Махаббат-ұлы сезім!

Ақ парақтағы ойлар /
Адамзаттың өткен өміріне көз салсақ, олардың өнері мен өлеңдерінде махаббаттан, ғашықтықтан асқан тақырып болмаса керек. Махаббат адам өмірінің негізгі тіреуі, арқауы секілді.Адам бар жерда махаббатта бар. Адамзатты адамдық кейіпте ұстап тұрғанда осы — махаббат болып көрінеді." Махаббат өмірдің кереметтей көркі"-деген А.В.Луначарский, ол табиғатты гүлдендіріп, неше түрлі бояулармен құбылтады. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады дер едім. Адам сезімінің, жан мен тән сұлулығының,үзік-үзік ғашықтық пен құмарлығының, жүрек дірілі, бір-біріне жылы көзқарасы үйлесіп, ортақ тіл табысқан, асау толқындай болған ол-қыз бен жігіт арасындағы махаббат. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім. Махаббат адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезім. Адам біреуді сүйгендіктен яғни біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің өзін сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, жоқшылықта қолдан келмейтін іс тындырады.Ал, осы қыз бен жігіт арасындағы махаббат, ана мен бала арасындағы махаббат секілді мәңгі жарқырап тұратын мәнді де үлгілідер едім.Сондықтан махаббаттарымызды бағалай білейік.

2 пікір

maulen
«Махаббат — мәңгі көктем, әні дастан»
Kan
махаббаты бағалай білген адам өзіде махаббатқа бөленері қақ
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.