Өзге елдегі қазақы сурет

Мен бұл суретті қай жерде кезіктіргенімді білесіздер ме?
Ресейдің Астрахань қаласында.
Орыс елінің осы бір көне қаласының қақ ортасында орналасқан Аркадий саябағында (парк Аркадия) қыдырып жүріп ұшырасқанымда көзіме оттай басылғаны.
Кімнің салғаны белгісіз. Серуентоғайдың қабырғасына салынған бұл туындыны жергілікті қандастарымыздың еңбегі болар деп топшыладым. Әшейінде, әр нәрсеге сыни көзбен қарайтын мен, бұл суреттен бұл жолы кәсіпқойлылық пен кемшіліктер көргім келмеді. Ең бастысы, туынды авторының жүрегінен шыққандығы мені қуантты.
Жайлау, қазақтың киіз үйлері, өрісте жайылған түліктері… Бәрі, бәрі оның өне бойынан жарып шыққан Атамекеніне деген сағынышы мен махаббатын қылқалам арқылы жеткізгісі келгендей.
P.S. Өзге елде өз жаныңа жақын дүниені кезіктіру енді, тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.
3 пікір