↑ Жоғары шығу
29 қазан 2012

Темір жол жөндеушінің бір күндік жұмысы

Сәлем бердім айтаберлік қауымға! Біраз болып қапты бұл блоктың жаңармағанына, бүгін сіздерге жолшының бір күндік жұмысы жайлы мағлұмат бермекпін.
Биылғы жаз ыстық болды. Қырық күн шілденің қақ ортасында көп адамдар көл жағалап демалыста жүргенде, сол қыдырмашылардың жететін жеріне аман-есен жетуін қамтамасыз ету үшін теміржолдың жол жөндеушілері ауа райына қарамай жұмыс жасайды. Күн арқан бойы көтерілмей жатып күн қызып тұрады. Әрбір жол монтері өзіне берілген бес шпалды ауыстыру керек. Жалпы бір бригадаға күніне 70-80 шпал беріледі ауыстыруға. Ағаш шпалдардың жарамдылық мерзімі 10-15жыл. Жол күтімін жасаудағы ең басты жұмыстардың бірі осы шпал ауыстыру. Қар мен жаңбыр, қыста аяз, жазда ыстық, табиғатың осындай түрлі әсерлерінен ағаштардың арасы ажырап, шпалдардың сапасы нашарлайды. Бірінші осындай шпалдардың санын анықтап бір кварталдық жұмысқа заявка береміз. Берілген жаңа шпалдарды осындай сапасы нашарлардан бастап ауыстырамыз. Ойлап отырғаан шығарсыздар бір адам күні бойы 5шпалды тез ауыстырады ғой деп. Ең алдымен өзіңе берілген бес шпалды ауыстыратын жерге тасимыз. Одан кейін орталық диспетчерден уақыт аламыз( поездар аз жүретін уақытты белгілейді) шамамен 1сағатқа кейде күрделі болып жатса 2сағатқа аламыз, кейде 20минутқа ғана аламыз. Бүгінгі күнге белгіленген км-дің рельстің шегелерін ағытып, жаңа шпалда ауыстырып, жаңа шегелер қағып үлгеруіміз керек. Біткенен кейін диспетчерге хабарласып, поездардың жүруіне жылдамдық береміз, өз жұмысыңның сапалы орындалғанына сенімді болуыңа байланысты жылдамдықты бересің.Осылайша жұмыс жалғаса береді.

Жалпы болат жолдарды бабында ұстау жолаушыларға жүктелген негізгі міндет. Ал рельсті жолдардың техникалық жағдайы қаншалықты талап үдесінен шығып жол шаруашылығының мамандары жол өлшеуші вагон ( бұл вагон жайлы келсі де кеңірек тоқталамын, теміржолшылардың тілімен айтқанда қисық аяқ) көмегіне сүйене отырып, көз жеткіземіз.
Пойыздар қозғалысына кедергі келтірген әр түрлі оқиғаларға байланысты бізге машинистерден тарапынан ескертулер түскен. Мәселен жыл басынан бері малдың жолға шығып кетуіне 38, басқа жағдайларға байланысты 11 ескерту алдым. Елдің баласы рельстің бойында ойнаса да, малы келіп жайылса да ескерту маған беріледі. Теміржолдың бойында жұмыс жасайтын жұмысшылардың жүйкесі темірден жаратылмаған. Шыны керек, кейде осыындай өзіңнің қатысың жоқ жайттарға ескертулер алып жатамын.Сонда жек көріп кетемін өзімінің жұмысымды. Біраз болды бір келеңсіздіңтердің кесірінен жұмысымды ауыстырды, яғни өзімнің бұрыңғы дәрежемнен төмендедім, басында жаман болдым, содан кейін етім үйреніп, ары қарай жүре бердім. Бірақ айтайын қағаз жұмысы шаршатты, мына бір темірімді арқалап алып, перегон қарап жолымды өлшеп жүретін күндерімді сағындым.
<img
Бір сәтке демалып отырған теміржолшылардың суреттерін ұсынамын.

?

