мереке туралы

Ақ парақтағы ойлар /
Қызық! Бір мереке жақындаса болды мені әр түрлі ойлар мазалай бастайды. Міне, 8-наурыз келді, ел қуанып, бірін-бірі құттықтап жатыр. Ал мен… неге халықаралық әйелдер күні… неге әйелдердің халықаралық күні емес?.. неге тек бір күн?.. неге әйелдер?.. сонда қалған 364 күн еркектердікі ме?.. Сұрақ көп, дым жауап таба алмадым. Негізі мереке болғаны жақсы, бірақ қазіргі біріне тапсаң екіншісіне жетпейтін мына заманда жұмыс күнінің көбірек, демалыстың азырақ болғаны жақсы емес пе деп те ойлаймын. Мысалы Наурызда 31 күн бар, соның биыл 16 күні демалыс болғалы тұр, яғни 15 күнге ғана ақша табасың. Әрине ақша басты мәселе болмауы мүмкін кейбіреулер үшін, бірақ көпшілік олай ойламайды.

2 пікір

ulzhankzz
«неге халықаралық әйелдер күні… неге әйелдердің халықаралық күні емес?.. неге тек бір күн?.. неге әйелдер?.. сонда қалған 364 күн еркектердікі ме?.. » деген сұрақтармен бас қатырудың қажеті жоқ...))))))))))))))) Мереке күні жақсылап тойлап қалыңыз.
yesbolat83
Өміріміз жұмыс, жұмыс және тағы да жұмыс деп өтетін болды. Мерекелерді пайдаланып ара-тұра демалып та қалған дұрыс, меніңше.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.