↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
12 наурыз 2012

ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ! КӨК БАЙРАҒЫҢ ЖЕЛБІРЕСІН МӘҢГІЛІК!!! (Ресей, Елец қаласынан)

  • жазған: Bek
  • 103

Ассалаумағалеикум Ардақты елім! Мне бүгін түн жамылып отырып, мүлгіген тыныштықта Елге деген сағыныш қысты. Сіздерменен ой бөлісе отырайын! Осы 9 сағаттық белдеуі бар алемнің ең үлкен державасының,(Ресей) өте үлкен тарихи кезеңдерді басынан откізген Елец деген қаланың мүлгіген тыныштық түні.

Елец қаласы


Пәлен жерден пайда бар, өз еліңдей қайда бар?! Жақсы жігіт жер шолып, ақыр түбі айналар
деп дана халқымыз! Мне менің сол пайдам, еліметамшыдай пайдам тисе, блім алып елге оралсақ! Сонау қой баққан, жерінде тай құлындай тебіскен достармен қаушсам, ауылым ата жұртыма жетіп игі істерге мұрындық болсам! Отансыз адам – ормансыз бұлбұлмен тең, Шетте жүрсең тарығарсын, Өз еліңді сағынарсың деп тап айтқан бабалар даналығына шек жоқ! Брақ осында жүріп азды-көпті көріп көз жеткіздім! Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы деген соған көзім жетті! Мен мұнда оқуға келгенімде Бір ҚАЗАҚ болар ең болмағанда деп едім брақ амал қанша!? Брақ ҚАЗАҚ жастарын таптым АЛЛАға шукір! Олардың да аңсағаны тезірек елге оралу! Шет елде білім алып журген ҚАЗАҚ баласының қайсысымен жолықсаңда елдің жердің жағдайы әнгме арқауы бола кетеді! Ресейде Қазақ жастары көпшілік сол Қазақ жастарының басын қосатын АТАМЕКЕН атты ұйымда құрылған!

Бейне сілтеме..

Бірақ менің бір әттеген айтарым біздің кей бір жастарымыз, Қанаттары қатайғасын оңын солын танығасын. Елдің қамы емес қара құлқынымен шет ел асып елге қайтпай қояды, оларға да дана бабам жауабын беріп қойғанғой шіркін! Ит тойған жеріне, ер туған жеріне деп! Біздің ҚАЗАҚ ешкімнен кем де емес, Артықта емес менің бір түйгенім осы болды! Айналайын ҚАЗАҚғым Көгіңде Қыраның Қолыңда Көк байрағың еш түспесін!
Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі!
Іргесі берік елді
Жау ала алмас.
Ауызы бір елді,
Дау ала алмас.
Ұлтарақтай болса да,
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат!
Ойыма тұздық болсын. Айтар сөзім көп… әттең!!!

?

Пікірлер:4

  • qyrmyzy
  • 12 наурыз 2012, 18:52
  • 0
сағынып қапсың кәдімгідей....қашан қайтасың елге?
  • Bek
  • 12 наурыз 2012, 19:38
  • 0
Айтпа) Келесі айдың 20 жұлдызына туралап жүрмін! Маған салса қазір кетіп қалар едім!)))
avatar
  • aigerim
  • 12 наурыз 2012, 22:13
  • +1
Иншалла қайтарсыз!!! Ең бастысы білім алып, туған еліңізге біліміңіз одан әрі артып қайтарсыз!!! Сол кезде елге деген махаббатыңыздың дәлелденгені болады!!! Құдай сізге қуат берсін!!! Достарыңыз сізге үмітпен қарауда!
  • Bek
  • 12 наурыз 2012, 22:28
  • 0
Аумин! АЛЛА қаласа!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.