ESET компаниясы Smart Security 5 және NOD32 Antivirus 5 антивирус нұсқаларын жарыққа бета түрінде шығарды.
Өздерінің жылдам, компьютерден көп күшті қажет етпейтін, әрі тыңғылықты жұмыс өнімділігімен ерекшеленетін ESET компаниясының шығарған антивирустары көптеген компьютер қолданушыларының көңілінен шыққан жайы бар еді. Міне енді аздаған уақытты араға салып өздерінің су-жаңа Smart Security 5 beta және NOD32 Antivirus 5 beta антивирустарын көпшілікке таныстырып жіберді.
Бұл нұсқасында «геймерлік яғни ойындық режим функциясы» және де толыққанды «бұлтты есептеу немесе орысша айтқанда «облачный» вычисление» т.б. жаңартуларды ендірген екен. ESET Smart Security және ESET NOD32 Antivirus -тардың жаңа өте жылдам жұмыс істейтін жаңа интерфейсін атамай кете алмаймын. Үшінші нұснасының интерфейсі жақсы істелген еді, төртінші нұсқасыныкі өте кеңейтілген ыңғайлы интерфейсімен ерекшеленіп тұратын тұғын. Алдынғы нұсқаларындағы интерфейс туралы қателер туралы, бұл нұсқаларында иісі де шықпайды. Ал мынау бесінші нұсқасы өте ыңғайлы, қарапайым, барлық мүмкіншілігіне жылдам қатынуа мүмкіншілігі ие. Қысқаша айтқанда тап-тамаша етіп сырт келбеті өзгертілген. Антивирусты жасаушылардың айтуы бойынша бұл жаңа Бета нұсқасы компьютерге зиян алып келетін көптеген жағымсыз бағдарламалар мен программаларды толықтай тексеру мен сүзгілеуден өткізетін қабілетке ие. Ең көп вирустар флешкалардан келетінін білетін болсақ, компьютеріңізді сіздің сұранысыңыз бойынша толық флешкаларды, CD және DVD дисктерді жасырын бүлдіргі программаларға тексеріп бере алады. Тағы да мынадай әркетті орындауға болады, күдікті деген флешкаларды арнайы шектеулер қойып тастауға. Шектеуді ақпартты тасымалдау құрылғысы яғни флешкаларды оның шығартын өндірушінің ерекшеліктеріне байланысты, оның сериялық нөміріне қарай шектеу қоя алады. Өздеріңіз білетіндей ESET компаниясы өздерінің өнімдерінің әр нұсқасында жылдам тексеру, аз күшті қажет етуді мейлінше жақсартып отырады. Басқа антивирустық бағдарламалардан да осы тамаша мүмкіншіліктерімен ерекшеленіп отырады. Күдікті деген бағдарламаларды сіздің мазаңызды алмай, немесе сіз мына бағдарлама күдікті деп таңдап қойсаңыз антивирустың өзі автоматты түрде өздерінің серверіне жіберіп отырады. Оны онда антивирустық бағдарлама жазатын програмисттер зерттеп оған қарсы антивирустық бағдарламаның ол бағдарламаға төтеп бере алатын мүмкіншілігін арттырып отырады.
Вирустар компьютерді зақымдауда Операциялық Жүйе қосылғаннан жұмыс жасап, вирустар алдымен антивирустың қосылуына кедергі жасайтын еді. Ал бұл Бета нұсқасын Операциялық Жүйе қосылғаннан жылдам түрде әрекет ету фунциясының арқасында зақым келтіруші бағдарламалардан бұрын қосылып оларды барынша залалсыздандырады. Енді бұл нұсқасында іске қосылған Геймер функциясында, сіз ойын ойнап жатқанда хабарлама беріп ойыннан шығарып жібермейтіндей мүмкіншікке ие.
Толықтай ESET Smart Security 5 Beta нұсқасында жасаушылар Ата-Аналық бақылау және жағымсыз сайттарды қара тізімге қосып қою, веб-беттерді залал келтіретін бағдарламаларға сүзгілеу мүмкіндігіне ие. Тағы да модифицияланған Сапамға қарсы мүмкіндігі жетілдірілген.
p.s. Бұл менің алғашқы белгілі бір бағдарламаға шолу мақалам. Алдағы уақытта толыққанды ақпарат беруге тырысамын.

5 пікір