Сезім - шіркін, ғаламат!

Ақ парақтағы ойлар /
Көп жағдайда адамдар менің жолым болмады немесе мен сондай бейшара адаммын деп өзін төмен санап түңіліп жатады. Мұның себебі де ойдағы жоспардың жүзеге аспауынан туындап отыратын жағдай, әрине. Бірақ сондай жағдайға душар болған сәтте, өз-өзіңді сабырға шақырып айналаңа бір сәт көз жүгіртіп өтші. Дүниенің кеңдігіне, табиғаттың қасиетіне, көзді жұмып самал желдің ескеніне қарайтын болсаңыз… Соның өзі бір ғанибет емес пе?
Бүгінгі уақытта арпалыспен жүріп маңайдағы тамаша көріністерді сезініп, біліп, ұғына бермейміз. Тек сынаққа берілген ғұмырдың күйінішіне еріп, сергелдеңге салына берсек, ұнжырғамыз түсіп жүре береді. Сондықтан өмірдің мәнділігіне алға қарай ұмтылып, мақсатқа жетуге тырысқанымыз жөн. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» деп халық даналығында айтылғандай ең болмағанда жасыл желек маңында отырып, өткен мен бүгінге ой жүгіртіп, жақсы сәттерді еске ала отырып, өмірді сүю қажет. Табиғат-Ананың қасиетін сезіне білгеніміз маржан. Сезім — деген сөздің мағынасына терең үңілетін болсаңыз кереметтігін адам баласы ұғынатынына мен сенемін. Сезім — шіркін, ғаламат!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.