Түсінгенім...

Ақ парақтағы ойлар /
Бір керек қағазымды іздеп жатып, осыдан 5жыл бұрынғы қойын дәптерімді тауып алдым, қайдан, қай күні жазғаным есімде жоқ мына бір жолдарды жазып қойыппын.

Түсінгенім...ешкімді қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың. Жақсылығыңды аяма,қалғанын өздерін біледі

Түсінгенім... сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір-ақ сәт.

Түсінгенім...өмірде қолда не бары емес, сол жағдайда не істегені маңызды

Түсінгенім...сөз қайтару, ойланып сөйлеуден жеңіл

Түсінгенім.… кіммен қоштассаң да жылы шырай таныт,өйткені.онымен соңғы рет кездесіп тұруыңмен мүмкін.

Түсінгенім...егер сезімдеріңді басқара алмасаң сезімдерің өміріңді басқарады.

Түсінгенім.… кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де сезімдерін қалай білдіру керектігін білмейді.

Түсінгенім... екі адам бір нәрсеге қарап екі түрлі нәрсе көруі мүмкін.

Түсінгенім.… жақыныңды ренжітпеу мен көзқарасыңа берік болудың арасындағы сызықты табу қиын

Түсінгенім...ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін, оларды кеш білу керек

Түсінгенім... кейде біреуді кешіру жеткіліксіз,өзіңді де кешіре білу керек

Түсінгенім... жүрегің қанша жылап сыздасада да дүние сен үшін тоқтап қалмайды.

Оқып отырып расыменде солай екен деп түсіндім.Менім осы жасқа келіп менім түсінгендерім.

Дәл қазіргі уақыт ешқашан қайтып оралмайтынын…

Досыңның адал болуы өзіңе байланысты екендігі…

Кеудедегі қорқыныш үрейдің жеңіп шығатындығы…

Ұсақ дүниенің бір керекке жарайтындығы, өмірдің бір бөлшегіне айналатындығы…

Адам өзінің бақытты күндерін өткізіп жатқандығын сезбейтіндігі…

Көп нәрсенің қадірін уақыт өте келе бағалайтындығымды…

Адамдардың өзіндік бір себептеріне байланысты екі жүзді болатындығын…

Түсінбей жүрген нарселерім көп әлі.Ал сіз нені түсіндіңіз мына өмірде осы жасқа келіп?

44 пікір

followme_alik
Жазылғанмен толықтай келісетінімді түсіндім =)
Өте әдемі сөздер екен.Өмірге нағыз қажетті ой.Әсіресе… мынау…
Адам өзінің бақытты күндерін өткізіп жатқандығын сезбейтіндігі…
qyrmyzy
Түсінгендерім:
— жүгіргедікі емес, бұйырғандікі деп жүре бермеу керек. Жүгір, табысқа жетпесең де, тәжірибе жинайсың;
— уақытыңды бір адамға арнаудың қажеті жоқ, керек адам сені барсакелместен де тауып алады;
— арманда, арман тегін;
— сүйіп істейтін жұмысыңа ақшасы көөөп жұмыстар тең келмейді;
— өмірдің өзі бәрін үйретеді;
— өліп ғашық болудың, жақсы көрудің қажеті жоқ. Жәй ғана жақсы көру керек!
— сүйгеніңе жету үшін күресу керек. Уақыт өте келе ол сені сүйіп қалуы әбден мүмкін;
— универмбітіргенде ең болмағанда жігітің болу керек;
— қыздар бір сүйеді, сүйгенде құлай сүйеді
.
қасыңдағы досың ертең қасың болуы мүмкін:)
AKA
— универмбітіргенде ең болмағанда жігітің болу керек;
Өрт!
qyrmyzy
дұрыс қой! Жұмыс болмайды, үйің болмайды. Жігіт болу керек!
pana
жанайқайың шығыпты ғой жаным ау)тәәәк, екі жылым бар ма, есте болсын)
AKA
Болмайды деп айтпашыыы, бәрі де болады! «Зәулім үйің салынып, кеңседе сен қалаған жұмыс күтіп тұр, әнеее гүл ұстап сүйіктің де келе жатыр» инш!
AKA
— қасыңдағы досың ертең қасың болуы мүмкін:)
Қазір сіздің досыңыз ретінде, ертең «кірпігіңіз» болсам бола ма?
ereke_enu
— қасыңдағы досың ертең қасың болуы мүмкін:)
Бұлай тек сендерде әйелдерде
qyrmyzy
хммм, енД жігіт боп жазып жатқан жоқ сияқты ем…
qyrmyzy
Түсінгенім...ешкімді қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың.
рас-рас!
Manas
Пелиннің тірлігі :)
qyrmyzy
Туркче сериалдар РУЛИТ!
со ғо, сүймесе таста деп па:)
qyrmyzy
со ғо, таста
AKA
Адамдардың өзіндік бір себептеріне байланысты екі жүзді болатындығын…
Толығырақ түсіндірсеңіз?
Zhanat
достарына, әріптестеріне, сүйгеніне, туысқандарына әр түрлі болып өзгереді
dimash
Сіздер шынымен де қойын дәптер жазасыздар ма?
Сонда мен ғана ма әлемдегі нөмір бірінші жалқау…

Менің түсінгенім, кез келген алға қойған мақсат орындалады, мейлі ол қисынсыз немесе мүмкін емес секілді көрінсін. Ең алдыменен таза ниетпен Алладан орындалуын сұрап (маңыздысы да осы), әрі қарай әрекет жасау!

