Адам іздеймін

Ақ парақтағы ойлар /
«Адамдарда осы ағаштың ерлігі жетіспейді» © Оралхан Бөкей



Иә, адам іздеймін. Айналамда мың-миллион адам жүрсе де, адам іздеймін. Мұзға айналып бара жатқан жүрегімді ерітетін адам іздеймін. Мұздап қалған денемді жылы сөздерімен жылытатын адам іздеймін. Еріксіз… Ыстық шуағы мол өмірде тоңып жүрмін. Жаздың жайма шуақ күндерінде тоңып жүрмін. Жылынғым келеді. Адамдардың сөздеріне жылынғым келеді. Бір ауыз сөздерінен жылу күтем. Күте беремін…
Өз-өзімді түсінбеймін. Түсінгім келмейді. Барлық шаруаларымды бір шетке ысырып қойып, көше кезіп кеткім келеді. Бәріне қолымды сілтей салғым-ақ келеді. Себебі суық, сұп-сұр өмір, әдемі түстер беретін ешкім жоқ. Қимайтын жақындарым жоқ. Сағынысып іздейтіндер де!


Ес білгелі мұншалықты күйреу халге тізгін бермес едім. Көңілді жүруге қанша тырыссам да, түк шықпайды. Жан-жағыма қарап, еріксіз қиялға берілем. Себебі менің айналамдағы адамдар бір-біріне жақсы сөздерін қимайды. Құдды бір сол сөздерді сатып алатындай, сөйлесе, бітіп қалатындай, шегі бардай, таусылып қалатындай. Осындайда неше түрлі «тарифтер» ойыңа оралады. Жимиып қана қоюдан басқа амал жоқ.

Біреулердің жүрегінде мың адамға жететін мейір-шапағат болады да, ал біреулерде бір адамға татымас мейір… «Мейірімділік танытпаған, мейірімге бөленбейді» делінген бір хадисте. Суық адам, суық мінез, тас жүрек! Өз баласына жекіп тастап отыратын аналардың талайын көрдік қоғамдық көліктерде… «Неге біз осы… » деген Тағанның сөзі рас-ау!(Оралхан Бөкей «Атау кере»)
Жаныма жақын адамдардан «суық» сөз естісем, жүрегімнің қатты тартылған бір сымы үзіліп кеткендей болады, өз басым. Ал жақсы сөз/жылы сөз естіген жағдайда өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей қуанатыным рас. Әсіресе таң атысымен жылы сөз естісем, күні бойы жерден жеті қоян тапқандай балаша мәз болып, құм басып қалған асылымды қайта тауып алғандай күнді ұясына қондыратыным да рас.

Өткенде аялдамада екі мылқауды көрдім. Қыз бен жігіт. Ғашықтар. Мен көріп жүрген ғашықтар ұрсып ауыздары ауырушы еді, ал аялдамадағы ғашықтардың саусақтары ауыратын көрінеді. Біз күнделікті көріп жүрген ғашықтар бір-біріне жиі айтатын жылы сөздерді, тәтті сөздерді айтып, еркелетеді. Ал олар… «Жаным, Күнім, Айым» деген сөздерді қанша талпынса да ести алмайды. Естімейді де! Ондай сөздерді естігенде қандай сезімде болатынын да білмейді, білмей о дүниелік болады. Өкінішті… Күн көтеріле бергендегі құстардың сайрағанын, жаңбырдың тырсылын, теңіздің шуын, найзағайдың жарқылын, бұлақтың сылдырын, сәбидің күлкісін ести алмайды, елестете де алмайды. Олар үшін өмір тып-тыныш. Тіпті өз сәбилерінің «мама» деген сөзін ести алмайды. Ал біз болсақ, ондай сөздерден шаршаймыз. Демалғымыз келеді. Ұмытқымыз келеді.



Мына дүниенің жарығын, күн сәулесін көре алмайтын соқырлар ше? Жүрегіне жақын адамының көзіне қарай алмайды. Оның көзінің түсін қандай екенін тек қана естиді, көре алмайды. Бірақ көргісі келеді… Сәбиінің кімге ұқсағанын өз көзімен көргісі келеді, әттең, әкесіне ұқсағанын тек ести алады. Тек қана естиді… Олар үшін өмір қап-қараңғы…
Ал, біз үшін ше?

