Қырғыз мақал-мәтелдерінен

Асыл сөз /
Бүгін сіздерге «Маржан сөз» кітабынан қырғыздың мақал-мәтелдерін ұсына отырайын.
*******
Ұры тойғанша жейді,
Өлгенше қарғанады.
*******
Дүздегіні үйде болжама.
*******
Ит тұмсығына су жеткенде жүзеді.
*******
Кірейін десең, жер қатты,
Қияйын десең, жан тәтті.
*******
Қоныс таңдағанша,
Өріс таңда.
********
Келін жаман емес, келген жер жаман.
*******
Былтыр күйді, биыл иісі шықты.
*******
Сақалыңның ағы бар,
Балалығың тағы бар.
*******
Адам аласынан
Сөз аласы жаман.
Оттың шаласынан
Сөз шаласы жаман.
********
Ауыр істен қорықпа,
Ауыр сөзден қорық.
********
Сөйлей білген адамның әр сөзінде бір тұзақ.
********
Асыққан қыз ерге кетсе де,
Етек-жеңі жерге жетпес.
**********
Ұл туасың — ұятын бірге тумайсың,
Қыз туасың — қиялын бірге тумайсың.
********
Жыланса, сұрама, күлсе сұра.
********
Жігіт өлер жеріне күліп барады.
*********
Қойдың қарғысы қасқырға жетпейді.
*********
Жаманнан сөз естігенше,
Жақсыдан таяқ же.
********
«Сабанхана өртенді » десең,
«Самарқанд өртенді» дер.
********
Білімдінің білімі жұғады,
Білімсіздің іріңі жұғады.
********
Бойдақта байлық жоқ.
*******
Өз мінін өле-өлгенше білмейді,
Кісі мінін кіріп шыққанша біледі.
*******
Адаспаймын деген жігітті қараңғы түн адастырады.

2 пікір

korwinin_kyzy
Қойдың қарғысы қасқырға жетпейді.
Осы мақал ғана нады маған
Delfina
Жаманнан сөз естігенше,
Жақсыдан таяқ же — дұрыс айтылған)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.