Тiлдi техникаға бейiмдеуiмiз керек

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Басында латын қаріпіне көшуді жақтамайтынмын, өйткені қазақ тіліндегі 42 әріпке түсініксіз симболдарды жамағанша кирилицамен жүре берейік деп ойлайтынмын. Шынында кейбір, "қазақ алфавиті латыншада мынадай болсын" дегендердің нұсқасын көрсең, еврейдің ба, қытайдың ба қайдағы бір иероглифтерін қосып қояды. Ал оны компьютердің пернетақсында көру үшін, 4-5 жыл күту керек, оны юникодқа тіркеу керек, ал басқа системалар ол қаріптерді жақсы қабылдайма, қабылдамайма олда бар. Негізгі тақырыпқа оралсақ, бүгін сүйікті Жас Алаш газетімді оқып отырып мынадай мақала көріп қалдым. Мақала авторы Сейiтқасым Байбеков ағамыз екен. Сол мақаланы оқып отырып, басымды изегеннен басқа амал қалған жоқ. Өйткені латын әріпіне көшудің керемет жолын көрсетіпті. Оның нұсқасында ешқандай бөтен симбол жоқ, тек ағылшынның яғни пернетақтадағы 26 симболды керемет жолмен, қазақ алфавитіне бейімдеу жолын көрсетіп қойыпты. Оқып отырып, латын қаріпіне көшуге өзім басым дайын екенімді, сезіндім. Сіздер де оқып көріңіздер, ұнауы керек. Сілтемесі мінекей: zhasalash.kz/saraptama/9227.html (Бүкілдей мақаланы көшіріп әкелуге тым ұзақ екен және оригинал жерден оқыған қызығырақ болатын шығар деп ойладым) Егер қазақ тілін латын әріппіне дәл осылай қабылдасақ, ешқандай симбол ойлап бас қатырмаймыз, яғни қазақша жазу үшін ALT+Shift басудың қажеті жоқ! (Ағылшынша жазу үшін басуға дәл осы кезде тура келді). Біз ағылшын тілімен де, қазақ тілімен де компьютерде емін-еркін жұмыс жасай береміз. Сосын анау пернетақтадағы бір клавиште, тек ағылшын әріпі бар компьютерді қорықпай ала беруге болады. Мен тек компьютер туралы мысал келтіріп жатырмын, бірақ қазір дамыған заманда міндетті түрде ағылшын тілімен, қазақ тіліде сол қатарлы қолданып жатса өте керемет болады. Сосын менің ойымша егер латын әріппіне көшсек, тіліміз одан сайын бұзылмайды, қайта «мода» болып, жастар қазақ тілін ұялмай, қызығып қолданады деп ойлаймын өз басым.

7 пікір

Jako
Мода, бүгін тіліңді, ертең бәрін модамен өлшесең, сен сияқтылардан қазағымды құдай сақтасын!
Мен қазақтар салт-дәстүріне берік болғанын қалаймын, қазір орыс тілінде сөйлеу қазақ жастарына мода болған. Оны мысал ретінде көрсек, майл ру, вконтакте сияқты жерлердегі мыңдаған қазақ орысшаны жақсы білсе де, білмесе де орысшаны қолданады. Олардың ойынша орыс тілінде сөйлеу авторитет. Егер латын қаріппін енгізіп көрсек, қызығып оқуы мүмкін деп ойлаймын.
Jako
F0x_kz,сіз сауатты жігітсіз, жалпы сіздің жазғандарыңыз салмақты. Мен өз басым латыница біздің тілімізді сақаулатқанннан басқа еш пайда әкелмейді деп білемін. Орыс тілділер де латыницаны тез ақ меңгеріп кетеді, көрші орыс мемлекеті де латын әріптерін оңай оқи береді, демек олармен біздегі орыс тілділердің арасында анау атты қиындық туындамайды.Тағы біОлай болса осылай жалғаса береді деген сөз.Тағы бір ойлантарлығыкирилицамен жүргенде орыс тілі үстемдік етті, ал енді латыницаға көшкенімізде бүгін-ертең болмаса да, уақыт өте келе ағылшын тілінің үстемдігіне тап болмасымызға кім кепіл.Орыс тілі үстемдігі де осылай бастауыш сыныптардан орыс тілін енгізуден басталған,қазір сол үрдіс ағылшын тілімен қайталануда."Құлды иесі басқа бір құлиеленушіге сатады, бірақ құл бостандық алғандай болып қалады"- дегендей иллюзиялық жағдай бұл.Сондықтан егер біз тіліміздің дербестігін сақтағымыз келсе тың, тек өзіміздің дыбыс үндестіктерімізге ғана тән, басқа ұлттардың игеруіне азда болса қиындық тудыратындай әліпби ойлап табуымыз керек деп ойлаймын.
AL-ASTER
Тілді техникаға бейімдей алмайсыз. Себебі, жұрттың бәрі техник емес. Тек, тіл білімінде сауатты техникалық тіл білімі қажет. Ол бар қазақ тілінде, тек жетілмеген.
AL-ASTER
Ғылыми-техникалық стиль
Jako
Ал сол техниканы тілге бейімдеуге болмай ма?
Kan
Аға әліппейді ойлап табудың қажеті жоқ Ахмет Байтұрсыновтың жазған әліппейі бар емес пе. Сол төтте жазуға көшсек жақсы болатын секілді. Ол араб әріптеріне ұқсайды. Әрі сол төте жазумен Абайда, Ыбрайда жазған әрі құран әріпіне ұқсайтын жазуымыз болса имандылығымызда түзелер
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.