Неге осы біз жығылып жатқан біреуді көргенде ең болмағанда жылы сөздерімізбен сүйемейміз, демеу бола алмаймыз. Керісінше, жұдырықтың астына аламыз. «Былай ету керек едің», «неге олай еттің» деп ақылгөйсиміз. Неге біз осы таңертең «күнің қайырлы болсын» деп айта алмаймыз? Неге біз осы біреудің жағдайын сұрай алмаймыз? Бірге қайғырып, қуанышына ортақ бола алмаймыз? Неге біз осы өзіміз бірінші боп амандаспаймыз? Неге бірінші ол амандасу керек? Неге біз осы жоқ жерден соғыс іздеп отырамыз? Неге біз осы жүрегіміздің жартысына «мен сені сүйем» деп айта алмаймыз? Неге оларды жиі еркелетпейміз? Неге? Неге?..



«Сезім мен жүректің соқырлығынан сақтасын» © Оралхан Бөкей

P.S: Бүкіл әлем теріс айналып кетсе де, қасымда болатын, жұбататын, дем беретін адам іздеймін.
Әй, сол адамды іздеп әлі біраз сандалатын шығармын…

«Бақыттың қалай келгенін емес, оның қалай кеткенін сезесің» ©Бауыржан Момышұлы

Суреттер: мына жерден алынды.

44 пікір

pana
қатты ұнады…
qyrmyzy
Рахмет. Менікі тек жаза салу емес…
pana
тек жаза салдым десеңіз де сенбес едім. қай қайдағыны ойлап кеттім… ойды ой қозғайд деген…
qyrmyzy
Әрекет те ету керек
pana
«Сезім мен жүректің соқырлығынан сақтасын» © Оралхан Бөкей
Korkem
Эх, жылы сөз
beko
Эх, жылы сөз…
((...
alikona
Жаңылай жарайсың,өз ойынды ашық жеткіздін,ішін де біраз босап қалған шығар ә?! Ойынның ұшқырлығына тәнтімін!
qyrmyzy
Рахмет. Жеткізуге тырыстым. Босап қалды деп па;)
akil_kalta01
Пай-пай жалған-ай десеңші! Мына сөздеріңде шындықтың лебі соғып тұр:

«Жан-жағыма қарап, еріксіз қиялға берілем. Себебі менің айналамдағы адамдар бір-біріне жақсы сөздерін қимайды. Құдды бір сол сөздерді сатып алатындай, сөйлесе, бітіп қалатындай, шегі бардай, таусылып қалатындай. Осындайда неше түрлі «тарифтер» ойыңа оралады. Жимиып қана
қоюдан басқа амал жоқ.»

Басқа амал бар! Тек оны іздеу керек! Если шо іздеуге өзім жәрдемдесем!!! :)) Тек күліп жүр, қасыңа көңілділер қайырымды мейірімділер жиналады.
Madi
… пікір жойылған
qyrmyzy
оййй, мынауыңды ұқпадым
qyrmyzy
Охх, қалай көмектесесің?
akil_kalta01
Не ғо, көмектесуді былай бастаймын. Қасыңда бірге жүріп:
— «Адам іздеймін аууу, адам іздеймін аууууу»,- нәтижесін бермесе қасыңда жап-жақсы адамның жүргенін ескертер едім :))
MSHERIMBEK
«Адам іздеймін аууу, адам іздеймін аууууу»
муахахахаха, базар есіме түсіп кетті)
akil_kalta01
Өмірдің өзі «базар» емес пе? «Муахаха» күлгеніңнің белгісі ме?
Муахаха, ай қате тапқышсыңдар ғой :))
MSHERIMBEK
Енді, кеше ғана танысқан емес, талай уақыттан бері біліспіз ғой:)))
qyrmyzy
Қой, айғайлағаны нес? Оданша действуй!
AL-ASTER
Жүрек алып ұшып, дамылсыз соғуда ма?
Ол махаббат емес, ол — ғашықтық.
Бір-біріңнен физикалық тұрғыдан да алыстау қиын ба?
Ол махаббат емес, ол — құмарлық.
Сүйіктіңе қарап өзіңді зор санайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — сәттілік.
Онымен үнемі бірге болғың келек ме?
Ол махаббат емес, ол — жалғыздықтан.
Онымен бірге болғанды моральдік міндет санайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — адалдық.
Оны ренжітіп алмау үшін, қолдап жүресің бе?
Ол махаббат емес, ол — аяушылық.
Онымен тек бір сәттік ләззәт үшін бірге болғың келеді ме?
Ол махаббат емес, ол — сенімсіздік.
Оған тиесілі екеніңді ғана мойындап жүре бергенді жөн санайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — шектен шыққан әдет.
Оның бар қатесін оңай кешіре саласың ба?
Ол махаббат емес, ол — достық.
Өмірде жалғыз ойлатыным тек сол ғана дегенді құптайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — өтірік.
Ол үшін барыңды қиюға әзірмісің?
Ол махаббат емес, ол — жомарттық… :)

