Бурабай-екінші Швейцария!

ФотоСурет әлемі /
О Көкше,Сенің ғажап табиғатынды кімге айтам, 
Кім құмартса, өзі көрсін көзімен... 

Мұқағали Мақатаев


Асыға күткен жаз мезгілі де келіп жетті, ендеше көп күттірген жаз мезгілін қызықсыз өткізген күнә болар сірә:) Сол себепті бір демалыс алып табиғат аясында демалып қайтсаңыздар бұл бір керемет болар еді.Қолдарыңызға қажетті заттарды (рюкзактарды) алып болсаңыздар, кеттік жолға шығайық, Бурабайға аттанайық!

ары қарай суреттер сөйлесін

Курорт-Бурабай станциясынан түсіп Бурабай көліне бара жатқан жолда

Бурабай көлі





Енді көлдің жағасында түсірілген суреттер


жолда тиын көрдік, содан жол сұрадық, ақылды екен өзі)))



Бұл ағашқа барлық адамдар матаны жыртып байлап кетіпті, не үшін олай істегендерін білмедім, сонда да көптен қалмайық деп біздерде байлап кеттік))



Аспан бұлт, су салқын, соған қарамастан суға шомылдық, бірақ осы ауа-райы мен үшін темаа)


Шағалаларда бізден қалыспай суға түсті, оларда ақылды екен



Ал енді Жұмбақтас пен Оқжетпеске қарай жол тартайық, бұл сурет сол жаққа барар жолда


Жұмбақтас алыстан


Осы кезде күн бұлттардың арасынан дәл Жұмбақтасқа түсіп тұрды, түсіріп үлгердім))

Әсем талдар арасынан жасырынып тұрған Жұмбақтас


Оқжетпес тауы, кемпірқосақ сондай әдемі


Оқжетпес тауының жанында



Оқжетпес тауына шыға алмадық, бірақ есесіне қасындағы биік тауға шықтық, енді таудың үстінен қарағандағы табиғаттың сұлу көріністерін тамашалаңыздар






Қайтып бара жатқан жолда, бір жартастардың үстіне шықтым атын білмедім, соның төбесінен түсірілген суреттер





Мінекей осымен Бурабайды толықтай болмаса да біраз аралап шықтық, қызығы көп Көкшетау жан баласын құмартып тұрады екен, екінші Швейцария десе дегендей-ақ!

28 пікір

Korkem
ммммм маған арман болған Бурабай. Барғым келет
kaz007
Әлі барасыз)
qyrmyzy
охх, қашан аттанайық?
О Көкше, Сенің ғажап табиғатынды кімге айтам,
Кім құмартса, өзі көрсін көзімен…
мынаны посттың басына жіберсеңіз күшті болатын еді… Керемет демалыс болыпты
AKA
Суреттер керемет екен, биыл жоспарда бар бару, осындай ауа-райын қатты ұнатамын. :)
kaz007
ия, мундай ауа-райы адамнын көңілін еріксіз көтеріп жібереді
Jolai
Бурабай — екінші Швейцария, емес әрине! Швейцария — екінші Бурабай!
Qarabala_95
Өте тамаша пост екен!!!+1.Жо,+100000000000000000
AL-ASTER
Бұл жер курорттық зонасынан бұрын, үлкен тарихи орны бар мекен. Өңірді мекендеген атақты адамдары, қазақ тарихындағы өзіндік тұлғалығымен танылған.

Бұндағы демалыс орындары, лагерлер, санаторийлер көптеп кездеседі. Солардың болмағанда біреуіне демалу, шындығында өзінше бір арман емес пе.

Мұндағы зообақ кезінде атақты болғанымен, білмеймін, тордағы кей тіршілік иесіне нан бергің келіп кетеі. Бірақ оларды тамашалаушылар тамқтандыруға тыйым салынған, оған қоса, олар нанды жемейді ғой. :) Бурабайға барып, иісі жаман болса да, Водолаз болып жүру әдемі ғой. Үлкен Шабақты (Айнакөл) жағасына қарай жақтағы күкіртті батпақпен сылануға келетін адамдар өте көп. Көрші Ресейдің көліктері ғой көбісі сол жердегі көліктерді қараса. Су тұзды. Айтпақшы, тұзды судың қысымы жоғары болады екен, сондықтан жүзе алмайтын амиголар да жүред жүзіп үйреніп.

