Әркімнің өмірі-әртүрлі. Сәтсіз күндеріде-әрқалай!

ФотоСурет әлемі /
Ия, алғаш рет жаза бастағаннан ба, бар ойымды тақырыпқа, 2-3 ауыз сөзбен жеткізе алмай қалған секілді көрініп тұр өзіме. Бір адамдар бар, кейде ойға батып түңіліп кететін, олардың ішкі жан дүниесін құдды ешкім түсіне алмайтындай бұртиып ап отырып қалады. ертеңінде ұмыт болып кетеді, олда жақсы ғой. Өмір бірдей емес, кейде бақытты, кейде сәтті, кейде тіпті күтпеген жерден жолы болып кететін жағдайлар көп болады, ИншАлла ондай сәттер көп бола берсін, бірақта жаннат бар жерде тамұқ бар демекші, жақсылық бар жерде жамандықта бар ғой. Менің неге жолым болмай қалды, мен неге осындаймын, ол неге осылай істемеді деп, сыртымыздан сөйлемесекте өзекте өртеніп кететін жәйттер көп болып жатады. Ол түк емес, қызғанып кетіп жолын қиятын істерімізде болады. Байдың баласы мен неге бүгін мына көлікті мінбедім, мен неге ол сияқты киінбедім деген сөздері… Жүректі жылатады. Әрине жанашырлықтан жылайды, оның осындай ауру болып қалғанына. (Дүниеқұмар болып кеткені). Неге мен осындай ауқатты емес ем, осындай болып жатсам қолымнан келгенше адамдарға жақсылық, мейіріміді аямас едім деп, ойға батасың. Шындығында сен ондай емессің, ол сенің одан төменгі сатыда тұрғандықтан жүрегіңнің мейірімге толы екенін ұмытпағайсың, ал егерде сен ауқатты болып жатсаң, кім кепіл сенің де бір дүние құмар болмайтыныңа. Әркімге өмір әртүрлі, сәтсіз күндеріде әрқалай!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.