Пікірлер:36

  • Ademi
  • 29 қазан 2012, 17:48
  • 0
Эххх, өмір-ай:) Біреулер креслода отырып, біреулер осылай күн көреді:)
avatar
  • Zhanat
  • 29 қазан 2012, 18:00
  • 0
әркімнің маңдайына жазылған мамандығымен күн көреді
avatar
  • VVVWWW
  • 30 қазан 2012, 04:19
  • 0
Әңгіме креслода отыруда емес, өз жұмысын ұқыпты атқару мен оның маңыздылығында ғой, жұмысына айлап келмейтін «босс»-тардың талайын көріп жүрік қой, ал сол кеңсенің тазалықшысы екі күн жұмысқа келмей қойсыншы, көзге бірден білінер еді (негізі жазатыным көп еді, бірақ бір «зануда» екен деп ойлап қаларсыз (ой бұл соңғы сөйлем Жаннат сізге емес).
  • Ademi
  • 29 қазан 2012, 17:48
  • 0
Бір күндік жұмысымды жазғым келіп отқаны…
avatar
  • Zhanat
  • 29 қазан 2012, 18:01
  • 0
жазыңыз, қай саланың мамандығысыз
  • Ademi
  • 30 қазан 2012, 16:29
  • 0
мамандығым? Стрессменеджер
  • Korkem
  • 29 қазан 2012, 18:21
  • 0
Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен,
Құр қалмайды ешкім де үлесінен.
күшті, жиі-жиі жазылып тұрса екен осындай посттарың
avatar
  • Zhanat
  • 29 қазан 2012, 18:34
  • 0
кім жазып тұрады? хатшым ба)))))
avatar
  • Jako
  • 29 қазан 2012, 18:33
  • 0
Тамаша пост, жол бойы жұмысы қиындығы мол жұмыс қой, сонымен қатар қызықшылығы да жоқ емес.Релъсте тізіліп отырған жігіттердің жүзінен шаршағандық белгісі сезіліп тұрсада өз істеріне ризашылықтары басымдық алып тұрғандай.Алдарында шатқан ешкі ма деймін…
avatar
  • Zhanat
  • 29 қазан 2012, 18:49
  • 0
ит қой)) Қызықты күндеріміз көп
avatar
  • m170785
  • 29 қазан 2012, 19:02
  • 0
менім нағашы ағам теміржолда жұмыс істегені біраз жыл болды. Басқа жұмысқа ауыспаймын, осы жұмысым өзіме тыныш әрі рақат дегені бар. Бірнеше жыл боолды істегеніне
avatar
  • Zhanat
  • 30 қазан 2012, 13:09
  • 0
теміржолдың өзі бірнеше салаға бөлінеді,істей бергің келетін салалары көп
avatar
Жәке, мен теміржолшылар отбасынан шыққанмын. Әкем де, анам да темір жол монтерлері болған. Олар үйге келгенде — выправка, дабивка, замена шпала секілді жұмыстарын екеуара шүйіркелесіп отыратын. Қазір білмеймін, бұрын 55 минут жұмыс істеп, 5-ақ минут демалған екен жұмыс уақытында. Теміржолшылардың да жалақылары мардымсыз, яғни, еңбектеріне қарай өте аз. Пост ұнады.
avatar
  • Zhanat
  • 30 қазан 2012, 13:12
  • 0
жоқ қазір жалақы жақсы, кейде қисық аяқ келіп қиып кететіні болмаса
avatar
мен пойызга быр ырэт мындым
avatar
  • qyrmyzy
  • 29 қазан 2012, 23:05
  • 0
дә? Көөөөөп қой
avatar
arine
avatar
  • Jako
  • 30 қазан 2012, 10:45
  • 0
Негізі анда-санда адамдарды көріп,әңгімелесіп тұрасың ба өзі, тілің әлі жөндеп шықпағандай былдырлақ бірдеңе))
avatar
БЫРАТАН өзім сөйтіп сөйлегенді ұнатам
avatar
  • Zhanat
  • 30 қазан 2012, 13:13
  • 0
өтірік істемеші
Менің әкелерім қойшылар:) Темір жол қиындықтарын білмесем де, малдың әбігерін көргем:) Негізі, оңай жұмыс жоқ қой:)
avatar
  • Zhanat
  • 30 қазан 2012, 13:14
  • 0
қойшы мен теміржолшының мамандығын салыстырсақ, теміржолшыныкі қиын
avatar
  • Aikona
  • 30 қазан 2012, 09:37
  • 0
Күшті пост, жұмыс туралы ең пайдалы пост деп білемін
avatar
  • Zhanat
  • 30 қазан 2012, 13:23
  • 0
рахмет
avatar
Соңғы сурет (бетін жауып турган смайл (copyright))
  • Ademi
  • 30 қазан 2012, 16:30
  • 0
мыну фбға кетіп қалмасын, вкға кетсе, позор нации
avatar
  • Zhanat
  • 30 қазан 2012, 17:21
  • 0
немене кетіп қалмасын?
avatar
  • Kan
  • 30 қазан 2012, 16:10
  • 0
Менде темір жолда істегенмін. бұл саланы жаксы білемін. Ауыр жұмыс. Ауырлығынан көрі жауап кершілігі үлкен жұмыс. егер рельстің бір болты дұрыс бұралмаса қаншама адамның өміріне қауып. Оның үстіне малдардың жолға шығып кетуі де бір машақат. Қандай жұмыс болмасын бәрі қиын. Тек соған көнетін адам бар. көне алмайтын адам бар. жоғарыдағы суреттегі ағаларға Алла разы болсын.
avatar
Атанәлет біздің үйдің ешкілері теміржолға шығып кете беруші еді. Жылда біреуі суицид жасайды
  • Ademi
  • 30 қазан 2012, 16:40
  • 0
Қатырасың, Жава жігіт
avatar
  • Jako
  • 30 қазан 2012, 16:41
  • 0
Анау алдарыңда жатқан итті сол сендердің үйдің ешкісі ма деп қалдым ғой))))
  • Ademi
  • 30 қазан 2012, 16:44
  • 0
Атанәлет
жәмән сөз нау
avatar
  • Kan
  • 30 қазан 2012, 16:52
  • 0
Ешкілде суицид жасайды дегенинизге бираз куліп алдымғой.
avatar
  • Zhanat
  • 30 қазан 2012, 17:44
  • 0
ешкілердің суицид жасауы иелеріне байланысты ғой
  • Ademi
  • 30 қазан 2012, 17:48
  • 0
avatar
  • Zhanat
  • 30 қазан 2012, 17:42
  • 0
поездардың дұрыс жүру қауіпсіздігі бізден басталады. Монтер болып істедін бе
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.