Тар төсекте өткен ғұмыр

Ақ парақтағы ойлар /
Жараңның ауырғаны түк те емес,
Тарылып, тар төсекте жатқан шақта.
Жаныңның ауырғаны қиын екен.
Құр сенделіп жүресің арман бақта
.
Ей, мүгедек дегенде мұңаясың,
Алла бар деп ызамен жымиясың.
Қолыңды жайып дұғаңа үңілесің.
Үмітпенен батырып түн ұясын.

Таңның қайта атарын біліп тұрып,
Бір жүгіргің, келеді күліп тұрып.
Аяғыңның тұсауын көрген кезде,
Кіліттеп тағы қойғандай қара құлып.

Өкінбеймін, мүгедек дегендерге,
Жүректе толы болды қайғы шерге.
Баласын қоқыстарға лақтыратын.
Шын мүгедек аналар жүр ғой жерде.

Есірткіге елітіп, сайран сауық,
Қыз қырқынға тиісіп, уақыт тауып.
Шын мүгедек осылар білсеңіздер,
Ертеңгі ұрпағыма келер қауіп.

Өзге дінге ұйытып, жан жүрегін,
Өзге дінге арнаған бар жігерін.
Ене түгіл майыспас, барған жерге,
Шын мүгедек осылар, арсыз келін

Өзге ұлттан табатын жұбайларын,
Шет ел жақта өткізіп, бал айларын.
Елін сатқан мүгедек ұрпағымнан,
Ойланайық, бауырлар абайлағың

Адам көрсең, таңылған қол арбаға,
Тәубе ет, қасына кел, аяңдада.
Сенің сау боп жүргенің бақыт емес,
Шын бақыт, иман менен бір Аллада

3 пікір

talgatb
Әдемі жазылған өлең. Авторы кім?
Ai_fariza
Авторы мен әке танымай қалдыз ба қызыңызды
aselek7686
Тамаша жазылған өлең! Көрер көз, естір құлақ болып, жадына түйсе жастар…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.