SAMSUNG Smart TV. Көреді, естиді, сезеді!

Әлемге саяхат /
Иә жиырма бірінші ғасыр жаңа технология заманы.Күн сайын жаңа технологиялар шығып, таң қалдыруда.Ал оның барлығы еріншектер үшін шығарылып жатқандай)Өйткені біз бұрын теледидардың арналарын қасына барып бұрап ауыстыратынбыз, одан соң жатып алып пултьпен ауыстыратын болдық, енді міне жаңа мүмкіндік ол дыбыспен басқарылатын теледидар шықты.Бұған таң қалмасқа амал бар ма?! Ол жаңа теледидарды дауыс арқылы басқаруға және қолдың қимылымен басқаруға болады екен.
Осыдан бірер күн бұрын Пари мына постында дыбыспен басқарылатын теледидарды армандап жазған болатын, ол арманы тез орындалып мінеки жаңа SAMSUNG Smart TV атты теледидар шықты.
Бұл таңғажайып теледидарды ойлап тапқан Кореяның САМСУНГ компаниясы.Жәнеде бұл теледидар ғаламторға қосылады!
Ендігі ол жайлы толық мағұлматты суреттер мен видеолардан біліңіздер:



Бұл теледидардың презентациясы:

12 пікір

Ақыры шықты-ау әйтеуір))
qyrmyzy
Қорқынышты пост! Ақпарат бар шығар, бірақ оқуға қорқам…
pari
ОО Кука мына жазбаң, жаңалығың тамаша болды.Ризамынннн:).Теек түсінбей тұрғаным, соңындағы екі видеоның соңғысы теледидарма әлдее телефон ба?ішінде гугл бар екеен, сонда теледидардың ішінде гугл бола ма???
Жәнеде бұл теледидар ғаламторға қосылады!

деп жазып кеткем)
Ais_97
Жақсы теледидар екен, дыбыспен басқарылады және ғаламторға қосылады депті.Ой онда сатып алғанымыз жақсы болар, пулттен жалығып кетесің! Рахмет жазбаңа!!!
MSHERIMBEK
SAMSUNG Кореянікі ғой:) Түзете сал:)
Аха, рахмет=)
dimash
Солтүстік Корея корпорациясынікі ғо, әйтпесе Корея бөлінгені қашан))
Керемет екен бірақ бұл тек бір адамның дауысын ғана танидыма, және вейнероликтен байқағаным қолымен де алыстан отырып басқарып отыр теледидарды коруден тыс уақытта әсер етемекен. Сондада жақсы шыққан теледидар екен ең ұнаған жері қолымен басқару мен браузерге кіргені
dimash
Бала кезімізде теледидардың пульті де жоқ еді, кнопкасы да жоқ болатын, тістеуікпен бұрайтыны болушы еді ғой, кейіннен 9 кнопкадан тұратыны шықты, кейіннен пульт… Ал енді, керемет екен! Бірақ бұны мен «осындай теледидар жасалуда» деген жаңалықты радиодан естігенім бар, сол кезде таң қалып қойғанмын)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.