Бәрі өтірік деші өзің кеп

Ақ парақтағы ойлар /
Өткен күндер келмеске жөнелдіме?
Қалай қиям алтыным сені өлдіге?
Мені қойшы, жер басып тірі жүрмін,
Сенің жаның жаннатқа бөлендіме?

Сағым болып елестейді өткенім,
Жанға батты қайырылмасқа кеткенің.
Махаббаттың не екенін сездірген,
Ең ардақтым, мәңгі жасыл көктемім!

Өртеген жанды от демің,
Әлде бір жалын отпа едің?
Тәкаппарлығың бой бермей,
Жүр ма екенсің боп керім?

Көктемдей жанға гүл еккен,
Орын алған ең жүректен.
Әр тамшысы боп жасымның
Үзіліп жатсың дір еткен.

Сарқылды ма екен дәм-тұзың,
Таусылды ма әлде,ән-жырың?
Жылатқаның не өр қыздың,
Мұңға толтырып тағдырын?

Оранып аппақ арманды,
Атқыздық көзбен таңдарды.
Әке ұрпағының жалғасы ең,
Жалғызын жерлеп ол қалды.
Анаң жылайды күн сайын,
Кіналап мынау жалғанды.
Өзекті өртеп өкініш,
Артыңда өшпес әң қалды.

Қиналған болды кезің деп,
Шынайы екен сезім деп.
Ұйықтап мен жатқан болайын,
Бәрі өтірк деші өзің кеп...

6 пікір

Korkem
Жақсы адамдар Аллаһқа да керек, жарқыным…
AyKoN
расында солай екен-ау…
qyrmyzy
Кідәй-ай… Мықты болшы. Жазмыштан озмыш жоқ! Түспе! Алға!
AyKoN
Мен әлі тірілемін!
Бұрымды сілкіп тастап,
Өкініш парақтарын кеудемнен жыртып тастап,
Сол сәтте дұшпандарым, сесімнен үркіп қашпақ.
Мен әлі көрсетемін
Үміттің өлмейтінін
Бар жұлдыз сөнбейтінін,
Бір Аллам берген қуат, бұғауға көнбейтінін
Мен әлі жарқ етемін! Ант етемін!
Авторы: Роза Әлқожа
Менің кумирім. Менің жан дүниемнің сөзін айтып тұрғандай…
qyrmyzy
AyKoN
Үлкен рахмет! Мен әлі жарқ етемін! Ант етемін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.