Times New Roman қаріпі қалай пайда болады?

IT information /


Сайтымыз танымдық сайт болғандықтан, тақырыптан ауытқымай танымдық тақырыптар жазуға бел будым. Мүмкін сізге қызықты ақпарат болуы мүмкін, не де болса танымдық атына сайт блог жүргізуге көштім.
Мен алғаш компьютерге отырған кездерім сонау 2000-2003 жылдары болуы керек. Алғаш Windows 98 ОЖ орнатылған ескі компьютер болатын. Информатика сабағын жібермей баратын Ерболға компьютер қатты қызық еді. Анам көзін ауырады ғой деген ескертуіне қарамай, сабақтан бос уақытта да компьютер кабинетінен шықпайтын едім. Сондағы Paint сурет редакторы, Word мәтіндік процессорын шұқылап отыратынмын. Сондағы алі есімнен шықпайды, мәтіндер қалай қисаймай қалай түзу болып шығатын деп таң қалатынмын, принтердің қасына барып үңіліп. (Бұл менің танымдық тақырыбыма кіріспе еді)



Барлық компьютер қолданушылар әлі күнге дейін қолданатын Times New Roman қаріпі төңірегінде болмақ. Бірақ осы сайтты қолданушылардың ешқайсысын осы қаріптің шығу тарихы қызықтырмағаны немесе қызықтырғаны мен үшін аян емес. Сондықтан осы қаріп туралы танымдық ақпар бере кетсем.
Таймс Нью Роман қаріпі сонау өткен ғасырдың 32 жылдары типографшы Стэнли Морисон мен суретші Виктор Лэрденттің бірлесіп еңбек етуінің нәтижесінде дүниеге келеді.
1931 жылы Морисон әлемге айгілі ағылшындық The Times газетінде, газеттің сапасыз қаріпте басылатындығы, оқуға ығайсыздығы туралы мақала жариялайды. Сосын осы газеттің суретшісі Виктор Лэрдентке жаңа қаріпті жасауда көмек беруін сұрайды. Мысал ретінде Морисон мына Plantin қаріпі түрінде болсыншы деп өтініш қылады. Қаріптің мақсаты оқуға ыңғайлы, және көп орынды алмайтын жақсы қаріп болуы керек болатын. Алғаш қаріп 1932 жылы 3 қазан айында газеттің негізгі қаріпі ретінде қолданыла бастайды.
Times New Roman қаріпі 1990-95 жылдарында кеңінен қолдана бастады, себебі компьютерлер шыға бастағанда Microsoft атты алпауыт өзінің Операциялық Жүйесінде ОЖ қолдана бастады. Times New Roman қаріпі Microsoft Office-тің барлық нұсқаларында Microsoft Office 2007-ші нұсқасына дейінгі барлық нұсқаларында бас қаріп ретінде қолданылды. Microsoft Office 2007-ден бастап Calibri қаріпі басты қаріпке ауыстырылды. Microsoft-тан бөлек Apple Macintosh-те өздерінің бағдарламаларында басты қаріп ретінде қолданды.

2 пікір

MSHERIMBEK
Open Office, Koffice барлығында бар ғой:) Ең кең таралған шрифт)
beko
Себептердің арқасында, тарихта із қалуы, осы(шрифт) бір кішкене мысал болуда…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.