F.lux-көзді экраннан қорғайтын бағдарлама!

Қазіргі кезде компьютерді көп пайдаланамыз.Экранның көзге зиян екенін білсекте, компьютерсіз еш шаруамыз біткен емес.Оған арнайы көз жаттығулары да бар, бірақ оны көбіміз ерініп, жасай бермейміз.Сондықтан сіздерге F.lux бағдарламасы туралы айтқым келеді.
F.lux-бұл арнайы көзді экраннан қорғайтын бағдарлама.Яғни экран күн мезгіліне байланысты автоматты түрде өзгеріп отырады.Түсте экран жарық болып тұрса, кешке қарай бозара бастайды.
Мысалы мына суретте сары белгі түскі мезгілде тұрса, кешке қарай кеш мезгілінде тұрады.
Енді осы бағдарламаны Мына жерден жүктеулеріңізге болады.Бағдарламаның көлемі 1 мб тай болады.Алғаш орнатқаннан кейін көзіңіз үйренбеуі мүмкін, кейін үйреніп кетесіздер.
Бұл бағдарламаны өзімде қолданамын, пайдалы бағдарлама… Сіздерге де компьютерлеріңізге орнатуға кеңес беремін!!!
8 пікір