«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жуырда жасотандықтар соғыс ардагерлеріне көмек көрсетті.

Өз ойым /
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жуырда Көкшетау қалалық филиалының «Жас Отан» ЖҚ белсенділері соғыс ардагерлеріне көмек көрсетті.
Шараның мақсаты – келер ұрпаққа үлгі-өнеге көрсеткен ардагерлерді құрметтеп, олардың ерліктерін дәріптеу болды.
Ж. Мусин ат. қазақ педагогикалық колледжінің жасотандықтары Ұлы Отан соғысының ардагері — Оспан Сәдуақасұлы Жүсіпке барып қайтты.Оспан ата 1923 жылдың 18 қаңтар айында дүниеге келген. 17 жасында соғысқа аттанған, бір рет жараланып, кейін қайтадан соғысқа шақырылған. Алғашқыда Ленинградта, кейін Белорусь елінде соғысқан. Соғыстан соң елге оралып, өз мамандығы бойынша мұғалім болып 55 жыл қызмет атқарды. Қазіргі таңда ардагердің 5 қызы, 1 ұлы, 17 немересі мен 34 шөбересі бар.
Жасотандықтардың назарынан тыс қалмаған тағы бір ардагер – Нәби Ахмеджарұлы Ахмеджаров. Ардагер 17 жасына жетпей соғысқа аттанды. Белоруссия майданында ерлік көрсетіп, елге 1947 жылы оралған.Нәби ата 9 баладан 27 немере мен 21 шөбере сүйіп отыр.
Балтыққа қарасты майдан алаңында ерлік көрсеткен Надежда Кравченко да жасотандықтардың ықыласына бөленді. Надежда Степановна соғыстан кейін, зейнеткерлікке дейін 54 жыл бойы дәрігерлік бөлімшенің басқарушысы қызметін атқарды. Надежда апай 2 қыз тәрбиелеп, 4 немере мен 5 шөбере сүйіп отыр.
Кездесу барысында ардагерлермен сұхбат жүргізіп, үй шаруасында көмектесті. Сонымен қатар, ардагерлердің көңілдерін көтеру үшін концерттік бағдарламалар жүргізілді: ән айтып, күй шертіп, қыздар мың бұралып билеп берді.Ал Надежда Степановна болса, қазақша ән шырқап, бізге: «Халқымыз бейбітшілікте өмір сүріп, еліміздің көркеюіне өз үлестерінді қосыңдар! Тәуелсіз елде мәңгі өмір кешіңдер!»-деп жылы лебіздерін білдірді.
Өз ойым: «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жуырда жасотандықтар соғыс ардагерлеріне көмек көрсетті.

1 пікір

aselek7686
Қуантарлық жай екен! Тек мамыр айына қарсы ғана еске алмай, әрдәйім қарттарымызға қамқор бола жүрсек, жақсы болар еді игі…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.