"Жалғыз досым"

Ақ парақтағы ойлар /

Бүгiнгi даланың ауа-райы от жағылмаған үйдей ғана болып тұр. Әсте ызғар байқалмайды. Қоңыр салқын желi есiп тұр. Бейне бiр бет-жүзiңдi әлдебiреу қытықтап, өбкендей күйде боласың. Осынау күздiң көңiлсiз, тымық кешiнде кеудеңдi самалға қарсы тосып тұра бергiң келедi. Кешкi ымыртта баяулап аулада әрлi-берлi айналып жүрмiн. Бүгiн күзбен бiрге менiң де кеудемде көңiлсiздiк билеп тұрғандай. Құдды екеумiздiң жанымызды егiз дерсiң. Екеумiз де бiр-бiрiмiздiң сырымызды ұғынатын тәрiздiмiз. Сарғайып бiткен жапырақтарды тамашалап, күзбен сырласып отырмын. Қолымда сап-сары болған жапырақтар. Аяғымның астында да тапталады, тiптi жан-жағымның барлығы жапырақтан көрпе оранып жатыр. Жылап жатқандай әсер қалдырды. Осы бiр елеусiз ғана жатқан, адам атаулыдан оқшау болған күзгi жапырақ болғым келдi бiр сәт. Солардың тiлiн түсiнiсiп, мұңдасқым келдi. Ешкiмге айтылмаған жан сарайымдағы толып жатқан сырларымды ақтарып-ақтарып алып, сосын қайта адам кейпiне айналып жүре бергiм келдi. Күзден басқа ешкiм де түсiнбейтiн сияқтанды менi. Өзiңдi тiптен жалғыз сезiндiрiп, түрлi мұңдарға жетелейтiн осы бiр күз айы келсе, ең жақынымды тапқандай әсерде қуаныш торлайды көкiрегiмдi. Жаныңды елегзiтiп, арманыңды ақ бұлттардан асыратын осы бiр күз айы келгенде әлдебiр белгiсiз жанды iздейтiн сияқтымын. Өзiмен бiрге көз жасын ерте келiп, үнсiз ғана егiлiп тұрар жаңбыры бар осы бiр күз айы келгенде жаңбыр астында күзбен бiрге қосылып үнсiз ғана көз жасымды төккiм келедi…
Адамның қиялы… бiткен ба… Жол жаққа белгiсiз бiр үмiтпен көз тастаймын. Бiреу келетiндей. Жан-жағымнан iздеп көремiн. Күтетiн тәрiздiмiн. Белгiсiз бiреудi. Жаныма келiп жалғыздық атаулыдан құтқаратындай көрiнедi. Тiптi бар ғой, оны сағынамын да. Қазiр, немесе ертең, не әйтеуiр бiр күндердiң күнiнде келетiндей сезiнемiн де тұрамын. Ол келсе мендегi бар мұң жоғалып таусылатындай. Ол келсе көңiлiме көктемгi шуақ нұрын себелейтiндей. Ол келсе жадыраған жаз секiлдi жайнап шығатындаймын. Ол келсе иығыма басын қойып, бар сырымызбен бөлiсетiн сияқтымыз. Өмiрiме өзгерiс алып келетiндей құдды. Қараңғы тас түнектен, жарық әлемге алып шығатындай. Ол келсе… Жаныма жақын болған әндердiң бiрi «Жалғыз досымды» тыңдап отырмын. "Қиналдым мен, бiрақ сендей кiм ұқсын. Өзiң ғана мейiрбансың, тұнықсың." Қосылып отырмын. Әлдебiр белгiсiз жанға арнап айтып отырғандаймын. Жол жақтан келетiн қиялымдағы мұңдас, сырлас елес-досыма арнап, қосыламын. Иә, соған… Жан-жағымның барлығы дерлiк адамдар. Көпшiлiктiң ортасындамын. Барлығы менiң жанымда. Бiрақ… бiрақ, сонда да бiрдеңем жетiспей тұрғандай. Жалғызбын сонда да. Мекенi жоқ, сусыз, иен далада жүргендеймiн. Ол келгенше… Ол келер. Әзiрге менiң сырласым күз болмақ, күзгi жапырақтармен мұңдаса тұрайын. Әне бiр жапырақ биiк талдың бойынан үзiлiп жерге түсiп барады…

