Менің періштем

Ақ парақтағы ойлар /
Ақ парақтағы ойлар: Мен оны жақсы көрем
Бұл жайында жазғым келмейтін. Себебі, бұл маған ғана тиесілі махаббат, бөліскім келмейтін-ді)) Жазуыма оның жиі түсіме енетіні түрткі болды.
Шамамен екінші курс студентімін ғой деймін, осындай бір періштеге нянька болу бақыты бұйырды.
Ол кезде жаз еді. Қол бос. Бір таныс апай келіп, әлі бірге де толып үлгермеген сәбиге бас-көз болуымды сұраған. Таныс адам болмаса, қазір бөтеннің біреудің сәбиіне жаны ашымайтын кезі. Келістім. Сол күні-ақ осы бір кішкентай періштенің үйіне келдім. Өзінен үлкен, балабақшаға баратын әпкесі, ағасы бар екен. Мына суретті мен барған күні түсіріп алғанмын. Дәл осылай тырдай жалаңаш шауып жүр. Тілі де шығып қалған, маған қарап күледі "әпЩе" диді))
Мен келгенде отбасында берекесіздік белең алып тұрған екен. Бірден байқалады. Екі үлкен сәби ата-ана мейірімін көріп өскендігі, мына кішкене Шұғыланың ана махаббатына мұқтаж екені айтпай-ақ көрініп тұрды.
Таңертеңгісін екі үлкенді балабақшаға шығарып салып, үйде Шұғыла екеуміз-ақ қаламыз. Мен келгенге дейін қараған күтуші қызды Шұғыланы 5-6 айтығынан қараған екен. Кейін ол қыз да келіп тұрды, араластық. Бір Универде оқиды екенбіз, көрісіп те тұрдық.
Сонымен не керек, баламен бірге бала бола жүріп Шұғылаға сұмдық бауыр бастым. Ол да маған. Түн ішінде ана құшағынан жылап келіп, менің құшағымда тәтті ұйқыға бататынын қалай ұмытайын?! ))
Аптаның соңғы күндерінде үйге қайтып тұрамын. Сондай күндері Шұғыланы жиі сұрап алып кететінмін. Анасы стрессте жүргендіктен бірден келісіп, қуанып қалушы еді. Ал әкесі біліп қойса, үйге келіп, шәй ішіп)) сосын Шұғыланы алып кететін.
Бірде үйде үш сәбимен өзім ғана қалдым да, ата-аналарына қоңыраулатып үшеуін де Ленгірге алып кететінімді айттым. Келісті. Дереу папамды шақырып, үшеуін де көлікке салып алдым да үйге алып келдім. Біздің үйде ең кішкентайы сіңлім, ол да болса өсіп кеткен. Сәби үні жоқ біздің үй базарға айналып кете барды. Әсіресе, аса балажан емес папамның елжірегенін көрсеңіз, мына үшеуін мен туып келгендей-ақ бірін мойнына, бірін арқасына салып ап, асыр салды кеп. Бір-екі күн біздің үйде улап-шулаған кішкентай періштелерге «енді қайтайық» десем, "әпЩе, тағы бір күн" дейді)) Папам қайта көлігіне салып ап, әкеп тастады. Келе сала, аналарының миын жеген олар, "Ғалия әпщенің үйіне барайықшы" деуді әдетке айналдырды.
Содан кейін, менің үйге қайтуым мұң болды. Үйге бара қалсам, ешқайсысы жағдайымды сұрамайды. Бірінші қоятын сұрақтары "Әй, бала-шағаң қайда?"
Әлі есімде, соңғы кетіп бара жатқанымда, есі кіріп қалған Шұғыла: "әпЩе кетпеші, әпЩе кетпеші..." деп жылап қалып еді. Сол үні әлі күнге құлағымда жаңғырады да тұрады. Одан бері біраз уақыт өтсе де, жиі есіме түседі.
Бүгін — жұма, осымен үшінші күн қатарынан Шұғыла, Арайка, Данёш үшеуі түсімнен шықпай жүр. Онсыз да жиі кіретін. Сағынып жүрмін. Түсімде деймін, бастары биттеп кетіпті. Битінің үлкендігін көрсеңіз шошисыз. Бірақ, бит дегенің байлық дейді ғой. Өзімді солай жұбатамын. Әлде үйлеріне соғып кетсем бе екен?! Не істеп жүр екен періштем?
Мен оны жақсы көремін…

19 пікір

Korkem
Жазған жақсы екен ғой, бір жеңілдеп қалдым. Шынымен барсам ба екен оларға?! ((
MSHERIMBEK
Түүүүүһ неткен мейірім. Барып көріп қайт Көркееееемууууш ))
yesbolat83
Барып қайтқаның дұрыс болар еді. Мауқыңды басасың, әрі, балалар да қуанары сөзсіз. Бұл жалғанда адамдарға қуаныш сыйлау керемет емес пе?! Әсіресе, балаларға!
Korkem
Рахмет)) Жүрексінемін де тек, барған соң тағы жата жабыспас па екен деп))
Alisher_18
Ұмытпайды сәби жүрек :)
Alisher_18
… шыға бастаған ба деймін :D
mairosh
Барып қайтсай оларда сені сағынып қалған шығар:)
Korkem
Бармысың? ))) осылай кеп тұршиш)
Flower
машаАллах) сәбилерге күлкі мен қуаныш сыйлаған қандай керемет)
Delfina
Менде апамның 10 айлық қызын баққам, 10 ай болғанда жұмысқа кетіп, жас жарымға келгенше өзімде болды. Мамасы келгенде тіптен қарамайтын еді...қазір 3 те мені дұрыс танымайды. Екеуміз екі бөлек қаладамыз.
Korkem
мені де ендігі жатырқап қалған болар-ау))
Delfina
бала 10 күннен асса шешесінде жатырқап қалады Көркемжан)))
Kan
Көркем Көркем жүрегің неткен нәзік, пәк еді.
satirik92
Ауладағы іні есебіндегі бірінің кенже інісін ойнатып жүргенім бар еді. Қарындасымның нәресте кезі, жиендерімнің титтей кездері есіме түсті-ау!
Ai_fariza
Салем достар! Салем Коркем. Журегин назик екен. Жазбанды окып отырып, балалар уйинде осип жаткан бир саби есиме тусип кетти. Мени анасына уксатып мама мама деп жугирип журуши еди. Казир мен одан алыстамын. Ол да менин тусиме киреди. Сенин жагдайынды тусиндим. Бауыр баскан киын екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.