Түсінгенім Алла бар.

Түсінгенім, ең жанашыр адамдарым ата-анам және бауырларым.

Түсінгенім күнделік жазып жүрсем әр күнім оқиғаларға толы болады

Түсінгенім, «Мир не без добрых людей»

Түсінгенім, айналандағылар саған мейірімді болсын десен, алдымен өзің айналандағыларға мейірімді бол.

Барлық түсінгенім осы-ақ емес, әрине.
AKA
Жаман емес, нәтиже бар екееен :))
Zhanat
бұрындары көп жазатынмын, қазір интернет жақсы болды ғой, онлайнда жазамын.
pari
Түсінгеніңіздің барлығын түсініп оқып өзімде бірталайын түсіндім.рахмет
Manas
Түсінгенім....

Тәкәппәр адамға қанша ақыл айтсаң да  бәрібір сол қалпында)
Түсінгенім бірақ нәрсе '«Тағдыр, тағдыр, тағдырдың ісі» деп жыламсырай бермеу керек екен! Тағдыр саған қатал болса, сен мейірімді бол, сен күшті бол, Мықты бол, Төзімді бол! Тек Алға жүру керек!
torpedaip
Жәке мынау өмірден керекті сабақ беретін сөздер екен, өмірім көз алдымда пленка болып өтті, рахмет!
qyrmyzy
целофан боп өтпеді ма?
torpedaip
ааа?
qyrmyzy
әәә
torpedaip
Қыреке менімен ойнайын дедіңіз ба?
qyrmyzy
ойыңыз ұшқыр екен:)
torpedaip
қырсығып қалмайсыз ба (Қырсықсам, жәмән болады:))!!!
qyrmyzy
бүгін тошна қырсықпаймын:)))))))))))
torpedaip
неге? бүгін естен шықпас қуаныш орын алды ма өміріңізде?
qyrmyzy
естен шықпас қуаныш орын алуын күтіп жүргеніме 22жыл болды
torpedaip
Ойбуу, датаға қарамаппын!!! Кешіріңіз! бәсе неге ұйықтымай жатыр десем. Не дейміз, Қыреке бір жас қосуыңызбен, Алланың сүйген пенделерінің бірі болыңыз, жүзіңізден күлкі арылмасын (Кел, танысайық постында суретіңізді көргем ғо), Өмірдің сынақтарына төзімді, шыдамды болыңыз!
qyrmyzy
torpedaip , ұйқтаңыз, не бетіңізді суық суға жукеліңізші…
Zhanat
пайда тисе қуаныштымын.
Zhassiko
Толықтай келісемін, дереккөзді қайдан алдыңыз? На сөздер өте таныс шынымен-ақ, бұрын оқып қойғандаймын..))
Zhanat
өзім есіме түсіре алмай жүрмін, кезінде көбінде газеттен ұнағандарды түртіп қоятыным бар еді, сол бір басылымнан болар
Ayala
Осыны бір кітаптан оқып едім қай кітап екенін есіме түспей тұрғаны, сіз жазушы емессізбе, авторы өзіңізсізбе?
Zhanat
барлық сөздің авторы мен емес, жазушы емеспін, теміржолшымын
pana
— сезіміме сеніп өмір сүретінім дұрыс екенін
— адам өзі сүйіспеншілікке толы болғанда ғана жақсы көре алатынын
— бір ісіне қарап адамды бағалауға болмайтынын
— жыл мезгілдерінің бәрін жақсы көретінімді

түсіндім
AKA
Түсінгенім...
^ ең «нашар» деген адамның бойынан да керемет қасиеттің табылатындығын;
^ адал ниет, сабыр һәм сенім барда, істің берекелі және ойдағыдай болатындығын;
^ кездейсоқтықтың соңы сәтті шығатындығын;
^ ең жақын/сүйген адамыңның сенімінен артық жігер мен қолдау жоқтығын;
^ өзгенің қателігінен де үлкен сабақ алуға болатындығын;

баяғыда түсініп қойғанмын :))
qyrmyzy
^ ең жақын/сүйген адамыңның сенімінен артық жігер мен қолдау жоқтығын;
кучт! рас-рас
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.