Өмірге құштар жан

Ақ парақтағы ойлар /
Күнделігімді қарап отырып мына бір жазған дүниемді сіздермен бөліскім келді.28.10.2012 жыл. Бүгін өмірге құштар жанды көріп таң қалдым.Көре тұрып оның көз жанарынан өмірге құштарлығын байқадым.Би жарысы болды.Хип-хоп, бреак данс сияқты жанрда.Сонда сол жарысқа бір жігіт келді. Есімі Айсұлтан екен.Өзінің екі аяғы жоқ болса да, қолының кемістігіне қарамастан ешкімнен кем түспеді. Артық биледі десем де қателеспеймін.Ол өзінің мықты екенін дәлелдеп шықты. Айсұлтанға мүгедектігі үшін бас жүлдені бермеді. Ол өз еңбегімен дәлелдеп алды.
Айсұлтанды көре тұра ойландым. Аллаға шүкір! он екі мүшеміз сау. Кейде соның қадірінде түсіне бермейміз.Ойға алған жоспарларымыз орындалмай қалса, жолымыз болмай кеткен кездері "өлгім келеді",«неге өмірге келдім екен» деген сияқты сөздерді естіп жатамыз. Осындай жансақ ойлар санамызды улап жатады. Сондықтан ойланайық!Әр нәрсенің қадірін білейік! Бір-бірімізге көмек беруді де естен шығармайық

1 пікір

Ai_fariza
Сiздiн айтып отырган Айсултан шынындада керемет билейдi. Ол кiшкентай кезiнен бидi жаксы коредi.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.