Төле би бабамыздың мәмілесі.
Асыл сөз /

Шақшақұлы Жәнібек хан Төле би бабамыздан ақыл сұрай отырып былай деп сұрақ қойған екен:
— Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Боз бала болып ерлік құрайын ба? Үлгі алып билік құрайын ба? Еліңде кәрің болса, жазулы тұрған хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса, ерттеулі атың деуші еді, ақыл сұрай келдім, – дейді. Сонда Төле би бабамыз:
— Өгізді өрге салма қанатың талар, наданға көзіңді салма сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа түбіңе жетер. Жал-құйрығы қаба деп жабыдан айғыр салма, жаугершілік болғанда жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең таяқ, қарның ашса тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң әуейі боларсың. Әйел алсаң көріктіге қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң, ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар. Ақылдың түбі құт болар. Елге бай емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш! Ел шетіне жау келсе, қабырғалы биге күш – деген екен.
4 пікір