45 пікір

pana
қыздың да сізге деген сыйластығы керемет сияқты, егер қыз болса, егер мен ойлаған қыз болса әрине, және қыз бен жігіт арасын достық деп атағаны соңғы кезде сондай мұңды көрініп жүр..қанаты қайырылған құстың "өөй, маған жүрген ұнайды" дегені елестейді, достық болмайды, біреусі бірдемеге дәмелі, ал екіншісіне көңіл керек, постқа қатыстылық таппасаңыз сөкпеңіз, адам тек көретінін көреді))
qyrmyzy
Толық келісем!Жекеге, Сая, жекеге:)
qyrmyzy
Күтпе ешкімді! Таңертеңнен бастап кешке дейін көңіл-күйіңді өзің көтер. Ән тыңда, қалжыңдас әркіммен. Күтпе! Келеді өзі. Мұңайма. Өткінші. Кетеді. Мынадайларды жекеге жазшиш, нетеміз ғо
zhomart
Күтейінші. Рұқсат па сізден :))
qyrmyzy
Онда ішіп жүре бересің
zhomart
Рахат қой, күніге ішууу :))
qyrmyzy
соны айтам:) Ішіңдегіні шығарып ап біреуге, сосын бәрін ***** жіберіп жүргенге не жетсін?!
zhomart
Мынауың түртпеді де ©
zhomart
Жекегеее енді есте болады, жақсы ойға салдың негізі
qyrmyzy
поддержка жасаймыз ғой жабылып: Сая, Көркем, Майроштарды бере салған ғой бағымызға
zhomart
Шүкір, шүкір дейін :))
Ademi
суреттер әдемі… қай қыз ол күткізіп қойған?
zhomart
Менде білмеймін.
AyKoN
мен ғооой))) әзіл! әйтсе де, менің ағамды күттіріп қойған кім екенін білетін сияқтымын…
qyrmyzy
шығаршиш
AyKoN
автордың рұхсатымен ғана айтылады ғооой
qyrmyzy
Бұйырған қусаң да кетпейді, тек қадірін білсең болғаны, амиго!
AKA
Барамын, жақында…
4o4
Қып қызыл ҚЫЗдың жазбасы!
zhomart
Мүмкін сап-сары қыздың жазбасы шығар, қайдан білесің?? әлде қап-қара ма екен...:))
4o4
бұл жерде мәселе қыздың түсінде емес. Біреудің күнделігінен жытырып алған шығарсыз мүмкін?) әлде автор андай ма ....?))
zhomart
Біреудің күнделігінен жытырып алған шығарсыз

чоч а.к.а 404 осылай жазатын бедің?

әлде автор андай ма

бауырымсың ба, қарындасымсың ба қайдан білейін, жазбаны қайта оқы демекпін саған, автор мен.
андай
деме енді
Ademi
інім андай © емес, табиғаты сондай ерекше ғой, шашы ұзын жігіт
zhomart
мені құтқарып қалдыңыз :)) Енді ғана айдалып кетейін деп тұредім. :))
qyrmyzy
кідәй-әй, қойшы
4o4
бауырымды таптым ғой деп ойлаймын))))))))
4o4
мен екі вариант ұсынғам ол жерде)) ренжіме, мына жазбаң қыздың жанымен жазылған… ;)екінші вариантқа келіңкірейді ;)
zhomart
Сыншы, әдебиеттанушы екеніңді білмей қаппын ғой, кешірші :))
4o4
Жазбаңызға семіз бестік бағасын беруге болады, болашақта да осындай жасырын белгілеріңізді білдіріп жазып отыруңызды тілеймін
zhomart
жоғална кім болсаңда
qyrmyzy
әй, әй, жас бала ғой, қойшы
4o4
Братан айтсаңыз болд)) өз пікірімді білдіріп болдым негізі ;) ашуға бой алдырмаңыз, сіз сияқтыларға ашуланып мүлдем қажет емес деп ойлаймын)))))
zhomart
Өзіңнің жағдайыңды біреуге әкеліп үйе бергенше, өз ісіңмен айналысып жүре бергенің дұрыс бауыр-қарындасым :))
4o4
Жалғыз мендегі емес, сіз екеумізге ортақ жағдай ма деп ойлаймын
zhomart
Сыр берме, енді белгілі болды бәрі. Құры да, өз ісіңмен айналыс. Өзіңе ұқсағандарды сырттан ізде.
4o4
Жәке ашуланбаңыз ;)
Zhanat
Жомарт келдіңбе жапырақтық кейпіңнен өзгеріп?
yesbolat83
Жақсы жазылған жазба.
Күтуге лайық болса ғана сен сияқты күтудің еш ағаттығы жоқ. Ал, күтуге лайық болмай (алдап-арбаса, сезіміңді таптаса), сонда да жүрегің қаласа — бекершілік.
ai-naz
Тақырыптың өзі оқырманын баурайды екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.