Ғашықтардың әлегі,не ермегі..

Таусылмайтын махаббат /
Бірде вк желісінде, бір парақшада бес кезеңнен тұратын "Ғашықтар жырлайды", деген ерекше жыр сайысы өтті.Оған тек әркім өз жұбымен қатыса алатын.Бізде өз бағымызды сол жерде сынап көрдік.
Жыр сайысынан аздаған үзінді.

Таусылмайтын махаббат: Ғашықтардың әлегі,не ермегі..

1 кезең.Ғашықтар монологы.

Ол:
көргенде қызықтырар талайды анық,
Таңым атса өзіңмен арайланып
Өмірде ең сұлуды кім десе егер-
Арай сұлу, Арай өмір, Арай жарық.

Қабағың тау мен тасты жаратындай,
Келбетің үміт отын жағатындай
Кірпігіңнің ұштары сезім тұнған-
Қастарың қарлығаштың қанатындай.

Өзіңді өлеңіме тоқып келем,
Бейнеңнен әлемдік жақұт терем.
Мөлдіреген көзіңнен сүйіктім-ау
Жайнаған болашақтан бақыт көрем

Өзіңсіз өтіп жатқан төзем түнге,
Кешейік бақытты өмір өзен күнге
Мен саған жүрек жібін ұстатамын-
Қалай басқарсаң жаным-ау өз еркіңде,

Мен:
Өзіңнен сездім жылуды жаттан сезбеген,
Өртеніп кетем, сен қарап күлген кезде мен.
Күндерден күндер өткенде саған кезігіп,
Бір көрген сәтте, өзгеше көрдім өзгеден!

Мұңдастық тағы тілекті қостық тілекке,
Күн болып шықтың,,,Қол бұлғап кеттім түнекке!
Бар сырым менен, жан сырым жұмбақ дегенмен,
Ардағым болып, қалғаның анық жүректе!

Келген бетте… Кеудемде бірден қалды ізің,
Қарама маған...Өртеніп жүрер бал жүзім.
Сезімін ару сездірмей жүред десек те,
Көңілім менің өзіңде ғана
Жалғызым!

Таусылмайтын махаббат: Ғашықтардың әлегі,не ермегі..

2 кезең.Ғашықтар диалогы

Ол:

Сен Жаным көңілімнің аңсар әні
Саған қарап әлемім тамсанады
Тағдырымыз бір сәт те бөлінбесін-
Соқсың бізбен мәңгілік таң самалы

Сен ғой жаным жүректің аңсағаны,
Көздерің махаббаттың дән сабағы.
Сені көрсем болашақ тек бақытты-
Сені көрсем жүрегім ән салады...-

Күнім өтті арманда санап таң нұр,
Жасадым көңіл тоқып сағаттан гүл.
Үлесімді бергендей жаратқаным — Жолықтырды бақыт деп саған тағдыр.

Жүрекпен құрақ тіктің жамауларға,
қарсы тұрдың тағдыр қойған қамалдарға
өзіңді сүймесіме айтшы жаным-
Мына менде амал бар ма, амал бар ма?

Мен:

Жанымды саған, барымды саған арнадым,
Арнадым бәрін, арнадым бәрін ардағым!
Жылдар мен айлар өткенде аңсап,іздеген,
Жаным-ау менің! Сен екенсің ғой арманым!

Бақытты болар әр адам өзі теңімен,
Сезімің сақтар жалғанның мені шерінен!
Арайлы таңдар өзіңмен ғана әдемі,
Арманым бар ма өмірім өтсе сенімен!

2 кезеңге қатысып болған соң, екеумізде бас тарттық ол сайыстан, шын ғашықтар жеңсін деп шештік.(монолог, диалог дегеннің не екенін түсінбедік-ау дим)
Бұл өткен шақтың әдемі естелігі.Сол кезде кәдімгідей қобалжып, сасқан едік.

2 пікір

maulen
Не деген махаббат десейшi?!
0010482335
ауыз толтырып айтатындай махаббат жоқ негізі)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.