Асыл сөз

Асыл сөз /
Ақыл алтын сандық, адамына қарай ашылар.

Тіріде сыйласпаған, өлігенде жыласпайды.

Жақсы кісі қырқында толады, Жаман кісі қырқында солады.

Білімсіз адамның сөзі білектей, Білімді адамның сөзі жібектей.

Кешегі күннен алыс жоқ, Ертеңгі күннен жақын жоқ.

Төбелеске бергісіз араша бар, Ағайынға бергісіз жанаса бар.

Өз білімегеніңді кісіден, Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

Жанған от тәнді жылытады, Жақсы сөз жанды жылытады.

Тоқтығында жараспаған, Аштығында қараспайды.

Оттың шаласы жаман, Сөздің аласы жаман.

Түйе алатын артып жүрсе де, жантақ жеуін қоймайды.

Қас екеніңді қабағыңнан танимын, Сараң екеніңді табағыңнан танимын.

Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.

Тышқаныңа өкін, сигеніне өкінбе.

Жалғыздық құдайға жарасар, Көпсөзділік құранға жарасар.

Несиеге ет жесең, Сүйегі ішегіңді жыртар.

Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық.

Ұлдың күні күн емес, атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес, баста ақыл болмаса.

Екі сараңның қолы бір біріне әрең жетеді.

Басқалардан ақылдырақ бол, бірақ оларға оны көрсетпе.

Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.

Жыланға түк біткен сайын қалтырауық болады.

Етікшіні балға мен біз асырайды, Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.

Көп сөйлеген білімді емес, Дөп сөйлеген білімді.

Сөз бергенге емес, бөз бергенге ер, Сөз бейнет болар, бөз көйлек болар.

4 пікір

Jako
Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.
Керемет сөз.
yesbolat83
Тышқаныңа өкін, сигеніне өкінбе.
m170785
мен осыны түсінбедім басында Есеке!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.