Жаңа жыл...! Жаңа күн...!

Ақ парақтағы ойлар /
Абыр-сабыр. Әркім өз тірлігімен әлек. Барлығының тоғысатын жері-Жаңа жыл кеші. Қызық. Жаңа жыл күнтізбебойынша 1-қаңтарда басталады, біз 1-желтоқсаннан бастап "қарсы аламыз". Әуелі балабақша… жо-жоқ..., әуелі Астана, содан кейін әкімдер (деңгейіне қарай), содан соң барып, әуелі балабақша(қазақшасы-садик), әрі қарай заулай жөнеледі.
Бізде дайындалып жатырмыз. 27-желтоқсан күні жаңа жылды қарсы аламыз. Аяз Ата, Ақшақар, Жаңа жыл келеді, сыйлықтар… берер ме екен? Мейлі, бермесе бермесін. Несін берсін! 28-күні жұмыс. Бірақ әлі 2013 жыл деп жазамыз, неге? Қызық. 2013 жылы екі қыс болғаны қызық, әуелі қаңтар, ақпан, содан кейін көктем басталып кетіп, жаз, күз өтіп, қайта қысқа келдік. Сонда бір жылда екі қыс болатыны несі екен? Біз Бая-я-яғыда-а-а-а, оқып жүргенімізде, бір қыс, бір көктем, бір жаз, бір күз болады дейтін сияқты еді.
Ешқайда барғым келмей отыр.

10 пікір

Kan
Жаңажылға деген меніңде көңілім суып барады.
Delfina
Осы мейрамдардың ішінде бір серпіліп қалатынымыз тек жаңа жыл екен. Үй таза болу керек деп, кілемдерге дейін қағылады. Кір киім қалдырмаймыз. Таза боламыздеп. Сонда алдағы жылың ақ жол болып ашылады деп сеніп кеткенбізғой)))
Мен үйде бәріне сыйлық жасап ендігі шыршаның астына қойып жатырмын, бетіне иесінің аттарын жазып, бәрі әрең шыдап жүр)))
Delfina
Жаңа жылды біздің мейрам емес дейді, бірақ ең қызықты да, жақсы қарсы алатынымыз осы мейрам ғой. Наурызда қанша жерден киіз үйлер тігілсе де Жаңа жылдай болмайды ау((
Kan
Жақсы дайындалады екенсің Delfina. дұрыс қой осы Петр І-шінің құрған жыл санағымен өмір түсіріп жатырық қой. Әйтседе бұл мерекеде християн диінінің дәстүрлері бар екенін білесіз бе? Жалпы бұл мереке Иса пайғанбардың туған күнінің құрметіне қойылған. Бұны сіз біліп жүрсін деп жазып жатырмын. тойлауыңызға еш қарсылығым жоқ. Тек мұсылман болсаңыз әр ісіңізге абай болыз дегенім ғой. Сосын сұрағым бар, сіз Тәуелсіз мерекесін осы жаңа жыл мерекесін күткендей күтіп, осындай көңіл күйде атқарасыз ба?
Бірақ бұғын ешкімді кіналауға болмайды әбден жүрек пен санаға сініп қалғанды қалай өшірерсіз.
Delfina
Әрине бұл мерекені бәрі де біледі, мұсылмандарға қатысы жоқ екенін, соны біле тұра, мойындай тұра тойлап қаламыз ғой.
Тәуелсіздік күні тіптен байқалмай өтіп кетті.
Kan
ақылыңнан айналайын
Delfina
Өзің жаңа жылды қалай қарсы алмақ ойың бар?)
Yeld
Биыл ауылға барамын әке-шешеммен бірге стол басында телевизор көріп отырып жаңа жылды қарсы алуға. Студент қарындасым келеді қаладан. Ал қазір кешеден бері мектепте ёлкада жүрмін, отызына дейін күніне 4-5 ёлка болады утренниктар 1-8 сыныптарға, 9-11 сыныптарға бал болады. Әріптестерім арасынан 45 адам ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп алдық. Буратино, Мальвина, Пьеро, Губка Боб, Маша, аю, екі піл, үш ат, үш бұғы, сиыр, маймыл, тышқан, жылан, мыстан кемпір мен бірнеше сайтандар, екі снеговик, қоян мен қасқыр, Микки маус пен Минни маус, жолбарыс, бірнеше клоундар, Аяз ата мен Снегурка, тағы да басқа көп кейіпкерлер (есіме түсіре алмай отырмын) болып жүр коллегаларым. Соңғы сабақтарды жастары үлкен мұғалімдер жүргізіп жатыр. Күні бойы шыршаны айналып билеп жүгіріп секіріп жүріп қатты шаршап қаламыз, оған ешкім ренжімейді де. Үйткені жылда осылай — мен істегелі бұл мектепте жетінші жылға кетіпті…
Мен шағын қалада тұрамын, жастарша айтқанда бұл қалада баратын шығатын жер жоқ))) Бірақ біз әрбір мерекеде осылай қоғамдық шараларға қатысып көңіл көтеріп аламыз. Сол себепті де жаңа жылды еріксіз ескеруге тура келеді…
Delfina
Солғой бәріміздікі, еріксіз тойлаймыз секіріп жүріп))
Балаларға қызық болсын дейміз, маған салса жұмыстан шыға сала ұйықтар едім)))
Jazko
мойындасақта мойындамасақта жаңа жылды журттан қалмай тойлайтынымыз рас. бәрінен де балалар қуанып қалады, солардың қуанышына не жетеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.