Тұңғыш хакер – қазақ жігіті

IT information /
Оның есімі осыдан 27 жыл бұрын тұңғыш хакер ретінде бүкіл дүниежүзіне тарады. Әлемдік ғалымдар ақпараттық технологияға енді ғана қадам жасай бастағанда, қарапайым қазақ жігіті алып зауыттың компьютерлік желісін бұзуға болатынын ашық дәлелдеді. Ал Кеңестер Одағы Алматыдағы физика-математика мектебін, кейіннен Мәскеу мемлекеттік университетін тамамдаған талантты жігіттің атын жасырып, оның есімін шартты атаумен ғана атаған. «Мойындалмаған данышпан» атанған қазақ хакерінің электронды есептеу жүйесін бұзуына оған деген немкетті көзқарас себеп болған.

Ғаламторға Мұрат Өртембаевтың (іздеу сайттарында – Мурат Уртембаев) есімін енгізген адам оның Кеңес Одағында ресми мойындалған тұңғыш хакер болғанына көз жеткізе алады. Ол 1983 жылы атағы дүркіреп тұрған АвтоВАЗ-ға жұмысқа тұрып, кейіннен қазақ болғаны үшін қудалауға ұшырағанда, зауыттың бас бағдарламасын бұзады. Ақпараттық желісі бұзылған зауыт үш күнге тоқтайды. Алайда өз кінәсін мойындаған Өртембаевты жазалайтын заң болмай шығады. Сөйтіп, қарапайым қазақ баласының есімі бүкіл әлемге тарайды. Туған топырағына келіп көз жұмған Мұрат Өртембаевтың кезінде мойындалмай кеткен қабілетін достары мақтанышпен айтады.

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик:

– Мұраттың интернеттегі аты – «непризнанный гений», яғни «мойындалмаған данышпан». Ол – ресми газетке басылған бірінші хакер. Осыдан кейін дүниежүзіндегі заң жүйесіне өзгерістер енген. Осыдан кейін бағдарлама жасаушы деген кәсіптің мықты кәсіп екені мойындалды. Мұрат екеуміз МГУ-де бірге оқыдық. Бітірген соң оған Қазақстанда жұмыс табылмай біраз жүрді. Сосын аталған зауытқа жұмысқа тұрды…
Сурет алынған жер
Автор: Сағи Мұрат
толық нұсқасы

18 пікір

MSHERIMBEK
Еее, мен уайымдап жүрсем:) Қанымызда бар екен ғо, қашып қайда барамыз:)))
KILYZAMAN
Уайымдама еш. Бесқаруың сай болсын ;-)
MSHERIMBEK
Кеңес Үкіметі мұны Қылмыстық заңның қай бабына жатқызарын білмей дал болғанына күліп алдым:)))
KILYZAMAN
Ол үшін дәлелдік база керек еді. Ол жоқ. Егер Мұрат ағамыз өзі келіп мойындамаса, жабулы қазан — жабулы күйінде қалар еді. «Мұрат ағамыздың, өзінің біліктілігін дәлелдегені қылмыс емес» — деген гумандық тұжырымға келген шығар мүмкін ;-)
MSHERIMBEK
Сіздермен қатарлас шығар ол кісі?
KILYZAMAN
Пентковский деген бір СССР азаматының Пентиумдық бумның басы болғанын біреуің білсеңдер біреулерің білмессідер. Аудармасын қоярмын. Ерініп, көшіре салайын(коипасте) десем қазақша нұсқасы жоқ екен :-) Бұрынырақ аудармасын салатындар болса тіпті жақсы…
MSHERIMBEK
Сілтемесін берсеңіз, аударып көрейін
Abylai
мә міне жаңалық, патриоттығым оянып кетті айдооойт ахохооооу ооохххоооу уаааа. очм мақтаныштымын тойыс қуаныштымын)))
KILYZAMAN
Ұлттық намысты қорғаудың нағыз эталоны дер едім ағамызды :-)
Abylai
Орыстардың өздері тұңғыш СССР хакері деп мақтанып жатқанда мен тіпті жарылғалы отырмын мақтаныштан ))
PycJIaH
Бұл жайлы біраз сайттарды ақтардым бірақ мына жерде
Туған топырағына келіп көз жұмған Мұрат Өртембаевтың кезінде мойындалмай кеткен қабілетін достары мақтанышпен айтады.
көз жұмды деп жазылған. Мен қараған сайттарда мұндай ақпарат жоқ, қайта тірі және өзі бизнес ашып жұмыс жасап жатқандығы көрсетілген. Осыны бір қарап көрсеңіздер
aikedoku
Бәленің бәрі қазақтардан шығады ғой)))
Moldir_96
Міне, қызық! Шынымды айтсам, «Ең алғашқы хаккер — қазақ жігіті» дегенге қатты таңғалып отырмын… Жарайсыздар, қазақ жігіттері! Қазақ жігіттерінің 8 қырлы, бір сырлы екеніне тағы да бір көзім жетті… Тек қана АЛҒА!
KILYZAMAN
Талай жұлқарыда, жұлынды азаматтар арамыздан табылатынын ұмытпайық… Біз оларды бағалай алсақ қана ҚАЙРАТТЫ мемлекет бола аламыз.
Moldir_96
Әрине! Дұрыс айтасыз! +1
Korkem
тааааааааамаша екен! естімеген елде көп
Бұл жай ғана ертегі Алғашқы Хакер Қазақ жігіті дегенге мүлдем сенбеймін.Ол кезде қазақтар КОМПЬЮТЕРДІҢ не екенін де білмеген…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.