Қазақтың киноларына көңілім толмайды...
Тақырыпта жазылып тұрғанды көріп бірден не деп сынарыңызды ойлап тұрған боларсыз. Асықпаңыз, бірінші оқыңыз, ойланыңыз, түсініңіз.
Мысалмен бастайын.
Американың киносына қарайық. Сіз көрдіңіз: атыс, шабыс, полицияның банданы қууы, кек, әйтеуір кино біткенде ішінен шыға алмай отырасыз. Кинода американдық полицейлер кем дегенде күніне 10 рет атса, шын өмірде олар қаруды 27 жылда бір-ақ рет қолданады екен. Ал оны түсініп жатқан қазағым бар ма, «мәә, американдар күшті екен ғой, иә?».
Корей, жапон, қытай ұлттарының киноларын көрсеңіздер. Жалпылама айтып отырмын. Көріп болған соң қандай түсінікте боласыз? Бұл елдердің тарихын, мәдениеті мен әдебиетін, салт-дәстүрін түсініп білесіз. Ең соңында қыздары инабатты, ұлдары жаужүрек халық екен ғой дейсіз.
Бір кинорежиссер айтқандай «тарихта не жазылса да, кім жазса да маңызды емес, өйткені халық санасында тарихты қалай қалыптастыру, қалай көрсету біздің қолымызда» деген екен.
Үнді фильмдерін көрсеңіз үнділердің барлығы махаббатқа бөленіп жүргендей көрінеді. Қайдан білейік олардың бізден асып бара жатқан ештемесі жоқ екенін.
Ресей киносы. Енді оған сөз жоқ, былайша айтқанда «мынауский». Оларды әділ, ержүрек, досжанды, адал адамдар деп ойлаймыз, тіпті олардың діндері де, тілдері де бөлек екенін ұмытып бауырымыз санаймыз. Ал олардың қазір бізге қандай көзқараста екені кейбіреулерге бесенеден белгілі, ал біреулерге «шешімі жоқ сұрақ» секілді.
ҚАЗАҚ КИНОСЫ дейін енді. Қазақтың қайсыбір киносы осы атқа лайық болып жатыр? Кешірерсіздер, бұл жерде мен барлық киноларға қатысты айтып тұрған жоқпын. Ш. Айманов, А. Қарсақбаев, С. Хожықов, М. Бегалин режиссерларымыз Кеңес үкіметі билеп тұрған заманға қарамастан нағыз қазақи, ұлттық құндылыққа толы «Қыз Жібек», «Тақиялы періште», «Менің атым Қожа», «Оның уақыты келеді» атты керемет шедеврлар түсірді. Оларда қазіргідей құрал-аспаптар болмады, қысым көріп жатты. Сонда немене, барлық жағдай жасалып тұрған заманда неге осы кісілердей режиссерлер шықпайды?
