Сәнді бейіттердің не қажеті бар?

Қызылорда қаласына кіріп келе жатқан үлкен жолдың бойында мұсылман биіттері бар. Жөңкіп келе жатқан көліктер сол жерге келгенде қарқынын баяулатып, жолаушылар үнсіз Алладан дұға тілеп, беттерін сипап жатады. Осындайда бұрынғы үлкендер «Сен де мендей болғансың, мен де сендей болармын» деп гүбірлеуші еді дұғасын бағыштап болған соң.

Үлкендердің ізімен жүрмейтін кейінгілер бар ма, мен солай гүбірлеп отырғанмын қалаға кірер автобуспен жүйткіп келе жатып. Кенет алдағы екі кісінің дауыстары құлағыма шалына кетті. Біреудің әңгімесін тыңдай күнә екенін білемін, алайда дауыстарын шығарыңқырап, (бәлкім мақтанып) кеуде көтере айтқан әңгімелері күнәға батырумен қоса жағамды ұстатты.

Әлгі екеуі өзгелер естіп таң қалсын деді ме:

-Мына біреуінікі әдемі салынған екен, ананікі тіпті күшті екен,-дей келді де – Біздің апамның кесенесі мыналардың барлығынанда үлкен болды емес пе,-деді біріншісі. Сөзін құптай кеткен екіншісі:

-Иә, сұлулығынан да мыналардан асып кетті,-деп таңданысып, отырып бірі апасының кесенесіне 1 млн. кетті десе, екіншісі 1,5 млн. кетті деп санамалай жөнелді. Ей, Алла бұл не болып кетті деп жағамды ұстап отырғанымда менің қасымда отырған бір жас жігіт терезеден қарап отырды да:

-Қалада пәтерден пәтерге көшіп, азып тозып жүрмін, мындағылар зәулім ғимаратта жатыр ғой. Адам қызығады екен,-деп дүңк еткізді. Есеңгіреп отырған есім екеу емес, төртеу болдының күнін кештімде қалдым. Ойыма бірден Пайғамбарымыздың «Біреу мола жанынан өтіп бара жатып, мен осылардың орнында болсам ғой деп қызықпайынша ақырзаман болмайды» дегені сап ете қалды. Ана жігіттің ойына ол кіріп шығар емес, тамсанып, таңдай қағып отыр.

Ата-бабамыз қабiрстандарды өлiмдi, ақыреттi еске салушы, мәңгiлiк мекеннің барлығымызға ортақ екенін түсіндіруші орын екенін айтып кеткен. Аллаһ тағаланың жаратып, одан соң қайта тiрiлтетiнi деп осы жер сізіндіреді дейтін. Қазақ халқы мәйіттi жерлейтiн жердi көр деп айтады. Көзбен көрiп тәубе ету деген сөз, құрылыс салып жарысу деген емес. Өмiр бар жерде өлiм бар, оның дәлелiн бейiттердiң құлазыңқы келбетi еске салып тұруы керек. Ал бүгiнде ше? Бiр-бiрiмен жарысқан көз тартатын бейiттер тәубәшiлiкке емес, пенделiкке итеретiндей. Халқымыз қашаннан марқұмды құрметтеп, Құран бағыштап келедi. Бiрақ бейiттi мұқалмайтындай етiп салудан аулақ болған. Пайғамбарымыз: "қабiр бетi жерден төрт елi ғана биiк болсын”деген. Ал бүгiнде марқұмдардың тыныштық мекенi болған бейiт бастарын құрылыс алаңына айналдырып бара жатырмыз. Оған неше түрлi қымбат материалды пайдаланып, түрлi үлгi пiшiндерiне салып, бiрiнен-бiрi асырып, күмбездерiн жалтыратып, кiшiгiрiм мешiтке айналдырып жiберген кесенелер де көрiнді.

Осы бейiттердi кiшiгiрiм ғимарат етiп жатқандар тiрiсiнде бай не бастық, қолында билiгi бар не iрi кәсiпкер болғанын көрсетеу үшінгі бәсекелестік. Ал, оның жасаған күнәсі мен сауабын бір Аллаһ тағала ғана біледі.

"Өлi риза болмай, тiрi байымайды”деуiңiз де мүмкiн. Бiрақ ол мола басын дүбiрлетiп құрылыс сал деген сөз емес. Өлi рухына бағыштап құран оқыт, одан қалса, сол құрылысқа кеткен қаражатқа мешiт, мектеп болмаса басқа ел мұқтаждығына керектi нысандар салдыр, садақа бер, зекет ет, одан да артылса әлгіндей жігіттерге қала сыртынан лашық сал, мiне сауабы сонда тиедi. Ал бейiт басын дүбiрлетiп о дүниелiктердiң мазасын алып, жетiмдер үйге, ел мешiтке жарымай жатқанда қалталылардың қорым басында жарыс ұйымдастырып, бекер мал шашып, ғимарат сала берулері жақсылық емес.

Ағайын, адамдарға не боп бара жатыр? «Ақша бар да, ақыл жоқ» деген заман осы емес пе? Қала ішінде толық емес отбасылар тұратын апатты жағдайдағы бірнеше көпқабатты үйлер бар. Балабақша жетпей жатқан жер қанша. Тасбөгет кентіндегі «тауық кепе» атанып кеткен мектептің тұрысы анау, аялдамалардың сыйқы мынау, ал бұларға ақша жоқ, құрылыс заттары қымбат. Мұнан кейінгісін өзіңіз бағамдаңыз.

Алдағы уақытта дін өкілдері уағыз айтар, талап қояр, тіпті бұған Заңда араласар. Солай боларына сенейікші!

9 пікір

Jako
bok_kotergen_boktin_kabi Мына пост өте өзекті мәселені қозғаған екен,өкінішке орай осыны түсінер адамдар қатары сиреп барады-ау.
bok_kotergen_boktin_kabi
сол ғой адамдар бір бірімен жарысып жатыр
Korkem
bok_kotergen_boktin_kabi
кеЧ, жібі түзу есім таппадың ба?
Jako
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,

Боқтан сасық боласың өлсең тағы.

Мені мен сен тең бе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі—ол баяғы.АБАЙ.
yesbolat83
Бұл есім — bok_kotergen_boktin_kabi, Абайдың бұл өлең жолдарын білмеген адамға біртүрлілеу естіледі екен.
кеЧ, жібі түзу есім таппадың ба?
Көркеммен келісем.
pari
bok_kotergen_boktin_kabi
бұл Қайырбекқой:))
followme_alik
… мұның дұрыс та шығар)
Kan
сіз мысалға келтірген "өлі разы болмай тірі байымайды" деген мақал осындай ысрашылдыққа негіз болып отыр. Негізінде ол нақыл сөздің дұрысы мынау «Алла разы болмай тірі байымайды» деген.
Сіздің қозғаған тақырыбыңыз өте күрделі мәселе. жаппай біздің қоғамның арасына сіңіп кеткен бір індет тәрізді. Әрине бұл ысрапшылдықтанда Алла қаласа бір күні арылармыз. халықтың санасы шайтани ластықтан арылар Иншалла
yesbolat83
Қазақ халқы мәйіттi жерлейтiн жердi көр деп айтады. Көзбен көрiп тәубе ету деген сөз, құрылыс салып жарысу деген емес.
Көр сөзінің мағынасын енді түсіндім.
Осындай ысырапшылдыққа қарсы заң қобылданарына сенемін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.