Түсінгенім...
Бір керек қағазымды іздеп жатып, осыдан 5жыл бұрынғы қойын дәптерімді тауып алдым, қайдан, қай күні жазғаным есімде жоқ мына бір жолдарды жазып қойыппын.
Түсінгенім...ешкімді қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың. Жақсылығыңды аяма,қалғанын өздерін біледі
Түсінгенім... сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір-ақ сәт.
Түсінгенім...өмірде қолда не бары емес, сол жағдайда не істегені маңызды
Түсінгенім...сөз қайтару, ойланып сөйлеуден жеңіл
Түсінгенім.… кіммен қоштассаң да жылы шырай таныт,өйткені.онымен соңғы рет кездесіп тұруыңмен мүмкін.
Түсінгенім...егер сезімдеріңді басқара алмасаң сезімдерің өміріңді басқарады.
Түсінгенім.… кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де сезімдерін қалай білдіру керектігін білмейді.
Түсінгенім... екі адам бір нәрсеге қарап екі түрлі нәрсе көруі мүмкін.
Түсінгенім.… жақыныңды ренжітпеу мен көзқарасыңа берік болудың арасындағы сызықты табу қиын
Түсінгенім...ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін, оларды кеш білу керек
Түсінгенім... кейде біреуді кешіру жеткіліксіз,өзіңді де кешіре білу керек
Түсінгенім... жүрегің қанша жылап сыздасада да дүние сен үшін тоқтап қалмайды.
Оқып отырып расыменде солай екен деп түсіндім.Менім осы жасқа келіп менім түсінгендерім.
Дәл қазіргі уақыт ешқашан қайтып оралмайтынын…
Досыңның адал болуы өзіңе байланысты екендігі…
Кеудедегі қорқыныш үрейдің жеңіп шығатындығы…
Ұсақ дүниенің бір керекке жарайтындығы, өмірдің бір бөлшегіне айналатындығы…
Адам өзінің бақытты күндерін өткізіп жатқандығын сезбейтіндігі…
Көп нәрсенің қадірін уақыт өте келе бағалайтындығымды…
Адамдардың өзіндік бір себептеріне байланысты екі жүзді болатындығын…
Түсінбей жүрген нарселерім көп әлі.Ал сіз нені түсіндіңіз мына өмірде осы жасқа келіп?

44 пікір
— жүгіргедікі емес, бұйырғандікі деп жүре бермеу керек. Жүгір, табысқа жетпесең де, тәжірибе жинайсың;
— уақытыңды бір адамға арнаудың қажеті жоқ, керек адам сені барсакелместен де тауып алады;
— арманда, арман тегін;
— сүйіп істейтін жұмысыңа ақшасы көөөп жұмыстар тең келмейді;
— өмірдің өзі бәрін үйретеді;
— өліп ғашық болудың, жақсы көрудің қажеті жоқ. Жәй ғана жақсы көру керек!
— сүйгеніңе жету үшін күресу керек. Уақыт өте келе ол сені сүйіп қалуы әбден мүмкін;
— универмбітіргенде ең болмағанда жігітің болу керек;
— қыздар бір сүйеді, сүйгенде құлай сүйеді.
— қасыңдағы досың ертең қасың болуы мүмкін:)
әйелдердеСонда мен ғана ма әлемдегі нөмір бірінші жалқау…
Менің түсінгенім, кез келген алға қойған мақсат орындалады, мейлі ол қисынсыз немесе мүмкін емес секілді көрінсін. Ең алдыменен таза ниетпен Алладан орындалуын сұрап (маңыздысы да осы), әрі қарай әрекет жасау!
Түсінгенім Алла бар.
Түсінгенім, ең жанашыр адамдарым ата-анам және бауырларым.
Түсінгенім күнделік жазып жүрсем әр күнім оқиғаларға толы болады
Түсінгенім, «Мир не без добрых людей»
Түсінгенім, айналандағылар саған мейірімді болсын десен, алдымен өзің айналандағыларға мейірімді бол.
Барлық түсінгенім осы-ақ емес, әрине.
Осыны бір кітаптан оқып едім қай кітап екенін есіме түспей тұрғаны,сіз жазушы емессізбе, авторы өзіңізсізбе?— адам өзі сүйіспеншілікке толы болғанда ғана жақсы көре алатынын
— бір ісіне қарап адамды бағалауға болмайтынын
— жыл мезгілдерінің бәрін жақсы көретінімді
түсіндім
^ ең «нашар» деген адамның бойынан да керемет қасиеттің табылатындығын;
^ адал ниет, сабыр һәм сенім барда, істің берекелі және ойдағыдай болатындығын;
^ кездейсоқтықтың соңы сәтті шығатындығын;
^ ең жақын/сүйген адамыңның сенімінен артық жігер мен қолдау жоқтығын;
^ өзгенің қателігінен де үлкен сабақ алуға болатындығын;
баяғыда түсініп қойғанмын :))