Режиссерларымыздың түсірген киносына қарап тіпті халықтың жауы ма деген ойға қаласың. Қазақстанды қорлайтын «Борат» киносына қарсы кино түсіретін шығар деп жүрсек, керісінше сол киноның жалғасы іспеттес халықты қорлайтын кино түсіріп әлек. Мүмкін халықты таңқалдырғысы келер. Егер қазақ намысты ұлт болса, бюджет қаржысын талан-тараж етіп, мейлі ол жеке біреудің қаржысы болсын, қазақты қорлайтын кино түсіруге жол бермеуі керек. «Келін», «Қарой», «Махаббат тәлкегі (Ирония Любви)», «Ойпырмай», «Қайрат чемпион. Девственник», «Әке қорлығы», «Тюльпан» кинолары қазақтың салтында жоқ дәстүрлерді насихаттап, азғындықты, арсыздықты көрсету арқылы халықтың санасын бұзуда. Кез-келген қазақтың киносын қарап отырсаңыз, азғындықты насихаттап жатады. Айы-күні жақындаған әйелді зорлау, баласының анасын өлтіруі, қазақтың қызы. Бұл неткен намыссыз халық, намыссыз режиссерлар, намыссыз билік. Қазақтың қызын жезөкше етіп жарнамалау қарқын алып, қорлаудың эпицентріне айналды. Біле білгенге бұл үрдіс ұлттың қорлықпен жеңіліске ұшырауының символы. Әлемдік тарихтан бәрімізге белгілі, жеңілген елдің қызын қатындыққа әкетіп, осылай ұлтты қорлайтыны. Бөтенге қызын қолдан беру – бұл жеңілістің белгісі. Кім не десе де бұл – аксиома. Ұлтаралық бірлікті насихаттап жүрміз деген сөз тек алдаусырату. Қызын бұзу деген ұлтын бұзу деген сөз. Қазақтың жігітіне бөтен ұлттың қызын әперу арқылы да насихаттауларына болады ғой. Бұл жеңістің символы. Бірақ қазақты құртуға кіріскендерге бұл ұнамайды. Егер олар шын қазақтың жанашыры болса ісімен дәлелдесін. Қазіргі режиссерлар қазақтың жауы. Бұл факті. Кезінде қандай бодандық бұғауда болсақ та рухты ағаларымыз «Шаңырақ» қалғандай, сұлу табиғатымыз жоқтай әсер қалдырады. Қазақтың түсінігінде «жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей жақсылықты насихаттасаң жақсылық болмаушы ма еді.
Қазақтың жанын түсінбейтін режиссерлардың халық психологиясын бұзатын кинотуынды шығаруына, барлық ресурстарымызды талан-тараж еткендерге билік қатаң жаза қолданса. Неге басқа елге ұнау үшін немесе солардың жүлделері үшін ғана кино түсіруіміз керек.
Ондай елдерге өз идеологиясын насихаттағанда ғана ұнайсың ғой. Сонда бөтен елдің қолшоқпары болып, сол елдің идеологиясын насихаттағанда қазаққа не пайда. «Қазақфильмді» сынай қалсаң болды шетелден алған жүлделерін санай бастайды. Тіпті киноларын көбінесе орыс тілінде түсіретін «Қазақфильм» атауын «Орысфильм» деп ауыстырса деген ұсынысым бар. Мемлекеттік тұтастығымызды ұлықтамайтын киноның бізге мемлекетшілдікті ұғынған, ұлтым дейтін азаматтардың түсінігі жеткенімен, тәжірибесі жетпей жатқан тұста оларды көтермелеп, қолдаудың орнына жан-жағынан жұлмалап тастадық. Себебі, қазақтың бірлігін, ұлттығын насихаттайтын кинолар дүбара режиссерларымызға ұнамайды. Қазақты азғындатып жою саясатына қарсы. Сондықтан ұлттық намысы жоғары режиссерлар қатты сынға ұшырайды. Бірақ олар халықтың көңілінен шығады. Өйткені халыққа тәрбиені, имандылықты уағыздайтын/насихаттайтын осы кино ғана. Ұлтым деген режиссерлар ғана мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздігімізді қорғайтын, ұлттық бірлігімізді насихаттайтын кинолар түсіреді. Сондықтан билік, халықтың талғамымен санаса отырып халық көретін кино түсіруге бет бұруы керек. Халықтың қаржысына халық көретін кино түсіруін неге талап ете алмаймыз.
