Не істеуге болмайды?
Қасты түгел теруге болмайды.
Жалпы, қасты түгелімен теріп тастауға болғанымен, ешқандай татуаждың табиғи қастың орнын алмастыра алмайтындығын ескеру қажет. Сондықтан, татуаж жасатамын деп, түгелімен қасты теруге болмайды. Тек қана көзге жақын және қабаққа өскен талшықтарды ғана жұлып тастаған жөн. Қазіргі кезде өте жіңішке қастар сәннен қалған. Жасанды қастан гөрі, өзіңнің қасың қандай болса да сені сұлу көрсететініне күмәнің болмасын. Егерде қасың сирек, селдір өскен болса, оны қалыңдату үшін кастор мен ошаған (репейное) майын жағуға болады. Аталған емдік майларды түнде жатар алдында қасыңа жұқалап қана жағып жатсаң, көп ұзамай оң нәтижеге көз жеткізесің.
Қолдағы түкті алмаспен қыруға болмайды.
Қолыңа өскен түктер көзіңе түрпідей тиіп жүр ме? Олай болса, 18 жасқа толғанша қолдағы түктен құтылуға асықпа. Тек кәмелеттік жасқа толған соң ғана, түктерді тазалауға арналған арнайы иісмайларды пайдануға болады. Ал алмаспен қыруға мүлде болмайды. Алмаспен қырғаннан тері зақымданып қана қоймай, түктер екі есе көп өсетін болады. Егерде қол мен аяқтың түктері қара емес, ақ-сары болып өссе оны иісмайдың көмегімен де алудың керегі жоқ. Ашық түсті болғандықтан, олар көзге оғаш көрінбейді.
Шашты жиі бояуға болмайды.
Шашты бояудың зиян екендігін білетін боларсың. Бояу таза химиялық әдіспен жасалатындықтан, шашты жиі бояудың қажеті жоқ. Бояудың әсерінен шаш зақымданып, жұқарып, тез сынғыш болады. Сондай-ақ, сары шашты-қараға, қоңыр шашты- сарыға боямаған дұрыс. Басқа түске боялған шаштың түбінен көп ұзамай-ақ өзінің табиғи түсі өседі. Сөйтіп, қайта бояуға мәжбүр боласың.
Безеуді тырнақпен алуға болмайды.
Бетке, мойынға, иыққа, тағы да басқа терінің сезімтал бөлігіне шыққан безеуді тырнақпен шұқып алуға болмайды. Тырнақтан түрлі микробтар түсіп қана қоймай, теріде дақ та қалады. Ең дұрысы безеу шыққанда, косметологтардың көмегіне жүгінген абзал. Сонымен бірге, безеу, бөртпе денеңе жиі шығатын болса, тері дәрігеріне тексерілу де артық етпейді. Безеу мен бөртпе көп жағдайда дұрыс тамақтанбағандықтан да пайда болатынын естен шығарма.
Көзілдірікті орынсыз тағуға болмайды.
Қазіргі кезде көзілдірікті сән үшін де киетіндердің саны көбейген. Олар «көп оқыған адамдар ғана көзілдірік киеді» деген, жаңсақ пікірдегі жандар. Сән үшін таққан көзілдіріктің пайдасынан зияны көп. Одан көздің айналасына әжім түседі. Егерде шын мәнінде көзіңнің көру қабілеті нашарласа, онымен күресудің бірнеше жолдары бар. Мамандардың айтуынша, көру қабілеті нашар адамдардың өзіне көзілдірікті белгілі бір уақытта ғана тағуына болады екен.

3 пікір
Компьютердің қасын түгел теріп жүрмеңіздер, шашын жиі бояп жүрмеңіздер…
Компьютеріңізге өте зор зияны тиеді)))).