Өмір ащы, өлім тәтті көрінген күндер

Ақ парақтағы ойлар /

Кейде адамдар ашуды қолдан жасап алып жатамыз, кейде өз ісімізге есеп бере алмай жатамыз. Достар, ашуды сабырға жеңдіре біліңдерші. Бұл өмірде бір бірімізді сыйлап өтейікші. Сендерге мен өзімнің екі жағымда орналасқан екі көршімнің оқиғаларымен бөліскім келеді. Дұрыс түсініп өмірлеріңде ондай жағдайдан аулақ болып, сабақ алсағдар деген ниетпен жаздым. Тағы да өсектедің деп дұрыс қабылдамай жүрмеңдер.

Ең алғаш осында көшіп келгенімде ең жылы ұшырап қазақша қарсы алған Гүлжан апай еді. Қазір ол кісі 15 күндік қамауда. Мен ол кісіге араша түсе алмай қалдым, сәл кешігіп қалдым. Мен келгенше АНА сыйлай білмейтін екі пагонды азаматтар қолын артқа қайырып алып кетіпті. Ойлап отырған шығарсыздар ол кісі кінәлі болмаса олар әкетпейді ғой деп. Иә, ол кісі кінәлі.

Иә, иә, мен жақсы көріп, ибалы болып үлкенге құрмет көрсетіп, менің апамды апта сайын өз анасынан кем көрмей, моншаға ертіп апарып, сыйлап жүрген көрші, кішіге құрмет көрсетіп жұмыстан кешігіп келетін қыстың күндерінде менің үйіме от жағып, үйіме жылу кіргізіп, ыстық пирожкилерін сыйлап жүретін апайымның осы іске кінәлі етіп, суық темір торға қамалуының өзіндік себептері бар.



Әр ісінен мін тауып, сүйіп қосылған жан-жарынан ерте айырылып, екі құлыншағын ешкімнен кем етіп бақса да, далада біреу қарап сойлесе де, үйге дос- жарандары келсе де, біреу қонаққа шақырса да, сен өз күйеуіңді өзің жұттың, олай емес былай деп тоқсан алтыға келген жасы болсада әр іске өз билігін жүргізіп, үстемдік танытып, әр кезде өзінің жалғыз қызын мұқатып, реті келсе сөзге келтіріп, жекіп, жақын келсе таяғымен бірді салып отыратын Жамал апаның Гүлжан апайдың жылдар бойы ішіне сақтап жинаған ашуы бомба болып жарылып, өзінің таяғы өзіне тиетінін білмеді де ғой, олай еш ойламады да.

Кезекті бір жұмыстан қайтып келе жатсам бір адамның жан ұшыра айқайлап, дауыстап жатқанын естідім. Тыңдап бағдарласам, күнде күйеуіне балаларына айқайлап жататын Әлия апайдың даусы екен. Кезекті бір ұрыстары шығар деп мән бермей, үйге кіріп кеткенім сол еді. Жеті жасар Дәулеттің есіктен айқайлап қоя бергені «Жанат аға, сізді мамам шақырады» деп. Сыртқа шықсам көрші апай «ішпе, ішпе» деп айқайлап жан даусы шығуда.

Салтанат деген ат естілгенде, өзімнің көрші қарындасым есіме түседі. 8.ші сыныпқа көшіп, сулулығымен, инабаттылығымен көзге тұсіп жүретін сол бір бойжеткен енді өз қылығынан өзі ұялып көшеге шығудан қалды. Құрбыларымен әзілдесіп жол бойында тұрған Салтанатты ішіп келген әкесіне ашулы Әлия апай сыпайылықты ұмытып қызына аузына келгенін айтып құрбыларының алдында ыңғайсыз жағдайда қалдырып, үйіне қарай кете барады. Сәл уақыттан соң ойында ештене жоқ әжетхананың есігін ашып қалса, өзінің колготкиіне асылғалы тұрған қызын құтқарып қалды. Баласына ақыл айтып, сабырға шақырудың орнына одан бетер айқайлап үйіне қарай сүйрейді. Есікке келгенде өзінің бұл өмірден қоштаспақ жоспарын түбегейлі атқаруға бел байлаған Салтанат анасын сыртта қалдырып, есікті іштен іліп үйдегі терезенің алдында тұрған бір қорап дәріне терезеден айқайлаған анасының көзінше уыстап іше берді.

4 пікір

Aikona
Өмір деген қатал-ақ…
AL-ASTER
Жақсы мен жаман қатар жүреді, бірақ екеуі дүниенің екі жерінде. Өмір деген қатал емес! Адам өзі оны қалай қабылдаса, солай болады. Барлық адамға старт пен финиш бірдей берілген, бірдей дене мүшелерін сыйлаған Жаратушымыз! Енді, ортада тек психиология мен идеология! Осы екеуі қандай болса, адамның өмірі де сондай болады.
Өз ойың — өз өміріңді қалыптастырады деген.
Шахановтың, «Ер тілегінің күшін» оқығыз, қандай керемет қарапайым мысал.
Адамды басқару деген жақсы емес. Егер адамның ниеті дұрыс болмаса, онымен қоса ондай адамдардың басқармақ ниетіне тосқауыл жасау керек! Ол дегеніміз қарсы шығу емес. Ол дегенміз, ондай адамды игнорға жіберу немесе оған қатынасқан кезде, оған бағынып тұрған рөлді ойнамау, толыққанды өзіне жауап беретін еркін адам ретінде, сенімді дауыс тембірімен қатынасу да қарапайым бір мысалы және солайф дұрыс та, егер беріліп қойса, ол адамда өз деген мақсатына жету ықтималдығы төмен болатын сияқты.
Жә. Психологияға азда кетіп қалдық. Өзіне қол жұмсау туралы қысқаша бір үзінді:
Жолы болмағаны, лайланып кеткен жанына, батпанша батып жатыр. Көзі кеше өзіне даярлап қойған, кереуеттің астында жатқан қысқа арқанға түсті…

