Canon EOS 700D

ФотоСурет әлемі /

Адамдар 600d мен 650d-ң қайсысын аларын білмей бастары қатып жүргенде, Canon компаниясы жаңа 700d фотоаппаратын шығарып үлгерді. Ол осы жылдың (2013) 21-наурызында таныстырылып, сәуірден бастап сатылымға шықты.
Өзінің алдындағы 650d-дан айырмашылығы шамалы сияқты: процессоры DIGIC 5, сенсорлы дисплей, т.б. Бірақ та микрофоны моно екен, 650d стерео микрофоны жаңалық болып еді. Секундына 5 кадр түсіреді. Алдыңғы нұсқамен салыстырғанда түр-тұлғасын айыру қиынға соғады:

Жаңа 700d алдыңғы аппараттан 5-10 грамға ғана ауыр.

Біліп отырмын, «айтып-айтпай не керек, бағасы қанша екен?» деп отырғандарыңызды. Алматыдағы ең төменгі бағасы body үшін, яғни объективсізі 115000 теңге, ал қарапайым 18-55-тік (IS STM) объективпен 130000 теңге.

Әзірге осы ақпаратпен қанағаттаныңыз, қалғанын фотоаппарат қолыма тиіп жатса жазармын.

1 пікір

senim
Өзімдікі жақсы 129000мыңға алдым 550д ны обьективі бар 18-55 тік және 75-300дік футбол түсіруге болады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.