LTE технологиясы

IT information /
LTE (ағылшынның Long Term Evolution) — интернет қолданушыларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ететін мобильді интернеттің төртінші кезеңі. LTE технологиясы мәліметтерді алдынғы технологиялардың жылдамдығынан он есе артық жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді. Аталған технология Қазақстанда ALTEL 4G тауар белгісімен нарыққа шықты. Бүгінгі таңда тек Астана және Алматы қалаларында ғана жоғары жылдамдықты интернет желісі іске қосылған.

IT information: LTE технологиясы

LTE технологиясын жасаудағы мақсат:
жоғары жылдамдықты ұялы байланыстың мүмкіндіктерін арттыру;
— құжат алмасу бағасын арзандату;
— құжат алмасудағы интернет жылдамдығын арттыру;
— қолданыстағы жүйені жақсарту;
қолжетімді бағада басқа да қызметтерді ұсыну.

LTE технологиясының мүмкіндіктері:
— Мобильді телефондар арқылы бейнеқоңырау шалуға болады;
— Мобильді телефондарға арналған теледидарлар іске қосылады (мобильді журналисика күтіп тұр бізді);
Интерактивті ойын ойнау, спутникті картаның жылдам ашу, жаңалықтардан бастап фильмдерге дейінгі видеоконтентті смартфон арқылы қарау;
— Ноутбуктар мен нетбуктарда HD форматындағы әндер мен фильмдерді жоғары жылдамдықты интернетпен жүктеуге болады.

wikipedia ның айтуынша, әлемде алғаш рет 2009 жылы коммерциялық LTE мобильді байланыс жүйесіне Швеция қосылған. Ал МТС операторы LTE желісін ТМД елдері арасында алғаш Өзбекстан астанасы — Ташкент қаласында іске IT information: #ALTEL 4Gқосқан. 2011 жылдың 1-желтоқсанында «Yota» операторы Белоруссия астанасы — Минскіде 4G интернет желісін тестілеуді бастаған.

2011 жылы 9-желтоқсанда Бишкек қаласы жоғары жылдамдықты LTE технологиясына негізделген интернет желісін қолдана бастаған. Сондай-ақ, 2012 жылдың 19-маусымында Чех Республикасы коммерциялық LTE желісіне қосылса, 2012 жылдың 25-желтоқсанынан бастап Астана және Алматы қалалары 4G желісін іске қосты. ALTEL 4G мобильді интернетінің Алматы қаласындағы жылдамдығын көру үшін сілтемеден өтіңіз.

Суретте әлем бойынша LTE 4G жоғары жылдамдықты мобильді интернет желісіне қосылған елдер көрсетілген.

Қызыл түсті елдер — коммерциялық LTE 4G интернет желісіне қосылған елдер.
Қанық көк түспен боялған елдер — LTE жүйесіне енді қосылған немесе жақында қосылатын елдер.
Ашық көк түсті елдер — LTE 4G мобильді интернет жүйесі сынақтан өткізіліп жатқан елдер.

IT information: #ALTEL 4G

Analysys Mason-сайтының пайымдауынша, Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінде
2013 жыл мобильді телефондардың басым бөлігін смартфондар құрайтын алғашқы жыл болмақ. Яғни 2013 жылдың аяғына дейін Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінде мобильді телефондардың 54%-ы смартфондар құрайтын болады.

Сондай-ақ Analysys Mason болжауынша, 5 жылдың ішінде мобильді телефондардың 84%-ын смартфондарға айналмақ.

IT information: #ALTEL 4G

Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінде 2011 жылдың соңына дейін телефондардың тек 1%-ы LTE-ге қосылған болса, ал 2012 жылы 9,9%-ға өскен. 2017 жылдың соңына дейін мобильді телефондардың 62%-ы LTE жүйесін қолданатын болады дейді Analysys Mason.

Енді смартфон немесе планшет алатын болсаңыз, LTE 4G жоғары жылдамдықты мобильді интернетті қолдайтын құрылғы алғаныңыз жөн.

Қосымша ақпаратты мына жерден ала аласыз.
Суреттер: мына, мына , мына жерден алынды.

10 пікір

korwinin_kyzy
Пікір жазуға арналмаған пост екен. Рахмет )) Ұрысып қырылысып төбелесіп кететін посттар керек))))
Соңғы өңделген уақыты:
followme_alik
Бүрсігүні болады) _Тыңдай тұр
qyrmyzy
Сенің LTE-ден хабарың бар деп ойлаймын
qyrmyzy
Бір сәт танымдық жазба оқышы өзің. Танымдық сайтқа «Бабайкзтің» кебін кигізбей
korwinin_kyzy
Cонгы кезде қалжындап жазган сөздерімде өтпейтін болыптыго))
qyrmyzy
Ән нәрсе — өз уақытымен! Етек-жең жинайтын кез келді! талқыла мына жаңа технология жайлы, сұра, біл, үйрет, көрсет!
korwinin_kyzy
жооок тусынбедыныз мен мына сойлемді қалжындап жаздымго деймин
Пікір жазуға арналмаған пост екен. Рахмет )) Ұрысып қырылысып төбелесіп кететін посттар керек))))
korwinin_kyzy
талқыла мына жаңа технология жайлы,
мен мына технологияны тусинбейм біздерге нокиа 2700 дын дәуірі казыр
korwinin_kyzy
Бұл неткенің Абай атамыздын атындағы сайтты Бабай кей зет деп кемсітуге болама екен а:? Канекей кешірім сұра осындай ардактыларымызды келеке еткен ушын ))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.