Дереккөз
Korkem
Тамаша! тамаша жазылған
pana
махаббатқа не қалды сонда?
beko
saya? мүмкін Құрмаш Махановтың Риясыз махаббат өлеңін тыңдап көрерсіз?
тыңдаймын десеңіз міне
өзіңізге жүктеймін десеңіз міне
qyrmyzy
«Махаббат болмаса...» керемет ән екен. Рахмет!
Yasin
Бейнебаян қатты ұнады
Aidar
Керемет пост! Менің атымнан +1
calendula
+1. Керемет! Ғажап! Ойымдағыны дөп бастыңыз!
Begimzhan
Тамаша! Маған Қырмызының жазу стилі ұнады. Әрине, болашақ журналист қой… Қаламыңның қарымы талмасын!
qyrmyzy
Рахмет:) Тырысамыз
mairosh
осыны оқып отырып мына сурет есме түстібасқа айтарға сөзім жоқ… Шын дос болатын адам сенің айтып тұрған сөзіңді емес жүрегіннің айтып тұрған сөзін ұғады. Ондай адамдар аааззз иәә((((
mairosh
анау клипке мен жіләватрм (((((( неге тындаттырдың ((( ауырттың жүректі ауырттың((((( неге тындаттырдың
qyrmyzy
Қойш енД, жас бала болмай:) Сен ғашықсың!
beko
Begimzhan аға жазғандай яғни айтқандай, иә, жақсы жазыпсың!
Сосын адам іздегенің жайында, ойй жаным аууу,
әрқайсысы өзінің уақытысымен емес пе, бірақ сен әрекет етіп отырсың, жарайсың!
Сен мықтысың ғой, әлі ақ бәрі жақсы болып кетеді. Тағы да айтарым, сенде осындай уақыт, кейін қуаныштың уақыты келеді, тек кішкене сабыр…
Соңғы сөзім, әлі ақ бәрі жақсы болады… (бірақ, сол тезірек болса екен гой иә?)
qyrmyzy
Рахмет:)
«Сезім мен жүректің соқырлығынан сақтасын» ©
деймін де. Рахмет үлкен
beko
Кездейсоқтың өзі кездейсоқ емес…
AKA
«Адам іздеп жүрмін» /Әкім Ысқақ/ күнделік-кітап, оқымасаң оқып көр. Осы кітап қолыма бесінші сыныпта түсті-ау, көкем жазған деп қояйыншы. :)) Не ғой, сен үшін… өзің білесің ошым :)) Ойға шому — бұл қалыпты жағдай, болуы да керек, есею деп түсінемін. Былай суреттен қуырдақ керемет піскен сияқты, иә? :)))))
qyrmyzy
Оны оқымаған қыз жоқ шығар деп ойлаймын. Көп ренжи беретін құрбымызға сол кітапты қайта-қайта оқыта беретін ек. Шіркін-ай десеңші. Айхай-ау, Әкім аға сенің де көкең бе еді? «махаббат хаттары» деген кітабын еш оқи алмадым сол кісінің, есейдім бе деп қоямын ;) Иә, қуырдақ керемет енді. Қарның ашып отырса, сол енд, ел тамақ жайлы пост жазып, тамақ жайлы пікір қалдырады, дүнеи-ай, кеттім
Салеметсизбе, кеширерсиз «Адам іздеп жүрмін» /Әкім Ысқақ/ китабын кайдан алсам болады*??
yesbolat83
Құдайым-ау, бұл клиптегі қыз маған «Жылымықтағы» Жанарды елестетті ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.