Қымбатқа сатылған 5 фотосурет

ФотоСурет әлемі /
Фотосуретті түсіру бір өнер болса, оны қымбат бағаға сата білу де бір өнер.
Төменде сұмдық бағаға сатылған 5 фотосурет келтірілген. Кейбіреулер бұларды тек қана бизнес, яғни ешқандай өнер жоқ десе, кейбіреулер өнер өз бағасын енді алып жатыр деп қуануда. Әрине бір жапырақ қағазға тамсанғанның орнына сол ақшаға қаншама жарлы-жақыбайларға көмек көрсетіп есепсіз сауапқа кенелуге болар еді.

Рейн II (1999)
Автор — Андреас Гурски
Бағасы — $4 338 500
Бұл фотосурет «Christie’s» аукционында 2011 жылы сатылған. Бір қызығы — фотосурет фоторедакторда өңделген, яғни өзеннің арғы бетінде электр стнасасы болған екен.

Аты жоқ (1981)
Автор — Синди Шерман
Бағасы — $3 890 500
Бұл фотосурет «Christie’s» аукционында 2011 жылы сатылған. Автордың айтуы бойынша танысу бұрышы бар газет қиындысын ұстаған жасөспірім қыздың суретінде терең мағына бар екен.

фотосуреттен жасалған коллаж (1973)
Авторлар — Гилберт Прош и Джордж Пассмор
Бағасы — $3 765 276
Коллаж 2008 жылы сатылған. Фотосуретте бейнеленген өздері (авторлар).

"Өлі жауынгерлер сөйлейді" (1992)
Автор — Джефф Уолл
Бағасы — $3 666 500
Бұл туынды Ауғанстан соғысының әсерінен туындаған екен. Бірақ жойылып кеткен ауған кышлактары мен босқын ауғандар бейнеленбеген. Суреттегі адамдар — шақырылған әртістер. Олар фотостудияда жеке-жеке түсіріліп компьютерлік графика арқылы барлығы біріктірілген.

Ковбой (2001–2002)
Автор — Ричард Принс
Цена — $3 401 000
Картинга 2007 жылы «Christie’s» аукционында сатылған. Фотосурет арнайы «Мальборо» кампаниясының жарнамасы үшін түсірілген.

Мәлімет мына жақтан қысқартылып алынды

26 пікір

Jako
Суреттер жақсы екен, бірақ…
ereke_enu
Сатып алғандар шамасы ақшаны печаттайтын болар)
Arhun
фотосуреттен жасалған коллаж (1973) атты суретін мен 4 долларға сатып алар едім… =)))
Постыға рахмет, saryqazaq! +1 Тамаша!
Abylai
Мына суреттерімді он долларға сатам, кім алад


Jako
Абылай сенің мына суреттерің аналардан жоғары сияқты, бағасын көтересің-ау.
pari
үшінші суретіңді 300 долларға алар едім. Үлкен картина қылып шығарсаң. Ас бөлмеге іліп қояр едім. Керемет шынымен
mairosh
4 ші сурет өз бағасына тұратындай. Маған сол сурет ұнады)
Jako
Қайсысы, ана бір атпен шауып келе жатқан сиыршы ма? Әй қайдам, ат-патымен, сиыр-пиырымен, сиыр бағатын далапсымен қосса да соны 3 401 000 долларға сатып алатын қазақ табылмас, өз аукылынан бір тентек болмаса.
mairosh
жоқ сол сурет емес. Соғыс туралы сурет
Jako
Ааа сол ма, Ол сурет маған соғыс арасындағы үзіліс емес, арақтан басы ауырып отырған солдаттар құсап көрінді.
mairosh
Жоқ, қате ойлайсыз. Суретке жақсылап қарасаңыз жарылыстан кейінгі солдаттардың көрінісі.
saryqazaq
өзіме ол сурет мүлдем ұнамады. Жасанды
Jako
Жасанды екені көрініп тұр ғой, жарылыстан кейінгі контузия болса айналаларында адам дене мүшелері шашылып жатар еді да.Бұлар шұңкырдың ішінде емес жағасында жатар еді.Әрі анау оң жақ жоғарғы тұсына қарасаң суретке әскери емес адамдардың аяғы түсіп қалған сияқты, солдаттардың униформалары екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей, ауған соғысында етік деген болмаған, ботинка еді.
Соңғы өңделген уақыты:
saryqazaq
Айтып-айтып тастадыңыз ғой :) Джефф Уолл естісе кіретін жер таппай қалатын шығар
Jako
Ой, оған бәрі-бір ғой, алар ақшасын алып алған, ақша төлегенді айтсаңшы.
Manas
directxr
Суретіңіздің бастапқы бағасы қанша?))))
Manas
Сынған клавиратураның ақшасын шығарсам болды
Jako
Ең қымбатқа сатылған бірінші суретті арзанға сатып жіберген сияқты. Алты сызық сызып оны үш түске бояп, суретке түсіріп алған, қандай еңбек десенңші.
pari
Екінші суреттің түпкі мағынасын былайща түсіндім, Отырып қалған қыздар туралы ма? Әлде әйел теңсіздігі ме? Меніңше, кәрі бойдақ қыздар-ау шамасы. Өте үлкен ой…
saryqazaq
Әйел теңсіздігі, отырып қалған қыздар деген жақсы тақырыптар. Бірақ суреттің ол тақырыптарға қатысы жоқ сияқты. Өйткені ол жерде жас қыз. Дөрекі айтсақ, суреттен күйлеп жатқан қыздан басқа ештеңе көрмедім
pari
әркімнің жеке ойы бар. Әркімнің өз пікірі бар.
saryqazaq
сөз жоқ, келісем
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Өлтірдің,өлтірдің, ризамын, айта алмай жүр едім…
saryqazaq
мен де айта алмай жүр едім. Ешкім айтпағасын…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.