Арнайы дәрігерлік-санитарлық бөлімдер #КазАтомПром

Әлемге саяхат /
Кіріспе ретінде жазып өтейін. Басталуы.
2012 жылдың 27 маусымынан бастап 1 шілдесі аралығында Алматылық және Астаналалық блогшылар қосылып КазАтомПромның ұйымдасьтырған блогтурда жүрдік. Блогтурдың мақсаты КазАтомПромның Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын аралап ғаламтор қауымдастығына ашық көрсету.

Сонымен, «Таукент гүлдері» балабақшасынан шығып Таукент ауылында «КазАтомПром» қаржылауымен салынған медико-санитарлық бөлімшені көруге шықтық. Айдаладағы ауылда осындай мекемелердің бар екенін білмеппін, көбінесе аудан орталықтарында ғана емес пе. Жолда Таукенттің мешітін көрдік.


Біз әдейі ерте шыққанымызға қарамастан күн ыси бастады, бірақ дәрігерлік-санитарлық бөлімге тез жеттік. «Таукент-Демеу» деген атауға ие болған осы дәрігерлік-санитарлық бөлім 2007-2011 жж. аралығында салынған. Мекемеде 105, өз ісін жетік меңгерген (сертификатталған), қызметкерлер қызмет етеді екен.


Келген қонақтарға арнайы «шапан» мен аяққап кигізеді екен — тазалық денсаулық кепілі дегендей. Иықтары кең шапанды кигенде суреттегі Чапаевқа ұқсайсың:
Суреттегілер: BNews порталының журналисі @SSeksembayeva мен блогшы @AigulNukenova

Дайынбыз! Кеттік!


Стационарлық түрде емдеу бөлмелері.
Дәрігерлік-санитарлық бөлімде амбулаториялық және стационарлық емдеу көрсетіледі, стационарлық түрде емделу үшін 40 төсек бар екен. Потолоктары биік, бөлмелер таза, іші жарық. Жазда салқын, ал қыста жылы екендігін айтты.


Медициналық бөлімшеде рентген бөлмесі, дәріхана, түрлі операциялар жасайтын бөлмелер толығымен қамтылған. Құдай сақтасын, бірақ алыста аяқасты бірдеңе бола қалса деген жағдайларды ескере отырып бөлімшеге реанимобиль сатып алынған, ол Алматы реанимобильдерінен кем соқпайдымыс.

Нәрестелердің жансақтау бөлмесіндегі апараттарды көрсетьіп тұрған санитарлық-медициналық бөлімше бас дірігері ҚАСЫМҚҰЛОВ Бижігіт ЖЕҢІСҰЛЫ.


Жансақтау бөлмесі; науқастарды бақылау орталығымен тікелей байланыста.

Жансақтау бөлмесінде жатқан науқастарды бақылайтын апарат.


Кейіннен бас дәрігермен және бөлімше қызметкерлерімен сұхбаттастық. Арыздары жоқ, барлығы керемет дейді :)




Блогтур бойы әр ауылдарда осындай медико-санитарлық бөлімшелердің үшеуін көрдік. Бірінен бірі асып түседі. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жанұяларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 18-ге дейінгі балаларға, жүкті әйедерге мемлекет пен КазАтомПром арасындағы бір келісімдерге сәйкес көмек тегін көрсетіледі екен.

Осымен балабақшалармен дәрігерлік-санитарлық бөлімдер туралы посттар тәмәм. Ендігі жазбаларда ҚазатомПромның негізгі қызметі жайында жазамын. Ураны бар зауыттар туралы.

8 пікір

qyrmyzy
Ешебер өз стилінде:) Әлі қаламдарыңды шашып жүрсің бе? Зауыт керек, зауыт. Қашанға дейін күтем. Сабырым сарғайып бітті:( Сосын қанша қазақ, қанша орыс тілді блогшылар барды?
Мына посттар тизер сиқты)
Орыс тілді блогшылар — 5;
Қазақша — 1;
Қазақша жазатын блогшылардан мен ғана болдым.
Қалғандары орысша, бірақ болашқта қазақша жазғысы келетіндерін айтып жүрді :)
qyrmyzy
тизерің тым ұзақ бокетті. Сосын 3 күн мықты қыдырға сияқтысыңдар ғой, тизеріңе қарағанда:))) Олар жиырма жыл бұрын қазақша сөйлегісі келетіндерін айтқан болатын ©
Шынымен блогтур өте ұзақ көрінді, өте көп объектілер араладық.
Біріншщі күні мысалы балбақша, мектеп, осы санчать, тағы екі зауыт, жұмысшылардың демалыс орындары — масқара!
qyrmyzy
сол ғо, 3 күндік блогтурды естімеппін.
qyrmyzy
Сосын басқа да жазбалар іліп тұр.
AKA
Жақсы дайындалыпты, бір палатада екі адам ғана жатса жаман емес. Таза, кең, жайлы көрінеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.