Ақтаулық фотограф - Игорь Лобанов

ФотоСурет әлемі /
Айтқышбек айтаберліктерге сәлем. Мұнда біз де келіп қалдық. Танымдық блогтұғыр болғандықтан, көңіл босататын әңгімелер айтпай тек «ФотоСурет әлемін» ғана шимайламақпын. Қабыл алыңыздар.
Алсаңыздар да, алмасаңыздар да біз бастадық. Алғашқы жазбам ақтаулық жас фотограф Игорь Лобанов туралы. «Бұл кім тағы?», «Бұл қай орыс?» деп күдігі мен наразылығы аралас сұрақ қоюға асықпаңыздар.
Ол Д.Биланның 6 жылдан бері жеке фотографы, шет елдік танымал әртістердің фотосессиясын түсірген (аты-жөндерін білмеймін, видеодан танып аларсыздар) (http://www.youtube.com/watch?v=XHtpkh_d4jE), ақмаржан қала Ақтаудан бастап әлемнің танымал қалаларын (Милан, Берлин, Мадрид, Лос-Анжелес, Майами, Сидней, Ванкувер, Париж) түсірген фотограф.

Игорь Ақтауда туылып, мектебін сол қаладан бітірген. Бәрі 10-сыныпта анасы қарапайым (мыльница) фотоаппарат алып бергеннен басталған. Мектеп жасында «Огни Мангистау» газетінде, театрда жұмыс жасай жүріп 2003 жылы өзінің жеке көрмесін ұйымдастырған. Мектеп бітірген соң, оқуға (Московский государственный университет печати) аттанған.
Қазір жұмысы шет елде болғанымен Ақтауға жиі келіп, демалып тұрады. «500 гигабайттық 5 хард дискіде суреттерім сақталған. Қай сурет қай жақта тұрғанын жақсы білемін» — дейді.
Ал түсірген суреттерін жеке сайтынан көре аласыздар.

17 пікір

saryqazaq
ағайын, видео неге салынбады? Ютубтың сілтемесін салып едім
AL-ASTER
Толық embed кодын салыңыз
erke_ky3
Ооооо, Сарықазақ! Қош келдің ^_^
saryqazaq
Қош көрдік, erke_ky3, сен де мында екенсің ғой :)
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Мүмкін фотодан түсінігім шамалы болғандықтан болар,әсер ала алмадым.
saryqazaq
Әсерлі болу үшін жазылмаған
yesbolat83
Айналдырып кеп орыс әншілері мен шет елдің көрікті жерлерін түсіре берген. Бірақ, өзіміздің Каспийді көріп разы боп қалдым.
senim
көтриоттықтың бұл постқа керегі шамалы
yesbolat83
Сендейлермен сөз таластыру да шығын.
Abylai
saryqazaq Ақтаудансың ба?
saryqazaq
Иә. біз көрістік қой :)
Abylai
Қашааааааааан? :) Танымай отырмын :)
saryqazaq
11-38де. ZevsKO арқылы байланыстық
Abylai
Рахат? Бұл сен ба?
MSHERIMBEK
қош келдің Рәке :)
saryqazaq
Қош көрдік :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.