"ХАТ" - деген қасиетті зат болған...

Ақ парақтағы ойлар /
Мүмкін қазіргі жастар «ХАТ»-деген нәрсенің болғанын естіген де шығар, көзбен оқып,қолмен ұстап білетіндері де болар.Бірақ сол «ХАТ»-жарықтықтың ұялы телефондар шыққанға дейінгі атқарған қызыметін білсе де, қаншалықты қасиетті, беделді болғанын көбі біле бермейді-ау. Иә, солай апаларымыз бен аталарымыздың сандықтарының түбінде сонау майдан даласынан жолданған,қимастарына, бауырларына, ата-анасына деген жалынды сәлемдерін жолдаған сарбаздардың хаттары сап-сары болып сақтаулы жататын.Айлап-жылдап жинақталған сағыныштарды алып ұшар ақ көгершіндер еді ғой бұл « Хат «-дегеніміз. Әскедегі баласына деген сағынышын, баласының анасына деген махаббатын жеткізуші алтын арқау еді бұл » ХАТ »-деген.Бір-бірінен мыңдаған шақырым қашықтағы ғашықтардың жүрек лүпілін, ыстық сезімін жеткізуші, жалғкастырушы үміт жібі еді бұл «ХАТ «-деген.Мен сол хат туралы бір өлең жолдарын ұсынбақпын сіздерге.

Міне, тағы хат келді сағындырып,
Жүрген шақта тағатсыз жаным күтіп.
Тұмарындай сезімнің тәңір берген,
Қастерлеймін хатыңды әрбір келген.

Айдың күміс сәулесін шырақ қылып,
Хатыңды оқып отырмын жылап-күліп.
«Ұмытпа»-деп жазыпсың хат соңында,
( Сөзін қара, түсерсің,қап қолыма… ).

Неге ұмытамын, сен жайлы түсім кілең,
Жақсы ырым деп көптігін түсіндім мен.
Мың қосылып жүремің, мың айырылып,
Кейде шошып оянамын,құдай ұрып.

Айрылысуым сен алыста жүргендігің,
Қосылуым өзіңменен өтеді бірге, түнім…
Қызық болды,өткенде, жылы жүзді,
Карта ашты цығаннаң сұлу қызы.

Түйді сөзін:-« Сіз оны сүймейсіз »-деп,
Мен жымидым-« Бал аша білмейсіз »-деп.
Қыз сөзіне қайтейін, налып, сонша,
Сүйетінім бір сені анық болса.

Өлең авторы:Х

5 пікір

Korkem
Мына постты жазуыңызға қай посттың итермелегенін сезіп отырмын, аға :))
Jako
"Ішің білсін,әллуай"-дей ма…
qyrmyzy
Ата, әже деп ары кетіп қалдыңыз. Әкем мен мамамның хаттары бар. Махаббат хаттары. Бала кезімізде прикол ұстайтынбыз дауыстап оқып. Содан интернетқа оқуға түскен соң, әпке, інілерріммен хат алысатынбыз. Арасында достарым, сосын біреу жазып тұратын. Қазір де хат алысатындарым бар. Конверт қолыңа түскенде сенен асқан бақытты адам бола ма???? Таңертең хат кеп тұрса ғой…
konvict
Эхх… Хат, хат… Бұрынғы қызыма талай мәрте хат жазып едім. Кейін екеуміз айрылысар кезде бар хатымды қолыма ұстатты. Қайта оқуға дәтім жібермеді. Жыртып тастадым…
Korkem
ық-ық бұрынғы қызым дейді, сауап болған!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.