Бұл не заман, ағайын?!

Сұрақ-Жауап сайты /
Баршаның басын ауыртып, балтырын сыздатқан «ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚ» жайында айтпақпын.Бүгін бір таныс қызымды кездестіріп қалдым, өңі қашып кеткен, сұрай келе қаланың бар жерінен жолдасын іздеп жүргенін білдім. Байғұс жігіт құмар ойындар ордасына барып жүріп, былыққа белшесінен батқан. Ол аздай айы-күні толып отырған келіншегін тағдыр талқысына тастап, үйден безіп кеткен, балаға, пәтерге жиналып жатқан қомақты ақшаны талан-таражға салып, астындағы көлігін сатқан, үйдегі әйелінің бар жиған-тергенін жымқырған. Қазынаның қайда кеткенін сезесіздер ғой? Сөйтіп, бір үйдің тірегі болып отырған азамат аз уақытта көше кезбесі болып шыға келген. Байғұс келіншек жылайды, қолынан келер қайраны жоқ. Адам болар, қалай ойлайсың?- деп үмітін үзгісі жоқ бейбақтың. «Шырылдатпаңдаршы аналарың мен құдай қосқан қосақтарыңды, ер-азаматтар»,-деп күллі әлемге естірте айғайлағым келіп кетті.

5 пікір

Nurbergen
Жалпы қазір ондай азартқа берілгендер азайып келе жатқан сияқты.
Құмар ойындар керек емес нәрсе, бір ұтарсың, бірақ қайта шыға бермейді.
Кеттіғой біраз ақшамыз футболға ставка қойып
aselek7686
Е, азайса жақсы болар, «ЕСІН ЖИЫП, ЕЛІН ТАПҚАНДАР» саны арта түссін деп тілейік!
maulen
Қайта сіздікі футболға кеткен екен.
maulen
Шынымен де құмар ойынның құрбаны болып кетіп жатқанқандардың көптігі қынжылтады. Мен осындай бір пост жазып едім кезінде. Қаласаңыз осы жерден... оқи аласыз.
aselek7686
Рахмет, Маулен, карап шыктым.Еси кеткендер есирип жатканда, естилердин жагдайын жасап алып жаткандары куантады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.