Таңғажайып Үндістан.

Әлемге саяхат /
ХҮІ — ХҮІІІ ғғ. аралығы Үндістан үшін екі өркениеттің тоғысу кезеңі, яғни мұсылман өркениеті мен үндіс өркениетінің. «Неге осы кезең?» дейтін сұрақ туындайтын шығар. Өйткені осы кезеңде Үндістан халқы бір массаға бірікті. Халықтың арасында "өзге дінділер" дейтіндей көзқарас қалмады, барлығы бір мемлекетің бірлігі үшін еңбек етті. Ал осындай бейбітшілік орнаған уақытта әрине қайталанбас мәдени туындылар пайда болады. Соның ішіндегі әлемге әйгілі Тәж — Махал мавзолейі.



Әлемдік маңызы бар сәулет өнерінің үлгісі Жаһан Шахтың әйелінің құрметіне салдырған Тәж-Махал мавзолейі. Мәрмәрдің мүлтіксіз ақтығы және жанындағы екі қатар сауырағаштың болуы, тіпті ыстық күні салқын леп беріп тұрады. Жоғарыға ұмтылған мұнаралар және негізгі бөліктің үлкен платформада орналасуы және ғимараттың алдында субұрқақтар ғимаратқа ауада тұрғандай көрініс береді. Мавзолей қабырғалары жіңішке орнаменттермен өрнектеліп, бағалы тастармен көркемделген. Ашық аспан күні, бұлтты күні және толған айлы түнде мавзолей бірнеше кейіпке енеді. Тарихтан белгілі Жаһан Шах Тәж – Махалға қарама — қарсы дәл осындай қара мәрмәрдан өзіне мавзолей соқтырмақшы болған, алайда ол ойы іске аспай қалды.



Келесі қайталанбас сәлет өнерінің туындысы, кезінде раджпуттық княздіктердің орталығы болған Джайпур қаласында орналасқан «Жел сарайы». Оның қасбеті бірнеше балкон-эркерлерге бөлінген. Олар ауаның тікелей алмасуын қамтамасыз етіп отарады. Сондықтан қатты жел болғанда сарайда гуіл естіліп тұрады.



Өзімнен қосымша: Осы постты жазу туралы ой бүгін Үндістан жайлы курстық жұмыс жазып отырғанда келді. Мұндағы мәтін орыс тілінен аударылған, кебір сөздердің мағынасы ашылмай қалуы мүмкін. жалпы сіздерге қызықты мәлімет болар деп ойлаймын.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.