Бүгін Семей полигонының жабылғанына - 21 жыл
Сәлем, Айтаберліктер!
Осыдан тура 63 жыл бұрын, 29 тамызда, таңғы сағат 07.00-де қазақ жерінде алғашқы ядролық сынақ жасалды. Сол кезден бастап Семей ядролық полигонында 456 рет ядролық және термоядролық жарылыстар болды. Бұл жарылыстардың 116-сы жазықты жер бетінде, құстары қалықтаған көк аспанға ашықтан-ашық жасалған. Семейдегі полигонның күштілігі сондай, 70 мың адамды тілге келтірмей, тағы 60 мың адамды сәулесінен қаза таптырған Хиросимадағы бомбадан 2,5 мың есе қуатты болған. Сондағы зардабын ойлана беріңіз...
Сол атом жарылысы қаншама халықты мүгедек қылды. Қаншама мал қырылды. Қаншама жас сәбилер дүниеге кеміс болып келді. Ойласаң жүрегің түршігеді. Семей полигонын жабуға ат салысқан Олжас Сүлейменов болды. Семей полигоны жабылып, ел қуанышынды шек болмады. Семей полигоны толықтай жабылды. Бірақта, мүгедек жандар сол қалпында қала берді. Семейдегі барлық мүгедектерге қәзіргі кезде барлық жағдай жасалынды.
Мынау жарылған сәті
Семей атом жарылысының салдарынан зардап шеккен адамдар.
Елімізде мұндай сұмдық жарылыс енді болмасын! Еліміз тыныш, басымыз аман болсын! Көк туымыз ашық аспанда мәңгі желберей берсін!
4 пікір
Ұмыту керек болған істі… Табиғат өзі тазарады…