Google өзінің құжаттарды онлайн сақтайтын Google Drive (Google Диск) жобасын көпшілікке ұсынды.

IT information /

Гугл компаниясы жақында интернетте құжаттарыңызды онлайн тегін сақтауға мүмкіндік берді. Бұл дегеніміз әлемнің кез-келген интернетке қол жетімді жерде, өзіңіздің құжаттарыңызды сақтап, көшіріп алуға болады деген сөз. Бұл бір жерден сіз түрлі құрылғылармен кіріп құжаттарыңызды қолдана аласыз.

Бұл ұсынылып отқан қызмет түрі Windows, Mac OS X, Android ОЖ-де жұмыс жасайды. Одан бөлек Google Drive қызметі Google Docs-пен байланыстырылынып қойған. Яғни сіз құжаттарыңызды сақтап қана қоймай, оларға яғни мәтінге өзгеріс енгізуге, презентацияларыңызды реттестіруге, кестелермен жұмыс жасауыңызға әбден болады. Тағы ол құжаттарға пікір қалдыру да қарастырылған.

Басқа қолданушылар сіздің құжаттарыңызды көру мүмкіншілігінен бөлек ол құжаттарды күні, көлемі, саны бойынша сорттауына болады. Тіркелген қолданушыға тегін 5 Gb орын беріледі. Ал егер одан да көп орынды қажет етсеңіз көрсетілетін қызметіне $2,49-ден $49,9-ге дейін айына төлеп көлемін ұлғайта аласыз.

Әзірге барлық елдерде іске қосылмаған сыңайлы. Себебі Қазақстаннан бұл қызмет бетіне кірген кезде бұл қызмет түрі әлі толық дайын емес деген хабарламаны оқимыз.


p.s. Бұл қызмет түрі жаңалық емес, Dropbox-тің де ұсынатын қызметі осындай болатын. Яндекс компаниясы да Яндекс.Диск атты 10 гб көлемде тегін құжат сақтауға болатын осы қызмет түрін ұсынып жатыр.

8 пікір

qyrmyzy
dropbox-қа жетпейді деп жатыр еді.Өзім dropbox пайдаланам.
sandibek
ия, өстіп технологиялар дами беретін болса, болашақта жоский диск пен компқа артық прогаммалар орнатудың қажеті болмай қалады-ау…
qyrmyzy
олар керек қалайда, қатты дисктерді айтам
yerbol89
Негізі жесткый диск әрқашан да керек болады.
Arhun
болашақта мүмкін қазыр ұқпайтын, санамызға да кіріп шықпайтын ойлар, технологиялар болар, қалыптасар… бұның бәрі уақытша секілді
Басқалар файылды жүктеген кезде күте тұрыңыз деп, жарнама көрсетіп итіңді шығармай ма екен.
yerbol89
Қателеспесем ондай шықпауы керек. :)
Arhun
енді бұның плюсы — бұл дүние тікелей поштаға қатысты, дропбөкстен қарағанда… Олар әрине дропқа ұқсамайтындай идеяларын іздеп, одан өзге технологияларын жобасына енгізбек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.