсына отырайын.
Орыс мақал-мәтелдері
Бір күн бұрын ексең,
Бір апта бұрын орарсың.
*******
Ақылды үйренуге құмар,
Ақымақ үйретуге құмар.
********
Қолыма жұмыс бер,
Жаныма тыныс бер.
********
Шоңқиып отырғаннан шойнаңдап жүрген артық.
***********
Жастықты қайтара алмайсың,
Қарттықты тойтара алмайсың.
***********
"Үйренгім келмейді,
Үйленгім келеді".
************
Құдайдан тана сұрасаң,
бала береді.
***********
Сөзден сескенбеген сойылдан да сескенбес.
***********
«Шарапқа қандым » дегенше,
«Шатаққа қалдым» де.
**********
Жалпақ жұртқа жаратқан да жақпайды.
*********
Тауық құс емес,
Жалқау кісі емес,
Бос сөз іс емес.
**********
Жақсы жолдас ерттім дегенше,
Жарты жолдан өттім де.
**********
Ауырмаған «денім сау» деп қуанбас.
********
Қалыңдық өз ғашығы үшін туады.
********
Ақымақтанба, онсыз да ақылды емессің.
*******
Қаусаған үйге қара құлып неге керек.
********
Іскердің іші пыспас.
*******
Еңбек пен ғылым — аға мен іні.
*******
«Жақсы айтты!» — деп елжірей берме,
«Жаман айтты» — деп тепсіне көрме.
********
Ақылды атанбайды көп сөйлеген,
Ақылды — сөзді үнемдеп дөп сөйлеген.
********
Дертке сенбе, дәрігерге сен.
***********
Ақылға салсаң, алыс.
Жүрекке салсаң жақын.
***********
Жетелі келіннің жеті-жетіден құрбысы бар.
**********
Жас-желеңмен бірге болған кезіңде,
Жасарасың өзің де.
**********
Көз көруге,
Ақыл білуге,
Жүрек сүюге тоймайды.

3 пікір

Jako
Жастықты қайтара алмайсың,
Қарттықты тойтара алмайсың.

Орыстарға қимайтындай мақал екен.
ereke_enu
"Үйренгім келмейді,
Үйленгім келеді".
)))
Madi
Күшті мәтел, ә?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.