Арқанды мойнына салғысы кеп кетті. Керемет қой. Ілініп тұрсам, кілең нақтар қадірімді түсінер. Езілген жаным мен жылаған жүрегімді қатайтады. Ал менің жаным рахатқа батып, осылардың назары маған ауғанын қалап тұруым міне орындалды. Әсіресе анау қыз мені қимастықпен көзіне жас алып тұр. Сол керек саған… Тап осы жерден тағы бір ой сап ете қалды: жоқтайтындар жоқтап, жамағат жиналып болатын іс болған соң, өмірден кеткен сабазым ұмыт болды. Ешкім де еске алмайды, еске алса да, қағылған-соғылғандардың аузындағы лағнетке айналған пыразылардың арасында, бәленшенің баласы бүйтіп өліпті деген көне сөз тіркесіне айналған. Е, өмір?! Менің әлсіздігім саған мазақ па? Өмірге әңгіме айтатындай мен кіммін өзі? Өмір кім? Жо жоқ, өмірге кім дейтіндей ол адам емес қой? О, Йоханнесбург! Қорқым кеттім. Жүрегім дүрс дүрс, тез тез соғып кетті. Енді, адамға болған жәйт түсініксіз болғанда басына неше түрлі ойлар кеп, шошып кететіні бар емес пе? Ана қыздың дәл жанына таяғанда, әрі қарай не болатыны бұлыңғырланып жүрегім аузыма тығылатын, адамдар өздерінше қатайып қалғанда кіретін тесік таппай қалатынмын. Неге? Негесі нес, қатайған адамнан не күтуге боларын кім біліпті? Балалықтан қалған поняткі ғой. Мұғалім немесе үлкендер қатайып қалғанда, болмашыға бола ұрысқанда әрі қарай өз қалауыммен істегім келгенді істей алмай сіресіп қалатыным бар емес пе? Ия, ия. Сол жағдай мына қыздың алдында да орын алды. Жоқ, сабазым! Қарасай сен… :) «Тығырықтан» шығарға тесік таппай қалғандағы түріңді көрсем, аяп кетемін. Дос ретінде немесе бауырым ретінде. Ал сен анау қыздың қорғаны болмақ ниетпен барып сондай күйде қалғанда, сірә ол қыз сені аяғаннан немесе саған қапаланғаннан немесе көңіліне жақпай қалғандығыңнан наққа жіберер, ә?! Жә, жә… Қатты айтсам кешір. Қатты айтқанда не тұр, сен өз өзіңе айтып жатсың ғой. Өз өзіңді қанша жерден алып жерге салсаң да ренжімейсің, тіпті өз өзіңді кейде әлемдегі ең бақытсыз адамдардың қатарына қосып қоясың. Сосын сөйтіп жүре бересің. Сырттан біреу сәл епсіз сөйлеп қалды ма, кішкентай нең бетіңе шапшып шыға келесің. Әсіресе жақын адамың сөйтіп тұрса, онымен ұрсысып шыға келу сондай оңайдан оңай нәрсе. Йоханнесбурге қайта оралайық, сөзден сөз шығад деген осы екен-ау. Мұрттыбаймайд, бұл қыздың алдында «мал» боп қалдым. Енді сол қызға тағы барып тұруға, іші толған тұтін көкірек жіберер емес. Ең дұрысы, жігіт көзі түспейтін қарапайым онша әдемі емес қыздармен тренировкі жасап алайын. Ох лібад, арқанды туалетке тастау керек. (Қай бір өңірде, үлкен дәретті арқан тастау диткен)
сілтеме
Проблемадан оңай құтылуды өле салу деп түсіну, өте қате ұғым. Бір жағынан шыны мен өтірігін айыра алмайтын адамдарға тән қасиет көрінеді. Нақтырақ, жауапкершілікті алып кете алмайтын, өз қалауымен нақті істі алып жүруге құлықсыз, өмірінде шыны мен өтірігін нақты ажырата алмайтын, иллюзияға сенгіш. Йә, барлығына топырақ шашуға және болмайды.
Осындай иллюзияға беріліп кеткен адамдардың арасында қаталдары да болады, олар өз жаман жақтарын ішіне сақтай алмай, басқаларға таңып тиыш табады. Себебі, өзіне жүктелген жауапкершіліктен сөзбен болса да құтылу керек! Мәне мәселе қайда. Бірақ, нақты осы жәйтті себеп қызыл, өзіңізді ақтай беру де жақсы нәтиже бермейтін көрінеді. Сонымен қатар, барлық адамға ақылды бірден басына құя салмаса да, ақылды болуға мүмкіндік бергенін хадистерде жазылғанын байқауға болады. Енді, өмір бойғы осындай адамдарды не себепті солай жабысып қалғанын білесіз ғой. Енді оларды да басып тастау қиын емес, бірақ бұлай жасауға болмайды. Бұлар психологиялық әлсіз адамдар, оны да ескеріңіз де, өз жайыңызбен тартыңыз. (тура мағынасында Алтай асып, Аляскаға тарт дегенім емес)
Ондай қатал, өміріне шағым айта беретін, жақындарының мазасын ала беретін адамдарды аяңыз, түсініңіз және оны бетіне білдірмеңіз. Әр адамның намысы бар. Және жақсылық жасау мен адамға аяушылық білдіруді, оған ескерту мен наразылық білдірудің тамаша этикалары бар, яғни ол бізге адамның көңіліне тимес үшін қажет дүниелер. Рахмет.
ereke_enu
пост ин пост бай амиго)
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!