Алысқа бармай-ақ әкесінің қызын зорлауы, жезөкше келін, хайуантектес өмір сүру салты, тіпті адам аузы бармайтын сюжеттер… Неге бұл намыссыз режиссерлар қазақ қызының арын таптап әлек болады? Қай киносына қарасаңыз қазақтың қызын жезөкше етіп көрсетеді. Соған қарап қазақ қызын ұяттан жұрдай намыссыз мақұлық па деп ойлап қаласың. Бұл тіпті кино түсіру барысында үрдіске айналып бара жатыр. Аманжол Айтуаровтың «Дала экспресінде» қазақтың қызы француздың қолжаулығы болса, Қазақстан, Германия, Франция бірігіп түсірген «Ұлжан» киносында да француздың қолжаулығы, «Махаббат тәлкегінде» орыстың қолжаулығы, «Астана – менің махаббатымда» түріктің қолжаулығы, жаңадан жарыққа шығайын деп жатқан «Ғаламтордағы махаббат», «Нереальная любовь», «Қара майор» киноларында тағы да ары тапталатын киносында қазақтың жігітіне орыстың қызын әперген еді ғой. Тіпті сүйсінесің! Сол кездегі киноның ешқайсысында қазақ қызын ешкімге қорлатпаған. Қысқасы ұлтаралық бірлік ұранымен аралас некені насихаттаушылар ғасырлар бойы таза сақтаған қанымызды бұзуды онымен бірге ұлтымызды жоюды мықтап қолға алыпты. Шындық осы!
Азғындаған туындылардың нәтижесінде Қазақстан дегенде артта қалып, дамымай қалған елді, қазақ ауылы дегенде құрып біткен ауыл, тозығы шыққан Мәдениет үйi, қирап жатқан мекеме, жұпыны адамдар ғана елестейді. Бұл – дүбара режиссерларымыздың санамызда қалыптастырған картинасы.
Киноларынан көркiне көз тоятын, сымбатына жан сүйсiнетiн көрініс көрмейсіз. Қазақ даласының тамаша табиғатын да көре алмайсыз. Оның орнына ойраны шыққан ауылды көрсетiп, еңсеңiздi езiп жiбередi. Бізде бәрі құрып қаншалықты керегі бар. Мұндай әрекетімізден аңғарғанымыз біз өзімізді өзіміз сыйламаған соң, өзімізді өзгеге жалынып-жалпайып қадірлетуге көшкен секілдіміз. Негiзiнде нағыз отаншылдықты оятар сезiм – өз ұлтыңның керемет батырлығы мен сұлулығын ұғыну және өз жерiңнiң ғажайып көрiктi екенiне көз жеткiзу емес пе?!
Кино көргенде Отанға деген сүйіспеншілігіңді оятатындай, қазақ боп туғаныңа бақыттымын деп мақтанатындай, отан үшін қызмет етуге, жан беруге даяр болатындай сезім қалдыратын болса шіркін. Осы аталған өлшемдерге осы кезге дейін түсірген қай киномыз лайық. Барлық елдерде (көршілерімізРесей, Өзбекстаннан бастап) отансүйгіштікке баулитын кем дегенде 5-6 кинолары бар.
Осы өлшемдер сарынындағы киноларды билік түсірмей жатқан соң, халық өзі-ақ өзіне қажетті киноны түсіре бастады. Десе де көршілеріміздің өзі ұлттық құндылықтарын, ұлттық намыстарын қазірдің өзінде қызғыштай қорғап жатыр. Өзбектер «Қыз абыройының салмағы» фильмін түсірген Умида Ахмедованы «қыздарымыздың психологиясын бұзады» деп соттап, түрмеге жапты. Өзінің ұлттық намысын ешкімге таптатпайтын өзбек билігіндегі азаматтардың осы ісіне тәнті болмасқа шарамыз жоқ. Қаржының күшімен өзбек ұлтының абыройы-қыздарының санасын еврейлік күштер тарапынан бұзғысы келіп еді, өзбек билігі жол бермеді.
