Бұл не заман, ағайын?!
Баршаның басын ауыртып, балтырын сыздатқан «ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚ» жайында айтпақпын. Бүгін бір таныс қызымды кездестіріп қалдым, өңі қашып кеткен, сұрай келе қаланың бар жерінен жолдасын іздеп жүргенін білдім. Байғұс жігіт құмар ойындар ордасына барып жүріп, былыққа белшесінен батқан. Ол аздай айы-күні толып отырған келіншегін тағдыр талқысына тастап, үйден безіп кеткен, балаға, пәтерге жиналып...