Тәтті дүние

Ақ парақтағы ойлар /
— Сіз мені дұрыс түсініңіз. Қазіргі Сізге айтайын деп тұрған хабарым…
Дәрігер орнынан тұрып, терезеге қарап бірер минут тұрды. Сонан соң жәйлап бұрылып қарсы алдындағы отырған жасы қырықты шамалаған жігіт ағасына қарады. Бұл да айтын деп тұрған хабардың жаманшылық екендігін сезгендей жанары суланып тұр екен. Бірақ, "әкесі өлгенді де естіртеді". Бұл қаншама дәрігерге қиын, соншалықты ауыр болғанымен амал жоқ кездер болады.
— Дәрігер жолдас, айтыңызшы, не болды? Зерттеу қортындылары не дейді?
— Менің дәрігер болып жұмыс істеп келе жатқаныма 30 жылдан асты, інім. Осы уақыт ішінде қанша науқас, жанына шипа іздегендер алдымнан жүздеп, мыңдап өтті. Өмірдің өзі де сәттілік пен сәтсіздіктен тұрады ғой. Қаншама ауыр болса да айтуға мәжбүрмін. Оны анасынан гөрі ер адам ғой деп сізге естірткелі отырмын.
Әлгі жігіт ағасы да бәрін дәрігердің қас қабағынан түсінгендей, қалтасынан орамалын алды. Орамал кестеленген екен. Онда "әлемдегі ең сүй ікті әкесінен бал қызынан" деген жазу бар екен. Қолына уыстап қысып, жанарын бір сүртті.
— Дәрігер жолдас, айта беріңіз.
— Тоқ етерін айтқанда, қолымыздан келгеннің бәрін жасап бағамыз. Дегенмен де, біздің де ырқымызға көнбейтін аурулар да бар. Сіздің қызыңыздың науқасы дендеп кеткен. Ол жанар түйсігінің тамырларын жарып, миға шапқан. Енді оған ота жасау керек. Және де ол күрделі. Ал, оны жасамасақ, қызыңыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Ота кезінде екі көзін де… алуымызға тура келеді.
Жігіт ағасы екі қолымен басын уыстап тұншығып жылай берді, жылай берді.
Сәлден соң басын көтеріп:
— Дәрігер жолдас, біздің таңдау жасауға еш мүмкіндігіміз де жоқ шығар....(жалғасы бар)

4 пікір

Korkem
Мынаның жалғасы болмай-ақ қойса ып-риза болар ем-ау…
ARDANA
Неге Коркем-ау?
Jako
Құдай-ай, жалғасында жақсылық сәулесі болса қандай тамаша болар еді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.