Ауған қызы
Ассалаумағалейкум баршаңызға. Блогыма бірдеңе жазбағалы да біраз болыпты, жазу керек еді деп жүргенде тағы біраз уақыт өтіп кетіпті.
Бүгін интернетті шарлап отырып, мына бір суретке қайта тап болдым!
Негізі бұл суретпен алғаш рет сонау екімыңбесінші жылы танысқан едім. «National Geographic» арнасынан осы бір сурет жайлы, суреттегі қыз жайлы, суретті түсірген фотограф жайлы деректі фильм болған еді. Осы сурет жайлы жазғым келіп кетті. Неге екенін білмеймін, бұл сурет, суреттегі қыз, оның жанары, ооохь көз жанары, мөп мөлдір, терең, тұңғиық жанары… әй, ия не деп жатыр едім, ия сұмдық сурет, қарай бергім келеді.
Суретке түсірген фотограф Стив Маккарри 1984-жылы Пәкістан шекарасындағы Насир-Баг босқындар лагерін аралап жүріп, бастауыш мектеп ретінде қолданылып жатқан лашыққа тап болып, мұғалімнен лашықта біраз отырып, оқушылардің бірнешеуін суретке түсіріп алуға рұқсат сұрайды. Маккарридің назары бірден ауған қызына түсіп, ол қыз жайлы мұғалімінен сұрастырады.
Мұғалім бұл қыздың ауылын Совет тікүшақтарының шабуылынан кейін ата анасынан айырылып,
лагерге бауырларымен және әжесімен екі апта бойы жаяу жүріп жеткенін айтады.
Бірнеше минут суретке түсіріп, кейін сессиясы аяқталғасын пленкаларын киімінің етегіне жасырып тігіп, шекарадан өтіп Вашингтонға да жетеді.
Ауылына жеткесін, сурет National Geographic журналының мұқабасына «Ауған қызы» деген атпен шығып, содан бері бұл сурет ең танымал, ең атақты суреттердің біріне айналды. Бұл сурет сансыз мәрте басылымға шығып, ел жұрт бұл суреттегі қыз жайында көбірек білгісі келді. Сөйтіп өзі ештеңе білмесе де, ауған қызы ең танымал тұлғалардың біріне айналды. Дегенмен ауған қызы жайлы ақтарат тым аз еді, тек оның жасы сол кезде шамамен он үште екенін, әке-шешесі соғыстан қаза тапқан, босқындар лагерінде жүрген ауған қызы екені ғана мәлім еді.
Он жеті жыл бойы халық бұл қыз жайлы білгісі келіп, фотографқа тынбастан хат жазып, телефон соғады. Бірі ақшалай көмектескісі келетінін айтса, екіншілері бұл қызды асырап алғысы келетіндерін айтады, тіпті кейбір еркектер бұл қызды тауып алып үйленгісі келетіндерін де жазады.
Ауған қызын іздеу
Фотограф осы жылдар бойы суреттегі қызды іздестіріп, Ауғанстанға он рет барып таппай келеді.
2002-жылы соғыс, толқулар бәсеңдегеннен кейін National Geographic командасы мен Стив Маккарри ауған қызын іздестіруге тағы шығады. Бұл жолы олардың жолы болып, Ауған қызын Пәкістан шекарасындағы жақын маңдағы ауылдардың бірінен табады.
Сену қиын әрине, бірақ суреттегі әйел ауған қызы. Шамамен он төрт жасында күйеуге шығыпты, үш қызы, күйеуі бар. Суретте жасы шамамен отызда. Неге шамамен дерсіз, өзі жасының дәл нешеде екенін білмейді. Соғыс, аштық, босқындар лагеріндегі өмір, қиын өмір, ..., ((( ияяяя солай енді, жанарының жылтыры кете бастаған екен ((((
Айтпақшы ауған қызының есімі شربت ګله яғни гүл шәрбаты деген мағынаны білдіреді екен. Суретке өмірінде тек үш рет қана түсіпті. (2002)
Стив Маккарри әлемге танымал, әйгілі, менмін деген фотографтардың бірі. Жеке сайты мына жерде. Түрі мынадай!
26 пікір
Ал фотографқа келсек, миының оң жақ бөлігі жақсы жұмыстесе керек, суретке түскенде оң жаққа қарай қисайтып түскен. Әйелінің ұқыптылығы шығар, киімі түзу екен, айтпақшы ауған қызы жайлы екен ғой жазба…
Көзінің түсін айтап, пигменті аздықтан сары-жасыл түсті. Тұңғиық теңіздей. Көп қараған адам батып кетуі мүмкін. Қарттыық ерте келіпті, бет бұлшық еттері сүйектен ажырай бастаған. Тек еріндерінде ғана өзгеріс аз.
Видео көруге қызықпадым.Ғабит Мүсірепов айтпақшы, адамның бет-әлпетінен біраз нәрсе аңғаруға болады-мыс)
сайтқа тіркелгенде жазан почтамды өшіріп, енді сайттан келген хаттарды оқи алмаған жямән екенЕлестетіватрм мынадай Диалогты.
— Димаш, анау өтіп бара жатқан қыз қалай былай? фигурасы ничче а?
— Көзінің пигменттері көп, қан тобы екінші отрицательный, женский гармондары да нормадан жоғары, дене бұлшық еттері тым былжыр, шынықпаған, барып диагнозын айтып келейінші.
— өөөй кеЧ
Тәйт, флудтама!
Жанары өткір екен, ұзақ (3-5секунд) қарап отыра алмадым. Босқындардың тіршілігін суреттейтін сурет. Танымал болған себебі мынада дп ойлаймын:
Яғни, ешқандай сурет басқа елге шықпауы тиіс. Ал фотограф бұл заңды бұзып, пленканы жасырып алып шыққан. Босқындар түскен басқа сурет жоқ шығар. Атақты суретке айналғанының тағы бір дәлелі — кері байланыстың болғандығы. Яғни, бірнеше жылдан соң кейіпкерді тауып, тура солай тағы бір снимок жасағаны :) Фотограф десе, фотограф екен.