Жазды уақытта, әсіресе шілденің шыжыған ыстығында демалуға келген адам өкінбес. Көл жағалауындағы адамдарды елестетіңіз, нақтырақ киген киімдерін. Дәл сол көріністегі адамдар көшеде әрлі берлі жүріп жатса, таң қалуға болмайды.

Көлік жолы жақсы болғанымен, бұнда тұрақ табу қиынға соғып жатады, әсіресе кез-келген жерге аялдап тұра салуға тыйым салынған. Сондықтан великпен, атпен немесе жаяу қыдыруға жақсы мүмкіндік бар. Қонақтарды топ тобымен автобусқа салып алып, туристтік таныстырулар жасайтын гидтерді де жолықтыруға болады.

Бірден байқалатын минус, меніңше қонақтарға жағдай аз жасалынған, қонақ үй, тамақтану орындары шет елдік демалу орындарымен жарыса алмай тұр әзірге. Болашақтағы Бурабай курорттық зонасының генпланы өте тамаша. Көкшенің баурайындағы тамаша жер жәннәты Бурабай — нағыз Әлемдегі ең көрікті жер дегеннен басқа айтар жоқ.
kaz007
Өте жақсы ақпараттар беріп өттің, айтқан сөздеріңнің жаны бар. ресейдің көліктері көп екен, олар жақсы жерді біледі ғо
banzaika1990
Бурабайдың табиғаты керемет, сөз жоқ. Сіздердің де жолдарыңыз болып ауа-райының бір тамаша кезінде барған сияқтысыздар
Бұл ағашқа барлық адамдар матаны жыртып байлап кетіпті, не үшін олай істегендерін білмедім, сонда да көптен қалмайық деп біздерде байлап кеттік))
— матаны ағашқа байларда тілек тілейсіз, егер байлаған матаңыз уақыт өте келе өздігінен шешіліп кетсе онда тілегіңіздің орындалғаны — осындай ел ішінде жүрген сенім бар.
kaz007
ааа))) солай меді, есімде жүретін болды
Qarabala_95
Бұл наным өтірікқой!!!
banzaika1990
ел арасында жүрген сөз ғой. Сену, сенбеу сіздің құзырыңызда
beko
Жақсы екен, ал енді қаражат жағы қалай болмақ? Нешемен жоспарлап баруға болады жанұялықтарға?
kaz007
7-15 мың арасы
beko
Ол сол жақтағы шығысы ғой, бару жолын есептемегенде ия?
Сол 7-15 мың нелерге кетеді, толығырақ бола ма?
kaz007
мен тек сол адам басын есептегенде, жалпы шығын, егер 6-7 адам болса бір тәулікке 60-70 мыңдай кетуі мүмкін. енді +- 10 мың
kaz007
Үйлер көбіне жер үйлер, үйлерді толықтай көрмедім бірақ араларынан жақсыларын кездестіруге болады, мәселен 2 қабатты 4 бөлмелі (биллиярд, баня, кабель тв,) тәулігіне 10-15 мыңға алуға болады, сонымен қатар барлық 1-2-3 бөлмелі үйлер 6 мыңнан бастап жоғары, жалпы білерім осы брат
beko
Рақмет, пайдалы ақпарат алдым.
AKA
Мүмкін емес, жанұялықтарға сондай кете ме, неше адам сонда? Әлде бір адамға сондай ма?
Korkem
не деген арзаншылық…
AL-ASTER
Oz mashinamen, produkt, idis ayak, palatka barin ozin shigargan nagiz demalis bolad eken)
pari
Осы Бурабайға барып бір рақаттанып демалып қайтсамғо шіркін! Анталияға демалғанша Бурабайға демалған артық!
kaz007
Әрине, Өз ақшамызды өз жерімізде шашуымыз керек, валютаны сыртқа шашқаннан гөрі
керемет!!! мен июньның алтысында барамын! барлығын көремін деп ойлаймын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.