Сізге енді осындай жағдай туындатып отырған режиссерларымыздың ойлау қабілетін, ниетінен мысалдар келтіре кетейін. Бетке тұтар режиссеріміз Сатыбалды Нарымбетов айтады: «Мен өзім білем қандай Мұстафа жасасам. Қаласаңдар өздерің де Мұстафаларыңды түсіріңдер» дейді. Халықтың ақшасына түсіріп жатып халықпен санаспайтын біздің режиссерларымыздың өзі санасыз болғаннан кейін кімге ренжиміз. Салған асфальтымыз ұнамаса өздерің салыңдар, операциям ұнамаса өзің операция жаса дегенмен бірдей. «Сіздердің түсіріп жатқан киноларыңыздан көрермендер нендей тәрбие алып отыр?» деген сұраққа Қазақфильмдегі Д.Амантай «Қазақ көрермені соншалықты тәрбиеленгісі келіп тұр ма не?… Киноға тиісе беретіндер жұмыссыз ерігіп жүргендер… Кино деген ләззат алу» дейді. Бір шындықты айтайын, тәуелсіздіктен кейін түсірілген қазақ кинолары ауылдағы қазақтарға жетпей жатыр. Жетсе елде төңкеріс болатынан еш шүбәм жоқ. Мына кинолардың тас-талқанын шығарады. Ауыл қазір кәріс пен түріктің киносын көріп бас көтере алмай отыр. Әттең, ауылда қазақ киноларын талқыға салып жатқан интернет те жоқ. Әйтеуір менде бар ғой.
Егер де санамызды шырмаған құлдық киноленталарды ысырып тастап өткен тарихымызға көз жүгіртер болсақ, шын мәнінде тарих әрдайым сол сәттегі саясаттың мүддесіне қарай өзгеріп отырған. Халықты соңына үйіре білген алып мемлекеттер фашистік Германияда киноның құдіреттілігін білгендіктен арнайы Пропаганда министрлігі арқылы, одан Кеңес Одағы да қалыспай киноиндустрияны өкімет бақылауына алып, пропаганда кинолары арқылы халықтың санасындағы тарихқа «өзгертулер мен толықтырулар» енгізген. Киноның құдіреттілігі сонда, «Адмирал» киносы арқылы Ресей халық санасында жауыз ретінде сақталған Колчакты батыр, ержүрек, нағыз ер азамат ретінде ақтап шығарды. Осы тектес Колчак туралы 100 кітап жазылса да, бір кино сияқты халықтың санасына әсер ете алмас еді. Ертең Гитлерді халық қаһарманы етіп кино шығарса, халық лезде соны қабылдары айдан анық. Естеріңізде болса «Бригада» киносынан кейін қоғамда «бригадирлер» көбейіп кетіп еді ғой. Қысқасы зорлық туралы кино шықса зорлық көбейеді, зинақорлық туралы шықса зинақорлық көбейеді, адам баласы табиғатынан еліктегіш, көзбен көргенін қолмен істегісі келеді. Қалай көрсетілсе солай қабылдайды. Осы жағдайларды ескере отырып, өткен тарихымызға қатысты санамызға күштеп енгізілген жалған тарихты тез арада түзеуіміз керек.
Ең бір жыным келетіні — адамдардың санасының сол бір бейнебаяндарға тым сенгіштігі. Мың жерден қазақ қандай болса да оны көтеруіміз керек емес пе, а? Басқа елдерде де дәл біздегідей жағдай, бірақ соны жасыра біледі ғой?
Сіздер айтарсыздар-ау, «Жанжал тудыру үшін, араздық тудыру үшін» деп менің ойымды.
Бірақ сіздер осыдан екі жыл бұрынғы жағдай естеріңізде ме? Ағылшынның бір топасының қазақ қызын ақшаға сатып алғысы келгені, одан соң қыздың қыстығып жылағаны, қызды қорғап қазақтың бір жігіті араша болғаны?
Ағылшын сонда не деп ақталып еді? «Мен білетін қазақ қыздарының бәрі ж***п» деген сыңайда айтты. Сонда бұл түсінік неден пайда болған?
Қысқасы қазақ киноларына көңілім толмайды…

7 пікір
Түсіргенде қазақ батырларның тұлғасын «Көшпенділер», «Жаушыдағы», "Қыз Жібек", «Мың бала» т.б кинолардағыдай бойы кішкентай актерлерге үлкен батырдың ролін ойнатып қою дұрыс емес. Ол көреремендердің қалауына қайшы келеді. Көрермен үшін батырдың тұлғалы, бойы екі метр, денесі ірі болғаны керек. Мысалы, бойы кішкентай кәрстердің өзі батыр роліне ең ұзын актерді ойнатады.