Автобустағы оқиға

Ақ парақтағы ойлар /
Қазіргі таңда мейірім, жанашырлық дегенді аса көп кездестiре бермейміз. Сіздерде қалай екенін бiлмеймiн.Дегенмен біздің қаланы имандылықтың ортасы деп жатады. Расында солай, бірақ мен айтқан кейбір қасиеттерді бiз жақтан көптеп кездестiре алмай жүрген едім. Бүгін таңертең автобусқа мiндiм. Университетіме базардың жолымен жүреміз. Базарға келдік. Бiр ана баласымен түсiп бара жатқан. Бiрде ер кiсiнiң «жол ақысын төле, менде бала-шағамды бағып жүрмiн сен сияқты»- деді. Мен артқы жағында отырғанмын. Жүргізушінің дауысы едi.Сiздер сияқты бізде кондуктор жоқ. Сөйтсем, ол апай жол ақысын төлемеген екен. Өзi жұпыны киінген ана. Жүргізуші автобустан түсе салып, жол ақысын беруді талап етіп тұр. Ол әйел сөмкесiн ары ақтарады, берi ақтарады. Ақшасы жоқ-ау соған қарағанда. Жүргізуші күтіп тұр. Апайды аяп кеттім. «Мен төлей саламын» деп айтуға бара жатқанымда алдында тұрған бiр бала жүргізушіге «мен төлеймін»-деді. 16-17 жасар бала. Риза болдым. Тәрбиесі, мейірімділігi. Айтпағым әрдайым бiр-бiрiмiзге көмектесейiк.

4 пікір

ulzhankzz
жарайсыздар!
Kan
жастардан жақсы қылық шығып жатса қуаныңыз, жақсылық елдің ертеңін жаңғыртады.
journalist001
Жарайсын, дурыс істеген, адам баласы қолынан келгенше жанындағы адамдарға әрқашан көмектесуге дайын болу керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.