Mozilla Firefox браузеріне арналған 7 плагин

IT information /
Mozilla Firefox браузерінің шексіз мүмкіндіктерімен танысуды жалғастырамыз.
PROWEB CENTER-дің бірнеше айлық ізденістері нәтижесінде көпшілікке пайдалы екеніне көз жеткізілген Mozilla Firefox браузеріндегі 7 плагинді қабыл алыңыздар!

1) Adblock Plus — интернет рекламалар мен теріс мағыналы сайттар, линктермен күресуге арналған ең мықты плагин. Орнатылған соң өзіңізге керекті фильтрді таңдау арқылы қай мемлекет сайттарынан реклама алынып тасталынуын қадағалай аласыз.(Қазақстан жоқ) Бұл плагин жұмысы жайында өткен видеосабағымда айтып кеткен болатынмын.

2) DownThemAll — интернеттен ақпарат (сурет, музыка, видео т.б) көшіріп алу процесін жылдамдатуға арналған плагин. Интернет жылдамдығы нашар қолданушылар жүктеудің айырмашылығын сезбеуі мүмкін. Интернет жылдамдығы 512Kb тан жоғары болғаны дұрыс

3) Super Start — браузердің басты бетіне өзіңіз жиі кіретін интернет ресурстарды сақтап қоюға арналған плагин. Одан бөлек панелдің жанына өзіңізге арналған ескертпелер (заметка) жазып қою мүмкіндіктері қосылған.

4) Speed Dial — браузердің басты бетіне өзіңіз жиі кіретін интернет ресурстарды сақтап және оларды тематикаларына қарап айдарларға бөлуге жағдай жасалған плагин. Одан бөлек плагиннің басты бетіндегі және айдарларындағы артқы фонын, сақталған адрестердің суреттерінің көлемін өз қалауыңызша өзгерту мүмкіндігі бар.

5) Firebug — веб программисттер үшін таптырмайтың құрал. Кез-келген сайттардағы CSS немесе HTML файлдарды алдын ала реттеуге, жазылған скрипттер мен сайттардағы қателіктерді (bug) іздеуге арналған плагин. Осындай плагин Opera және Chromium браузерлерінде де қарастырылған. Бірақ, дауыс берулер нәтижесінде Firebug плагині айтарлықтай айырмашылықпен алға шыққан.

6) NoScript — сенімсіз сайттардың қауіпті скриптерінен сақтанудың мықты жолы. «2006 PC World Class Award» конкурсының жеңімпазы.

7) CensureBlock — интернеттегі порнографиялық мәні бар сайттардан және тілдік нормативке жатпайтын сайттарды бұғаттауға арналған мықты плагин. Әсіресе, жас балалардың бақылануын қамтамасыз етеді. Орнатылған соң кез-келген порнографиялық мәні бар сайттарға кірмей, автоматты түрді браузердің бас бетіне өткізіп жібереді.

Пысс: Бұл плагиндердің баршасын браузеріңіздегі жоғарғы мәзірден Құрал-саймандар(Инструменты) ---> Қосымшалар (Дополнение) деген бетке өтіп, сол жерден іздеу арқылы орната аласыз.

2 пікір

aitaber
Шынында да пайдалы екен. Down Them All плагинін қолданамын. Ұнайды!
aikedoku
Файрфоксты бұрыннан бері қолданып келемін. Біраз плагиндар өзімнің қолданып жүрген плагиндарым екен)) Сондай-ақ FlashGot плагины онлайн видеолар мен онлайн өлеңдерді жүктеу үшін таптырмайтын зат)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.