Samsung компаниясы 3 мамыр күні Galaxy S III смартфонын таныстырды.

IT information /


"Қолдануға өте ыңғайлығы және құрылғының тамаша техникалық жабдықтамасымен жаңа Samsung Galaxy S III тұтынушыларға максималды мүмкіншіліктерін ұсынады", — деп Samsung IT & Mobile Communication компаниясының президенті әрі басшысы Дж. К. Шин (JK Shin) құттықтау сөзін жолдады.

Алдыңғы өте сәтті шыққан Galaxy S смартфондар сериясының жалғасын қуып, мобилді телефон рыногында мықтап отырып алу үшін ОңтүстікКореялық компания Samsung уәде еткендей 3 мамыр күні Лондонда Galaxy S III смартфон телефонын көпшілікке таныстырды. Самсунгтің бұл өнімі жаңаша дизайн алып, қырсыз жақтарымен жаңаша түрге енген екен. Қазіргі уақытта екі түсте таныстырылды: қара көк (Pebble Blue) және ақ (Marble White). Алдағы уақытта басқа да түстермен шығатын болады.



Бұл құрылғы Самсунгтің алдыңғы шығарған Самсунг Ноут-тан кем түспейтін шығар. Себебі бұл смартфон телефоны 4,8 дюмдік және 1280x720 өлшемде Super AMOLED экранмен жабдықталған.



Алдыңғы ақпараттарда 12 мегапикселді камерамен шығады деп еді, бірақ Самсунг жоғары сапада баса алатын Full HD (1920x1080) 8 мегапикселді камераға тоқталған екен. Алдыңғы бетте 1,9 мегапикселді камера орналасқан.



Алғашқы кезде сатылымда екі нұсқасы болады 16 және 32 Гбайтттық ішінде орналасқан қатты дискімен шығады. Узақ күттірмей 64 Гбайттықпен де шығып қалуы мүмкін. Бұдан бөлек microSD арқылы 64 Гбайт-қа дейін көбейтуге болатын орын да қарастырылған.

Құрылғы Google Android 4.0 Ice Cream Sandwich Операциялық Жүйесінде жұмыс жасайды.

Алдағы уақытта бұл смартфон туралы толығырақ, қандай процессор, техникалық жабдықтамасына сіздерге түсінікті етіп толығырақ ақпарат беретін боламын. Сондықтан жаңа жазбаларымды күтіңіздер.

3 пікір

torpedaip
бағасы канша болады екен ай ))
Rafa
Шамамен 150 000 болады деген қау өсек бар
Rafa
Әрине жақсы телефон, бірақ мен күткендей болмады
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.